БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 5-тармағына, "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық) 8-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi, сондай-ақ әуе қозғалысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы жүзеге асыратын, одан тыс жерлердегi әуе кемелерiнiң (бұдан әрі – ӘК) экипаждары мен әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының диспетчерлерi арасында радиоалмасу жүргiзу тәртiбiн және үлгiлiк фразеологиясын айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы бұйрықтың 1-қосымшасында көрсетілген радиоалмасу кезінде авиациялық терминологияның бір бөлігі болып табылатын кейбір шектеулерді қолдануға жол беріледі, олар әріптерді хабарлауға арналған алфавитті қолданбай, яғни сөздерді тікелей оқу арқылы айтылады.";
2. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
9, 10 және 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алу үшін өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
10. Уәкілетті ұйым құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
10-1. Өтініш беруші негізгі талаптардың тізбесінде 8-тамақпен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Уәкілетті ұйым нұсқамалық материалды пайдалана отырып аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарға сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп - қарауды жүргізеді.
Бұл ретте, уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес қамтамасыз етеді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының мемлекеттік қызмет берушіге және операторына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Сертификатты беруден бас тарту үшін негіздер негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлеріне (кіші түрлеріне) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.
Бұл ретте, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші қосымша сертификаттау үшін Салық кодексінің 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасында белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға алым мөлшерлемесінен 10% мөлшерінде алым төлейді.
Сертификаттау жүргізу және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге сертификат беру тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалады.";
32-тармақ алып тасталсын;
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттық талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналарды:
1) Өнім берушіде мыналар:
Өнім берушінің Жаһандық аэронавигациялық жоспармен (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының құжаты, ГАНП, Құжат 9750) көзделген іс-шараларды іске асыруды көрсететін даму кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген жоспары болуы;
әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген әуе қозғалысына қызмет көрсетуді бұзуға байланысты күтпеген мән-жайлар кезіндегі іс-шаралар жоспарының болуы және (немесе) байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсыну, және (немесе) ұшуды метеорологиялық және (немесе) іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты ұсынуда;
бекітілген филалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың болуы;
"Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурызда № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6855 болып тіркелген) сәйкес жасалған (Өнім берушіні бастапқы сертификаттағанда) не қызмет ететін (Өнім берушіні қайта сертификаттағанда) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (меншікті немесе шарт негізіндегі ұқсас қызмет түрін көрсететін басқа Өнім берушінің ұшудың қауіпсіздігін басқару жүйесінің бақылауында) болуы;
дайындалған персоналдың бар болуы және оның дайындығы "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 764 бұйрық) негізінде әзірленген аэронавигациялық қызмет көрсетушінің нақты түрі үшін жұмылдырылған персоналды кәсіби даярлаудың бекітілген бағдарламаларына сәйкестігі.
азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерімен Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында көзделген өзара іс-қимыл жасау (үйлестіру) жөніндегі келісілген нұсқаулықтардың болуы;
2) өнім берушінің Өнім берушінің сертификатын алуға өтінішке қоса берілетін құжаттама талаптарын Өнім берушіні сертификаттау және оған сертификат беру тәртібіне сәйкес сақтауын.".
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | |||||||||||||||||||||||||||||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы | |||||||||||||||||||||||||||
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы | |||||||||||||||||||||||||||
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 15 жұмыс күні | |||||||||||||||||||||||||||
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) | |||||||||||||||||||||||||||
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты немесе осы негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. | |||||||||||||||||||||||||||
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алу тәсілдері |
Ақылы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабы 7-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру үшін:
| |||||||||||||||||||||||||||
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-ден 17:30-ға дейін. | |||||||||||||||||||||||||||
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш. | |||||||||||||||||||||||||||
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; | |||||||||||||||||||||||||||
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өтініш беруші ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |