"Аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 ақпанда № 31901 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарда:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру, оның ішінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімі (The European Quality Assurance Register) және (немесе) аккредиттеу органдарының екі және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелік.

      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу міндеттерін орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы (үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) пайдаланушыға аккредиттеу туралы қажетті ақпарат орналастырылған ақпараттық жүйенің (сайт) болуы; ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD дәрежесі бар кем дегенде 3 штаттық қызметкердің болуы; жыл сайын сапаны қамтамасыз ету саласында біліктілікті арттыру.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аккредиттеу органының ақпараттық жүйесінде (сайтында) және Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын және (немесе) білім бағдарламасын аккредиттеу туралы жарияланған ақпараттың (аккредитация туралы куәлік, сыртқы аудит бойынша есептер), оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде қабылданатын аккредиттеуді ауыстыру және мерзімін созу туралы шешімдердің (шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей), ұйым қызметінің негізгі нәтижелері бойынша жарияланған жыл сайынғы талдамалық ақпараттың болуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларында:

      2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-тізілім) – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;

      2) Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – 2-тізілім) – аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

      3) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі – 3-тізілім) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (мамандықтардың) тізбесі;

      4) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;

      5) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;

      6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;

      7) институционалдық аккредиттеу – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгіленген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;

      8) мамандандырылған аккредиттеу – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

      9) уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растау үшін уәкілетті органға тану үшін қағаз және/немесе электронды түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгендігін растайтын құжат немесе көрсетілген сайтқа сілтеме немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне (The European Quality Assurance Register) енген және (немесе) аккредиттеу органдарының екі және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелікке кірген аккредиттеу органы;

      4) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 3-тармағында көрсетілген материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;

      5) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат қамтылған аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі;

      6) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органын аккредиттеу стандарттары (регламенттері);

      7) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аккредиттеу органының тану мерзімін ұзарту үшін Аккредиттеу органы тану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады және осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде қаралады.

      Аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы не дәлелді жауап бере отырып, тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту уәкілетті органның бұйрығымен бес жыл мерзімге бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оларды еркін нысанда жою жөнінде ұсынымдар беріледі.

      Аккредиттеу органының ұсынымдарды орындау мерзімі оны алған күннен бастап екі айдан аспайды. Осы кезеңде аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылған кезде Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

      11-2. Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылмаған, ақпарат осы Қағидалардың 11-1-тармағында көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайларда Кеңес тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Аккредиттеу органы 1-тізілімнен мынадай жағдайларда шығарылады:

      1) аккредиттеу органы өз еркімен қызметін тоқтату туралы өтініш берген немесе аккредиттеу органы таратылған;

      2) аккредиттеу органын тану мерзімінің өткен;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімінен және (немесе) қауымдастығынан, оның ішінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімінен (The European Quality Assurance Register) және (немесе) аккредиттеу органдарының екі және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелігінен шығарылған;

      4) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 6, 7-тармақтары және Кеңес шешімдері орындалмаған;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өткен кезеңдегі аккредиттеу органының қызметі туралы жыл сайынғы есепте білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі немесе бұрмаланғандығы анықталған;

      6) білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің тиімді жұмыс істемеуі немесе болмау фактісі анықталған, екі немесе одан да көп білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды тоқтата тұру және одан айыру туралы шешім қабылданған;

      7) аккредиттелген білім беру ұйымымен үлестестік фактісі анықталған жағдайларда.";

      1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім
министрлігіне (білім беру
саласындағы уәкілетті орган)
___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________
(мекен жайы, БСН)

Өтініш

      _________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

      аккредиттеу органы ретінде тануды (растауды) және жоғары және жоғары оқу орнынан

      кейінгі білім беру саласында аккредиттеу органдарының 1-Тізіліміне енгізуді

      сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекен-жайы __________________________________

      Электрондық поштасы _______________________________________

      Телефондары _______________________________________________

      Факс ______________________________________________________

      Басшы _____________________________________________________
(Қолтаңба) (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      "____" _____________ 20__ж.

      (Толтырған мерзімі)

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы __________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында аккредиттеу органдарының тізілімі (1-Тізілім)

Аккредиттеу органының атауы

Аккредиттеу органының деректемелері мен байланыстары

Аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың берілген күні мен нөмірі

Аккредиттеу органын танудың қолданыс мерзімі

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болуы, кіру мерзімінің басталуы / ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімінен және (немесе) қауымдастығына енгізілуі туралы ақпарат







  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы __________
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (2-Тізілім)

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы

Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының деректемелері

Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі





  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы __________
№ ___ бұйрығына
4-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-Тізілім)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы, деректемелері

Білім беру бағдарламасының атауы

Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі





  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы __________
№ ___ бұйрығына
5-қосымша

  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
5-қосымша

*___________________________________________
(ұйымның атауы)
_______________ кезеңдегі қызметі туралы есебі

      1) Аккредиттеу органының толық атауы, орналасқан жері, заңды мекен жайы, құрылымы, қызметкерлер штаты;

      2) Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, білім беру бағдарламаларының атаулары, аккредиттеудің өткізілу мерзімі, аккредиттеу стандарттарына (регламенттерге) сәйкестігі, ұсынымдар;

      3) Аккредиттеу органының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына немесе олардың білім беру бағдарламаларына сырттай аудит жүргізілгендігі туралы есеп берілген интернет-ресурстарға сілтемелер.

      4) Аккредиттеу органының Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптарды орындауын талдау үшін мәліметтер.

      * Есеп аккредиттеу органымен жыл сайын уәкілетті органға жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсынылады және Кеңес отырысында тыңдалады.

      Уәкілетті орган бес жылда бір рет аккредиттеу органы қызметінің нәтижелеріне сырттай бағалау жүргізеді.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2016 года № 629 "Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационному органу и правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 февраля 2023 года № 49. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 февраля 2023 года № 31901

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2016 года № 629 "Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационному органу и правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14438) следующие изменения и дополнения:

      заголовок указанного приказа изложить в новой редакции:

      "Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационному органу в сфере высшего и послевузовского образования и правил признания аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования, в том числе зарубежных";

      пункт 1 приказа изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить:

      1) требования, предъявляемые к аккредитационному органу в сфере высшего и послевузовского образования согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) правила признания аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования, в том числе зарубежных согласно приложению 2 к настоящему приказу.";

      в приложении 1 к указанному приказу:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Требования, предъявляемые к аккредитационному органу в сфере высшего и послевузовского образования";

      в приложении 2 к указанному приказу:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила признания аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования, в том числе зарубежных";

      в Требованиях, предъявляемых к аккредитационному органу в сфере высшего и послевузовского образования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. Входить в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств – членов Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), в том числе в Европейский реестр обеспечения качества в высшем образовании (The European Quality Assurance Register), и (или) полное членство в двух и более ассоциациях (сетях) аккредитационных органов.

      3. Обладать ресурсами, необходимыми для исполнения обязательств по аккредитации организаций в сфере высшего и послевузовского образования, образовательных программ (наличие информационной системы (сайта), где представлена необходимая информация по аккредитации для пользователей на трех языках (казахский, русский и английский); не менее 3 штатных работников на полную ставку, имеющих ученую степень доктора наук, кандидата наук и (или) степень доктора PhD; ежегодное повышение квалификации в области обеспечения качества).";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Иметь в информационной системе (сайте) аккредитационного органа и в Единой информационной системе образования опубликованную информацию (свидетельство об аккредитации, отчеты о внешнем аудите) об аккредитации организации в сфере высшего и послевузовского образования и (или) образовательной программы, в том числе решения о переносе и продлении сроков аккредитации принимаемые в период чрезвычайного положения природного, техногенного характера, ограничительных мероприятий, в том числе карантина на территории Республики Казахстан (не позднее тридцати рабочих дней со дня принятия решения), опубликованную ежегодную аналитическую информацию по основным результатам деятельности организации.";

      в Правилах признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных, утвержденных указанным приказом:

      главу 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок признания аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования, в том числе зарубежных";

      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Реестр признанных аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования (далее – Реестр 1) – сформированный уполномоченным органом в области образования перечень национальных и зарубежных аккредитационных органов, включенных в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР;

      2) Реестр аккредитованных организаций высшего и послевузовского образования (далее – Реестр 2) – перечень аккредитованных организаций высшего и послевузовского образования;

      3) Реестр аккредитованных образовательных программ организаций высшего и послевузовского образования (далее – Реестр 3) – перечень аккредитованных образовательных программ (специальность) организаций высшего и послевузовского образования;

      4) аккредитационный орган – юридическое лицо, которое проводит институциональную и (или) специализированную аккредитации организаций высшего и послевузовского образования на основе разработанных им стандартов (регламентов);

      5) стандарты (регламенты) аккредитации – документы аккредитационного органа, устанавливающие требования к процедуре аккредитации;

      6) аккредитация организаций высшего и послевузовского образования – процедура признания аккредитационным органом соответствия образовательных услуг установленным стандартам (регламентам) аккредитации с целью предоставления объективной информации об их качестве и подтверждения наличия эффективных механизмов его повышения;

      7) институциональная аккредитация – процесс оценивания качества организации высшего и послевузовского образования аккредитационным органом на соответствие заявленному статусу и установленным стандартам аккредитационного органа;

      8) специализированная аккредитация – оценка качества отдельных образовательных программ, реализуемых организацией высшего и послевузовского образования;

      9) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области высшего и послевузовского образования.

      3. Аккредитационный орган в сфере высшего и послевузовского образования, в том числе зарубежный, в подтверждение его соответствия требованиям, предъявляемым к аккредитационному органу, утвержденным в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона, представляет для признания в уполномоченный орган следующие документы в бумажной и/или электронной формах:

      1) заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      2) нотариально заверенные копии учредительных документов. При представлении документов на иностранных языках требуется их нотариально заверенный перевод на казахский или русский языки;

      3) документ, подтверждающий включение аккредитационного органа в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР, или ссылка на сайт, на котором представлен аккредитационный орган, включенный в Европейский реестр по обеспечению качества в высшем образовании (The European Quality Assurance Register), и (или) полное членство в двух и более ассоциациях (сетях) аккредитационных органов;

      4) документы, подтверждающие наличие имеющихся ресурсов, указанных в пункте 3 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона;

      5) список экспертов, привлекаемых к процедуре аккредитации с содержанием информации о степени кандидата наук или доктора наук, доктора PhD или доктора по профилю, опыта работы в сфере институциональной и специализированной аккредитации либо по профилю подготовки специалистов аккредитуемой организации образования;

      6) стандарты (регламенты) аккредитации аккредитационного органа, устанавливающие требования к процедуре аккредитации;

      7) программа развития и (или) стратегия аккредитационного органа.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Для продления срока признания аккредитационным органом за шестьдесят календарных дней до истечения срока признания в уполномоченный орган предоставляются документы, предусмотренные пунктом 3 настоящих Правил, и рассматриваются в сроки, установленные пунктом 8 настоящих Правил.

      По результатам рассмотрения документов для продления сроков признания аккредитационного органа Совет принимает решение о продлении срока признания аккредитационного органа либо об отказе в продлении срока признания с предоставлением мотивированного ответа.

      Продление срока признания аккредитационного органа утверждается приказом уполномоченного органа сроком на пять лет.";

      дополнить пунктами 11-1 и 11-2 следующего содержания:

      "11-1. При выявлении несоответствия пунктам 1, 2, 3, 4, 5, 6 и 7 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона, выдаются рекомендации по их устранению в произвольной форме.

      Срок исполнения рекомендаций аккредитационным органом составляет не более двух месяцев со дня его получения. На этот период приостанавливается срок рассмотрения заявления для продления сроков признания аккредитационного органа.

      При полном устранении несоответствия требованиям, указанным в рекомендациях, Совет принимает решение о продлении срока признания аккредитационного органа.

      11-2. В случаях неполного устранения несоответствия требованиям, указанным в рекомендациях, предоставления информации позже срока, указанного в пункте 11-1 настоящих Правил, Совет принимает решение об отказе в продлении срока признания.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Аккредитационный орган исключается из Реестра 1 в случаях:

      1) представления заявления о добровольном прекращении деятельности или ликвидации аккредитационного органа;

      2) истечения срока признания аккредитационного органа;

      3) исключения аккредитационного органа из реестров и (или) ассоциации аккредитационных органов ОЭСР, в том числе Европейского реестра обеспечения качества в высшем образовании (The European Quality Assurance Register), и (или) полного членства ассоциаций (сетей) аккредитационных органов;

      4) невыполнения пунктов 6, 7 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона, и решений Совета;

      5) обнаружения недостоверных или искаженных данных, представленных в уполномоченный орган по результатам аккредитации организаций образования и образовательных программ, в ежегодном отчете о деятельности аккредитационного органа за прошедший период согласно приложению 5 к настоящим Правилам;

      6) выявления факта отсутствия или неэффективного функционирования в организации образования системы внутреннего обеспечения качества, приостановления и (или) лишения лицензии на ведение образовательной деятельности и (или) приложений к лицензии в двух и более организациях образования, аккредитованных аккредитационным органом;

      7) установления фактов аффилированности аккредитационного агентства с аккредитованной организацией образования.";

      приложения 1, 2, 3, 4 и 5 изложить в новой редакции согласно приложениям 1, 2, 3, 4 и 5 к настоящему приказу.

      2. Комитету по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки и
высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

  Приложение 1 к приказу
Министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от 13 февраля 2023 года № 49
  Приложение 1
к Правилам признания
аккредитационных органов в
сфере высшего и
послевузовского образования, в
том числе зарубежных
  Форма

                                                      в Министерство науки и
                                                      высшего образования
                                                      Республики Казахстан
                                                      (Уполномоченный орган
                                                      в сфере образования)
                                                      от _______________________
                                                      (полное наименование
                                                      заявителя)
                                                      __________________________
                                                      (местонахождение, БИН)

Заявление

      Прошу признать (подтвердить) в качестве аккредитационного органа
      ______________________________________________________________
                        (наименование юридического лица)
      и внести в Реестр 1 аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского
      образования.
      Адрес юридического лица _______________________________________
      Электронная почта _____________________________________________
      Телефоны _____________________________________________________
      Факс _________________________________________________________
      Руководитель __________________________________________________
                  (Подпись) (Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии))
      "____" _____________ 20__г.
      (Дата заполнения)

  Приложение 2 к приказу
Министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от "__" ____ 2022 года № _____
  Приложение 2
к Правилам признания
аккредитационных органов в
сфере высшего и
послевузовского образования, в
том числе зарубежных
  Форма

Реестр аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования (Реестр 1)

Наименование аккредитационного органа

Реквизиты и контакты аккредитационного органа

Дата и номер приказа о признании аккредитационного органа

Срок действия признания аккредитационного органа

Полноправное членство в международных европейских сетях по обеспечению качества образования, с указанием начала срока вхождения /данные о включении в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР







 
  Приложение 3 к приказу
Министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от "__" _______ 2022 года № __
  Приложение 3
к Правилам признания
аккредитационных органов в
сфере высшего и
послевузовского образования, в
том числе зарубежных
  Форма

Реестр аккредитованных организаций высшего и послевузовского образования (Реестр 2)

Организация высшего и послевузовского образования

Реквизиты аккредитованной организации высшего и послевузовского образования

Сроки действия аккредитации





 
  Приложение 4 к приказу
Министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от "__" ______ 2022 года № ___
  Приложение 4
к Правилам признания
аккредитационных органов в
сфере высшего и
послевузовского образования, в
том числе зарубежных
  Форма

Реестр аккредитованных образовательных программ организаций высшего и послевузовского образования (Реестр 3)

Наименование организации высшего и послевузовского образования, реквизиты

Наименование образовательной программы

Сроки действия аккредитации





 
  Приложение 5 к приказу
Министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от "__" ______ 2022 года № ___
  Приложение 5
к Правилам признания
аккредитационных органов в
сфере высшего и
послевузовского образования, в
том числе зарубежных

      *Отчет о деятельности за период ________________________
_____________________________________________________
(наименование аккредитационного органа)

      1) Полное наименование аккредитационного органа, местонахождение, юридический адрес, структура и штат сотрудников.

      2) Наименование аккредитованной организации высшего и послевузовского образования, аккредитованных образовательных программ, сроки проведения аккредитации, соответствие стандартам (регламентам) аккредитации, рекомендации.

      3) Ссылки на интернет-ресурс аккредитационного органа, где представлены отчеты о внешнем аудите организаций высшего и послевузовского образования или их образовательных программ.

      4) Сведения для анализа выполнения аккредитационным органом Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона

      * Отчет ежегодно представляется аккредитационным органом в срок до 15 июля года, следующего за отчетным, в уполномоченный орган и заслушивается на заседании Совета.

      Уполномоченный орган один раз в пять лет проводит внешнюю оценку результатов деятельности аккредитационного органа.