БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20579 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. "Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары";
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
2. "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санатқа жататын жеке тұлғаларға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға немесе олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
4. Көрсетілетін қызметті алушы тегін тамақтануды алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және (немесе) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) не ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өтініш береді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш түскен күні өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Құжаттар портал арқылы түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.
Қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайтын мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) Мемлекеттік корпорацияда жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде қолма-қол беріледі.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Жоғары білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:
1) азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу;
2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Заңның 10-бабының 5-тармағына, 14-бабының 3-тармағына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға, және "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды.";
12, 13 және 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.".
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
С. Нурбек |
Нысан
___________________ | |
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы ____________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________ мекен-жайы бойынша тұратын ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)) |
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________________
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы)
___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)
_________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
20__ жылғы "___" ________ ________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
"Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Мемлекеттік қызметті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары" көрсетеді |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (жеткізу арналары) |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде/проактивті |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не осы Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға, оның ішінде проактивті түрде тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сондай-ақ, www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие. |
Нысан
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________ жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында
20___-20___ оқу жылында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар
тізіміне енгізілгені үшін берілді.
"___" _____________20____ жылы ________________________________
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының қолы)
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік корпорация (мекен-жайын көрсету) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________________;
2)_______________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
_______________________________ ________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация
қызметкерінің қолы)
________________________________________ _____________________
Алдым: ________________ __________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
"___" _________ 20__ жыл.