"Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 450 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 31950 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 450 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда:

      14 және 320-тармақтар алып тасталсын;

      321-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "321. Лауазымды тұлғалардың аварияларды жою жоспарын (бұдан әрі – АЖЖ) зерделеуі өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жүргізіледі.

      АЖЖ өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жасалады, осы өндірістік объектіге қызмет көрсететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысымен келісіледі және ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

      АЖЖ жедел бөлімді, аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлуді және оның әрекет ету тәртібін, сондай-ақ авариялар туралы дереу хабарланатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімін қамтиды.

      АЖЖ-да мыналар көзделеді:

      1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;

      2) өндірістік объектіге аварияға түскен адамдарды қауіпті әсер ету аймағынан шығару жолдары;

      3) аварияларды жою және олардың өршуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар;

      4) авариялар туындаған кездегі мамандар мен жұмысшылардың іс-әрекеттері;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің және өндірістік объект персоналының авариялар туындауының бастапқы сатысындағы іс-қимылдары.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады