Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда № 9992 тіркелді.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

      3) ресми жарияланған кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген

Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері

      Ескерту. Нормативтері жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Спорттық жылқылардың күн сайынғы рационы


р/с

Рацион атауы

Өлшем бірлігі

Бір күнде

1

Сұлы

кг

6,0

2

Арпа

кг

3,5

3

Бидай

кг

2,0

4

Кебек

кг

2,5

5

Пішен (жоңышқа, еркекшөп)

кг

15

6

Тұз

кг

0,05

7

Бор

кг

0,10

8

Зығыр

кг

0,10

9

Жүгері

кг

1,0

10

Сәбіз

кг

1,5

11

Алма

кг

1,5

12

Бал

кг

0,2

13

Қант

кг

0,2

14

Жұмыртқа

дана

4

15

Сабан

кг

5,0

2. Саят құстарының рационы

1

Ет

кг

0,7

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады