"Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 48/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 120/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32198 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 48/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларында:

      6-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. АҚЖО АҚҰҮО-ға ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғалары туралы ақпаратты расталған сәттен бастап 15 минут аралығында жолдайды.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Хабарламалар АҚҰҮО мен АҚЖО арасында АҚҰҮО платформасын және отандық шифрлау сертификатын пайдалана отырып жүзеге асырылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 19 марта 2018 года № 48/НҚ "Об утверждении Правил обмена информацией, необходимой для обеспечения информационной безопасности, между оперативными центрами обеспечения информационной безопасности и Национальным координационным центром информационной безопасности"

Приказ и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 120/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2023 года № 32198

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 19 марта 2018 года № 48/НҚ "Об утверждении Правил обмена информацией, необходимой для обеспечения информационной безопасности, между оперативными центрами обеспечения информационной безопасности и Национальным координационным центром информационной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16886) следующие изменения:

      в Правилах обмена информацией, необходимой для обеспечения информационной безопасности, между оперативными центрами обеспечения информационной безопасности и Национальным координационным центром информационной безопасности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 исключить;

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. ОЦИБ предоставляет информацию об инцидентах информационной безопасности в НКЦИБ в течение 15 минут с момента его подтверждения.";

      пункт 14 исключить;

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Обмен сообщениями осуществляется между НКЦИБ и ОЦИБ с использованием платформы НКЦИБ и отечественного сертификата шифрования.".

      2. Комитету по информационной безопасности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. Министра цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан