БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 450 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда:
14 және 320-тармақтар алып тасталсын;
321-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"321. Лауазымды тұлғалардың аварияларды жою жоспарын (бұдан әрі – АЖЖ) зерделеуі өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жүргізіледі.
АЖЖ өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жасалады, осы өндірістік объектіге қызмет көрсететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысымен келісіледі және ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
АЖЖ жедел бөлімді, аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлуді және оның әрекет ету тәртібін, сондай-ақ авариялар туралы дереу хабарланатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімін қамтиды.
АЖЖ-да мыналар көзделеді:
1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;
2) өндірістік объектіге аварияға түскен адамдарды қауіпті әсер ету аймағынан шығару жолдары;
3) аварияларды жою және олардың өршуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар;
4) авариялар туындаған кездегі мамандар мен жұмысшылардың іс-әрекеттері;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің және өндірістік объект персоналының авариялар туындауының бастапқы сатысындағы іс-қимылдары.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі