БҰЙЫРАМЫН:
1. "Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 2 наурыздағы № 65 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығымен бекітілген |
Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері
1. Спорттық жылқылардың күн сайынғы рационы | |||
№ | Рацион атауы | Өлшем бірлігі | Бір күнде |
1 | Сұлы | кг | 6,0 |
2 | Арпа | кг | 3,5 |
3 | Бидай | кг | 2,0 |
4 | Кебек | кг | 2,5 |
5 | Пішен (жоңышқа, еркекшөп) | кг | 15 |
6 | Тұз | кг | 0,05 |
7 | Бор | кг | 0,10 |
8 | Зығыр | кг | 0,10 |
9 | Жүгері | кг | 1,0 |
10 | Сәбіз | кг | 1,5 |
11 | Алма | кг | 1,5 |
12 | Бал | кг | 0,2 |
13 | Қант | кг | 0,2 |
14 | Жұмыртқа | дана | 4 |
15 | Сабан | кг | 5,0 |
2. Саят құстарының рационы | |||
1 | Ет | кг | 0,7 |