БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі – Академия) оқуға қабылдау қағидаларында:
5) тармақша алынып тасталсын;
12) тармақша алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өтініштер құжаттармен бірге қолма-қол берілген кезде көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде:
осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған жоғары білім туралы құжатты (құжатқа қосымшамен бірге) және оның көшірмесін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, содан кейін түпнұсқасын қайтарады;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін қайтарады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – бас тарту туралы қолхат) береді;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат (бұдан әрі – қабылдау туралы қолхат) береді.
Портал арқылы құжаттармен өтініштер түскен кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Әрі қарай, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде:
осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды өңдейді және толықтығын тексереді;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған және/немесе құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде құжаттарды талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлайды;
хабарламада көрсетілген сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзім өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді;
көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және олар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді.
Электрондық түрде ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары магистратураға құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін салыстырып тексеру үшін ұсынылуы керек.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға оның Бірыңғай байланыс орталығына және (немесе) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезінде ұсынылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Түсу емтихандарын өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.
Емтихан комиссиясы бес адамнан тұрады, оның құрамына Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, адвокат немесе заң консультанты, сондай-ақ Академия оқытушысы кіреді.
Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісіле отырып, Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Магистратураға оқуға түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тапсырады.";
18-тармақ алынып тасталсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының базасында өткізілетін кешенді тестілеу;";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) Өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжат;
4) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға – Жолдама;
5) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен түсуші тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжат;
6) 3х4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосурет (екі дана);
7) № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтама.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық Өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);
3) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға – Жолдаманың электрондық көшірмесі;
4) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың электрондық көшірмесі;
өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен түсуші тұлғаларға – еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) 3х4 см көлемдегі JPEG нысанындағы түрлі-түсті фотосурет;
6) № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.".
5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы |
А. МЕРГАЛИЕВ |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары бiлiм министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________________________ тұратын
(тұрақты тұратын мекенжайды көрсету)
______________________________________________________________________
Төлқұжат деректері немесе жеке куәліктің мәліметтері _______________________
Өтініш "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша 1 жыл оқу мерзіміндегі
(күндізгі оқу нысаны бойынша) магистратураға оқуға түсу үшін түсу емтихандарына
жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1. Жұмыс орны_____________________________________________________
2. Лауазымы_______________________________________________________
3. Жалпы жұмыс өтілі __________, оның ішінде заң мамандығы бойынша өтілі
____________________________
4. Телефон нөмірлері: қызметтік __________________________________ үй
___________________; ұялы__________________ байланыс ________________
5. Электрондық мекен-жайы: жеке ___________ ұжымдық ________________
6. Мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру тілі:
қазақ немесе орыс тілі (қажеттісінің астын сызу керек)
Кез келген мен ұсынған мәліметтер, бұрмалаушылықтар мен дәлсіздіктер түсу
емтихандарына жіберуден бас тарту немесе Академияның оқыту процесінен шығарып
тастауға негіз болуы мүмкін екендігі жөнінде хабардармын.
Академияға қабылдау Қағидаларының талаптарымен таныстым және оларды сақтауға
міндеттенемін.
" " _________ 20__ж. __________________ қолы"
Құжаттарды қабылдау жөніндегі қолхат
1. өтініш;
2. жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) көшірмесі;
3. басшы қол қойған жұмыс орнынан жолдама;
4. жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама
(мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға) / Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжат
(өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен түсуші тұлғаларға);
5. 3х4 см көлемдегі түрлі-түсті екі фотосурет;
6. 075/У нысандағы медициналық анықтама.
Құжаттарды тапсырдым__________ Құжаттарды қабылдадым ___________
20___ жылғы "___" ________ 20____ жылғы "___" ________"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы 2023 жылғы 21 ақпандағы № 18 Бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау Қағидаларына 6-қосымша |
Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі
Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар | Бағалаудың 5 балдық шәкілі бойынша балдар |
90 – 100 | Өте жақсы (5) |
75 – 89 | Жақсы (4) |
60 – 74 | Қанағаттанарлық (3) |
0 – 59 | Қанағаттанарлықсыз (2) |