БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21338 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларында:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Инженерлік-геологиялық іздестірулер техникалық есебінің (қорытындысының) қолданылу мерзімі оларды бекіткен сәттен бастап және жобалау құжаттамасын әзірлеу басталғанға дейін:
бірегей объектілер – 6 (алты) айды;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс жобалары – 36 (отыз алты) айды құрайды.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |