"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 456 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6400 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Карашукеев |