ЗҚАИ-ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды аудару қағидаларын және аударымдар нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 447 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18928 болып тіркелген);
2) "Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды аудару қағидалары мен нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 447 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22709 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-76) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер-физикалық төлем және Уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін заңды тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін заңды тұлғалардың міндетті аударымдары;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган-Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі-уәкілетті орган);
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласының орнықты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам (бұдан әрі-Уәкілетті ұйым);
4) көрсетілетін қызметтер - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтер тізбесіне сәйкес уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер;
5) өтінім - көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін өтініш берушінің уәкілетті ұйымға жүгінуі (бұдан әрі - өтінім);
6) өтініш беруші - уәкілетті ұйымның қызметтерін алатын жеке немесе заңды тұлға;
7) тұрақты қадағалау - халыққа қауіпсіз авиациялық қызметтер көрсету мақсатында сертификаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалау түрі.
3. Уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы төлемдерді осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен алады. Азаматтық авиация саласындағы төлемдер:
1) қызметтер үшін төлемақы;
2) уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін заңды тұлғалардың міндетті аударымдары (бұдан әрі – міндетті аударымдар) болып бөлінеді.
4. Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
2. Көрсетілген қызметтер үшін ақы алу тәртібі
5. Жеке және заңды тұлғалар "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-77) тармақшасына белгіленген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелеріне сәйкес (бұдан әрі - Тізбе және мөлшерлемелер) айқындалатын уәкілетті ұйымның көрсетілетін қызметтеріне төлемді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметтерге төлемақы мөлшері Тізбеге және мөлшерлемелерге сәйкес айқындалады.
6. Уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін төлем мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, уәкілетті ұйымға қызметке ақы төлеуге өтінімді уәкілетті ұйымның ресми интернет-ресурсы арқылы пошта жөнелтілімімен немесе осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол беру;
2) Уәкілетті ұйым келіп түскен өтінім негізінде бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге төлемді жүзеге асыру үшін төлем шотын жібереді;
3) өтініш беруші шот берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның шотына төлем жүргізеді.
Уәкілетті ұйымның көрсетілетін қызметтері үшін төлем екінші деңгейдегі банктегі уәкілетті ұйымның ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны/қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Егер төлем осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзімде түспесе, өтінім жарамсыз болады. Қажет болған жағдайда жеке және заңды тұлғалар осы тармаққа сәйкес қайта өтінім береді.
7. Қызмет көрсету уәкілетті ұйымның шотына қызмет үшін тиісті төлем жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі. Тиісті қызметті алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген қызмет үшін төлемді растайтын құжаттың көшірмесін (қағаз жеткізгіште немесе құжаттың электрондық көшірмесін pdf форматында) береді. Қызмет үшін төлемді растайтын құжат өтініш беруші қызметті алу үшін уәкілетті ұйымға беретін құжаттар топтамасымен бірге енгізіледі. Өтініш берушілердің құжаттарды беруін және қызметтер көрсетуін уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамада көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым мен өтініш беруші арасында "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 562 бұйрық) сәйкес белгіленген Р-1-нысаны бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) электрондық актісіне қол қойылады және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактура жазып беріледі.
8. Өтініш берушінің қызметті алудан бас тартуына (құжаттарды кері қайтарып алудан) уәкілетті ұйымға еркін нысанда почта байланысы арқылы, қолма-қол немесе электрондық құжат айналымы жүйесін (құжаттар қандай тәсілмен берілгеніне байланысты) пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті алудан (құжаттарды кері қайтарып алудан) бас тарту туралы өтініш беруден бас тартуға жол беріледі.
Өтініш беруші қызметті алудан бас тартқан (құжаттарды кері қайтарып алған) кезде қызметті алу үшін құжаттар топтамасын уәкілетті ұйымға берген күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде (егер қызмет көрсету мерзімі он бес жұмыс күнінен асатын болса, бес жұмыс күні) Уәкілетті ұйым бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге ақшалай қаражатты толық көлемде қайтаруды жүргізеді.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш беруші қызметті алудан (құжаттарды кері қайтарып алудан) бас тартқан (құжаттарды кері қайтарып алған) сәтке дейін Уәкілетті ұйым шеккен шығыстарды шегергенде, енгізілген төлем өтініш берушіге қайтарылады.
10. Егер құжаттарды қарау қорытындылары бойынша Уәкілетті ұйым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" немесе "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша өтініш берушінің кінәсінен қызмет көрсетуден (сертификат, куәлік, рұқсат, куәлік немесе басқа құжат беруден) бас тартса, өтініш беруші қызметтерді алуға құжаттарды қайта тапсырған кезде қызмет үшін төлемді растайтын құжатты пайдаланбайды.
11. Артық төленген сома кезінде уәкілетті ұйымның хатын алған күннен бастап 5 (жұмыс күні) ішінде бұл сома өтініш берушіге еркін нысандағы хат негізінде уәкілетті ұйымға қайтарылады.
3. Уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалауды жүзеге асыруға заңды тұлғалардың міндетті аударымдарын өндіріп алу тәртібі
12. Уәкілетті ұйымның бюджетіне уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты қадағалауды жүзеге асыруға міндетті аударымдарды Тізбеге және мөлшерлемелерге сәйкес міндетті аударымдарды төлейтін тұлғалар санатына жататын азаматтық авиацияны пайдаланушылар және ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
13. Заңды тұлғалар міндетті аударымдарды Тізбеге және мөлшерлемелерге сәйкес заңды тұлғалар үшін белгіленетін міндетті аударымның жылдық мөлшерлемелері мөлшерінің тең үлестерімен әрбір алты ай сайын жүргізеді. Уәкілетті ұйым әрбір жартыжылдықтан кейінгі бірінші айдың 1 (бірінші) күніне дейін заңды тұлғаларға төлем шотын жібереді. Міндетті аударымдарды төлеуді заңды тұлғалар әрбір жартыжылдықтан кейінгі бірінші айдың 5-күніне дейін төлемге берілетін шот негізінде жүргізеді.
Барлық міндетті аударымдар қолма-қол ақшасыз тәсілмен уәкілетті ұйымның екінші деңгейдегі банк шотына түседі. Заңды тұлғалар міндетті аударымдарды ерікті тәртіппен төлемеген кезде уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғалары тиісті шотты төлеуге жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті аударымдарды өндіріп алуды сот тәртібімен жүзеге асырады.
14. Уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша Уәкілетті ұйым мен заңды тұлға арасында № 562 бұйрықпен бекітілген Р-1 нысаны бойынша орындалған жұмыстардың (орындалған қызметтердің) электрондық актісіне қол қойылады және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактура жазып беріледі.
Қағидаларға қосымша |
Қызмет көрсетуге өтінім
Өтініш берушінің деректері | |
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Байланыс деректері (телефон нөмірі) | |
БСН/ЖСН | |
Банк деректемелері | |
Заңды мекен-жайы | |
Электрондық пошта | |
Тізбеге және ставкаларға сәйкес қызмет атауы | |
Қызметтің транскрипциясы / егжей-тегжейлі | |
Қызметті алуға құжаттарды тапсырудың жоспарланған күні | |
Төлем мөлшері |
Өтініш беруші_______________/ _______________________________________/
(өтініш берушінің (қолдың толық жазылуы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
уәкілетті тұлғасының қолы) лауазымы)
Басып шығару орны "___" ___________202__жыл