"Инвестицияларды салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32096 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестицияларды салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22396 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы инвестициялық салық кредитін үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік кіріс органы өтініш берушіден алынған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық салық кредиті туралы үлгілік келісімде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы

      __________________

      (саны, айы, жылы)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласы

      ________________

      (күні, айы, жылы)";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Келісімге Қазақстан Республикасының Астана қаласында __ _____ __ күні Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.";

      Инвестициялық салық кредиті туралы үлгілік келісімге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 11-1-4/106 бұйрығына
қосымша
  Инвестициялық салық кредиті
туралы үлгілік келісімге
қосымша

Салық төлеуші

Мемлекеттік кірістер органы

Уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

Уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

Мөр (бар болған жағдайда)

Мөр

Төлем кестесі

      ________ бастап ________ дейінгі кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша жинақталған кредиттің жалпы сомасы ____________ теңгені құрайды (жазбаша).

      ________ бастап ________ дейінгі мүлік салығы бойынша жинақталған кредиттің жалпы сомасы ____________ теңгені құрайды (жазбаша).

      Корпоративтік табыс салығы бойынша инвестициялық салық кредитін төлеудің соңғы мерзімі: "__"________20__ ж.

      Мүлік салығы бойынша инвестициялық салық кредитін төлеудің соңғы мерзімі: "__"________________ 20__ж.

Төлем күні

КБК

Берешек сомасы

Өтеуге қалдық

1

2

3

4





















      Өтініш беруші: қолы және мөрі (бар болған жағдайда)

      Мемлекеттік кірістер органы (жазу керек): қолы және мөрі

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 марта 2021 года № 11-1-4/106 "Об утверждении Правил заключения соглашения об инвестиционном налоговом кредите для получения инвестиционного налогового кредита"

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 13 марта 2023 года № 11-1-4/106. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 марта 2023 года № 32096

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 марта 2021 года № 11-1-4/106 "Об утверждении Правил заключения соглашения об инвестиционном налоговом кредите для получения инвестиционного налогового кредита" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22396) следующие изменения:

      в Правилах заключения соглашения об инвестиционном налоговом кредите для получения инвестиционного налогового кредита (далее – Правила), утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила заключения соглашения об инвестиционном налоговом кредите для получения инвестиционного налогового кредита (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 50 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)".";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Орган государственных доходов рассматривает полученные документы заявителя в течение 5 (пяти) рабочих дней.

      В случае обращения заявителя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан, прием заявления осуществляется следующим рабочим днем.";

      в Типовом соглашении об инвестиционном налоговом кредите согласно приложению к указанным Правилам:

      строку

      "город Нур-Султан

      _________________

      (число, месяц, год)" изложить в следующей редакции:

      "город Астана

      ________________

      (число, месяц, год)";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Соглашение подписано __ _________ ____ года в городе Астана, Республика Казахстан, уполномоченными представителями Сторон.";

      приложение к Типовому соглашению об инвестиционном налоговом кредите изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений о выполнении мероприятий, предусмотренных в подпунктах 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр иностранных дел
Республики Казахстан
М. Тілеуберді

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу/
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 13 марта 2023 года № 11-1-4/106

  Приложение
к Типовому соглашению
об инвестиционном
налоговом кредите

Налогоплательщик

Орган государственных доходов

Фамилия, имя, отчество (при наличии) и подпись уполномоченного должностного лица

Фамилия, имя, отчество (при наличии) и подпись уполномоченного должностного лица

Печать (при ее наличии)

Печать

График платежей

      Общая сумма накопленного кредита по корпоративному подоходном налогу за период с_____ по ______ составляет ____________ (прописью) тенге.

      Общая сумма накопленного кредита по налогу на имущество за период с __ по___ составляет (прописью) тенге.

      Окончательный срок оплаты инвестиционного налогового кредита по корпоративному подоходному налогу: "___"_______________20__ г.

      Окончательный срок оплаты инвестиционного налогового кредита по налогу на имущество: "___"________________ 20__г.

Дата платежа

КБК

Сумма задолженности

Остаток к погашению

1

2

3

4





















      Заявитель: подпись и печать (при наличии)

      Орган государственных доходов (следует прописать): подпись и печать