Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 ақпанда № 31933 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
Т. Султангазиев

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 24 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11644 болып тіркелген);

      2. "Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18659 болып тіркелген);

      3. "Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21679 болып тіркелген);

      4. "Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-329/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21940 болып тіркелген);

      5. "Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15167 болып тіркелген);

      6. "Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 және "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № ҚР ДСМ-26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17684 болып тіркелген).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 февраля 2023 года № 24. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 февраля 2023 года № 31933

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан по перечню согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту науки и человеческих ресурсов Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
Т. Султангазиев

  Приложение к приказу
И.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 16 февраля 2023 года № 24

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан

      1. Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 423 "Об утверждении нормативов оснащения симуляционных кабинетов (центров) организаций образования в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11644);

      2. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 мая 2019 года № ҚР ДСМ-72 "О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 423 "Об утверждении нормативов оснащения доклинических симуляционных кабинетов медицинских колледжей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18659);

      3. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-205/2020 "Об утверждении минимальных нормативов обеспеченности регионов медицинскими работниками" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21679);

      4. Приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-329/2020 "О размещении государственного образовательного заказа на подготовку и повышение квалификации кадров в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21940);

      5. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 апреля 2017 года № 165 "Об утверждении Типовых программ повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15167);

      6. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 октября 2018 года № ҚР ДСМ-26 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 апреля 2017 года № 165 "Об утверждении Типовых программ повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров" и в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 647 "Об утверждении государственных общеобязательных стандартов и типовых профессиональных учебных программ по медицинским и фармацевтическим специальностям" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15167).