БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) МЖӘ объектілері – МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдық, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, МЖӘ шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Объектілерді мемлекет меншігіне:
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган – республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты;
облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары – коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты қабылдайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібі";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жекеше әріптес МЖӘ шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімі басталған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына объектіні мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Егер МЖӘ шартында өзгеше белгіленбесе, МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімінің басталған кезі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту күні болып табылады.
Жекеше әріптес МЖӘ объектілерін мемлекеттік меншікке беру үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына өтінішпен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.
Жекеше әріптес МЖӘ объектісін мемлекеттік әріптеске тиісті техникалық жағдайда беруді қамтамасыз етеді.
10. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жекеше әріптестің жолданымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жекеше әріптестің республикалық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін МЖӘ шартына сәйкес беруге дайындығы және МЖӘ-нің осы объектісін республикалық меншікке қабылдау мүмкіндігін қарау туралы жолданымы жөнінде хабарлайды.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жекеше әріптестің коммуналдық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін МЖӘ шартына сәйкес беруге дайындығы туралы жолданымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде МЖӘ-нің осы объектісін коммуналдық меншікке қабылдау мүмкіндігін қарайды.";
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган хабарлама алғаннан кейін он күндік мерзімде республикалық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін республикалық меншікке қабылдау және оны республикалық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жолданым алғаннан кейін он күндік мерзімде коммуналдық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін коммуналдық меншікке қабылдау және оны коммуналдық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін жекеше әріптес пен мемлекеттік меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісі бекітіліп берілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін қабылдау-тапсыру актісін ресімдейді.
14. Қабылдау-тапсыру актісі оған қол қоюға қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан қазақ және орыс тілдерінде үш данада бекітіледі.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қорытынды ережелер".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі