"Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 114/НҚ Бұйрыққа қосымша |
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геопортал – телекоммуникация құралдары арқылы кеңістіктік деректерге және кеңістіктік деректердің геосервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
2) кеңістіктік деректер – жергілікті жер объектілерінің орналасқан жері туралы мәліметтер қамтылатын, белгілі бір нысанда және координаттық есептеу жүйесінде ұсынылған ақпарат;
3) кеңістіктік деректердің геосервистері (бұдан әрі – геосервистер) – пайдаланушыға кеңістіктік деректермен және (немесе) метадеректермен операцияларды жүзеге асыру үшін құралдар беретін және дербес өнім немесе қосылатын сервис түрінде болатын электрондық ақпараттық ресурс;
4) кеңістіктік деректердің метадеректері – кеңістіктік деректер мен геосервистердің жинақтарын сипаттайтын ақпарат;
5) Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы (бұдан әрі – ҰКДИ) – нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер;
6) Ұлттық кеңістіктік деректер қоры (бұдан әрі – ҰКДҚ) – геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің одан әрі пайдалануы мақсатында есепке алынуға, ұзақ сақталуға жататын цифрлық және (немесе) аналогтық түрдегі кеңістіктік деректердің жалпымемлекеттік, салааралық маңызы, арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар жиынтығы;
7) TMS, WMTS тайлдық сервистер – интернет арқылы географиялық байланған картаның фрагменттерін (тайлдарды) орындау уақыты белгіленіп есептелген қызмет көрсетуге арналған геосервистер;
8) WCS растрлық сервистері – геосервистерге арналған стандартты интерфейсті анықтау және әр өлшеу нүктесінде берілген мәндерден тұратын геокеңістіктік қамтуға интероперативті қол жетімділікті қамтамасыз ететін операциялар;
9) WFS векторлық сервистері – интернет желісі арқылы объектілер мен объектілердің қасиеттері деңгейінде географиялық ақпаратты беруге арналған геосервистер;
10) WMS растрлық сервистері – геосервистер, деректер негізінде картографиялық сервер жасаған географиялық байланысты кескіндерге интернет арқылы қызмет көрсетуге арналған олардың геоақпараттық жүйелер деректерінің базасы.
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3. ҰКДИ-ге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен, оның ішінде кадастрлар, географиялық ақпараттық жүйелер мен ресурстар, геопорталдар, геосервистер (бұдан әрі – АЖ) өзара іс-қимылы картографиялық сервистер болған кезде жүзеге асырылады, оған мыналар кіреді: WFS векторлық сервистері, WMS, WCS растрлық сервистері, TMS, WMTS тайлдық сервистері.
4. Мемлекеттік органдар өздері құрған кеңістіктік деректерді кеңістіктік деректердің жинағы және сервистері түрінде (бұдан әрі – кеңістіктік деректер) түрінде АЖ арқылы ҰКДИ мемлекеттік геопорталына ұсынады.
5. ҰКДИ мемлекеттік геопорталы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау бейінімен айқындалатын және мемлекеттік АЖ ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартымен ресімделетін ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақталған кезде АЖ-бен интеграцияланады.
6. Мемлекеттік органдар ҰКДИ мемлекеттік геопорталында авторизацияланады және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген сервисті іздейді.
7. Мемлекеттік орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АЖ арқылы ҰКДИ мемлекеттік геопорталына қосуға және интеграциялауға өтінім жібереді және интеграция шарттарын қабылдайды.
8. ҰКДҚ жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын) ҰКДИ мемлекеттік геопорталы арқылы мемлекеттік органнан өтінімнің келіп түскені туралы хабарлама алады және 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өтінімнің толықтығы мен дұрыс толтырылуына тексеруді жүзеге асырады.
9. Өтінімді тексеру нәтижесі оң болған жағдайда мемлекеттік кәсіпорын 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға ҰКДҚ мемлекеттік геопорталының тестілік ортасына қол жеткізуді ұсынады және интеграциялық тестілеуді өткізу үшін АЖ қосады.
10. Толтырудың толықтығы мен дұрыстығына өтінім сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік кәсіпорын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімдерде, анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін оларды мемлекеттік органға қайтарады.
11. Мемлекеттік орган 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімді пысықтауды жүзеге асырады және оны ҰКДҚ мемлекеттік геопорталы арқылы қайта қарауға жібереді.
Оң нәтиже алғанға дейін, мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде сәйкессіздіктерді жояды және осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорынға өтінімді қайта ұсынады.
12. АЖ ҰКДИ мемлекеттік геопорталымен интеграцияланғаннан кейін мемлекеттік орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰКДИ мемлекеттік геопорталында метадеректерді, кеңістіктік деректерді жариялауға арналған өтінімді мемлекеттік кәсіпорынға жібереді, сондай-ақ ҰКДИ мемлекеттік геопорталда осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес кеңістіктік деректер мен сервистердің метадеректері мәндерінің құрылымы мен анықтамалығын (бұдан әрі - метадеректер мәліметтері) толтырады.
13. Мемлекеттік кәсіпорын осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың өтінімі мен метадеректерінің мәліметтерін келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.
14. Өтінімді және метадеректер мәліметтерін тексеру оң нәтиже берген жағдайда мемлекеттік кәсіпорын 2 (екі) жұмыс күні ішінде, АЖ кеңістіктік деректерді, метадеректерді ҰКДИ мемлекеттік геопорталында жариялау үшін қолжетімділікті ашады.
15. Өтінім мен метадеректердің мәліметтері толтырудың толықтығы мен дұрыстығына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік кәсіпорын анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін оларды, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органға қайтарады.
16. Мемлекеттік орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде АЖ-дағы сәйкессіздік себебін жояды және ҰКДИ мемлекеттік геопорталы арқылы мемлекеттік кәсіпорынға қайта тексеруге жібереді.
Оң нәтиже алғанға дейін мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде, көрсетілген сәйкессіздіктерді жояды және осы Қағидалардың 12, 13 және 15-тармақтарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорынға өтінім мен метадеректер мәліметтерін қайта ұсынады.
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталына қосылуға және интеграциялауға өтінім
1 | Мемлекеттік орган туралы мәліметтер: | |
1.1. | толық атауы, мемлекеттік тіркелген күні, БСН | |
1.2. | орналасқан жерінің заңды мекенжайы | |
2 | Өкілеттігін растайтын құжат бойынша мемлекеттік органның өкілі туралы мәліметтер: | |
2.1. | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, ЖСН (жеке басты сәйкестендіру үшін) | |
2.2. | телефон, электрондық пошта мекенжайы: | |
3 | Ақпараттық жүйе туралы мәліметтер: | |
3.1. | жүйенің атауы | |
3.2. | жүйеге кіру | |
3.3. | құпия сөз (сынақ ортасы) | |
3.4. | құпия сөз (өндірістік орта) | |
3.5. | жүйенің IP мекенжайы (сынақ ортасы) | |
3.6. | жүйе порты (сынақ ортасы) | |
3.7. | хаттама (сынақ ортасы) | |
3.8. | жүйенің IP мекенжайы (өндірістік орта) | |
3.9. | жүйе порты (өндірістік орта) | |
3.10. | хаттама (өндірістік орта) | |
3.11. | өзара әреткеттесу контуры | |
3.12. | ЭҮШ-ке кіру мүмкіндігі бар ма | |
3.13. | берілген жүйе үшін VPN туннелі бар ма | |
3.14. | көлік ЭЦҚ жүйесінің ашық кілті сертификатын (Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген) тіркеңіз | |
3.15. | ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша бекітілген актіні тіркеңіз (.doc, .docx, .pdf) |
Мемлекеттік органнан: ______________________________________________________ (заңды тұлғаның уәкілілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) м.о.
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында кеңістіктік деректерді, метадеректерді жариялауға өтінім
Мемлекеттік орган туралы мәліметтер: _____________________________________ ____________________________________________________________________________ (АЖ арқылы кеңістіктік деректерді, метадеректерді беретін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органының немесе жергілікті атқарушы органының атауы) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында (бұдан әрі – ҰКДИ геопорталы) жарияланатын немесе жаңартылатын кеңістіктік деректерді, метадеректерді қамтитын ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – АЖ) жалпы мәліметтері: ____________________________________ ___________________________________________________________________________ жариялау немесе жаңарту бойынша әрекет түрі: _________________________________ ___________________________________________________________________________ (бастапқы АЖ жариялау немесе бұрынғы АЖ-ды жаңарту) АЖ атауы: __________________________________________________________________ АЖ мақсаты: _______________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (кеңістіктік деректерді, метадеректерді құру немесе жаңарту негізі) _____________________________________________________________________ (кеңістіктік деректер, метадеректер жаңартылған жағдайда алдыңғы өтінімнің нөмірі мен күні) ҰКДИ геопорталында жарияланатын немесе жаңартылатын АЖ-ға кіру мекенжайы: ___________________________________________________________ ҰКДИ геопорталында кеңістіктік деректерді, метадеректерді жариялауға немесе жаңартуға электрондық өтінім жібере отырып, ҰКДИ геопорталының геосервистерін пайдалана отырып, кеңістіктік деректерге, метадеректерге еркін және өтеусіз қол жеткізу шартымен келісемін.
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларына 3-қосымша |
Кеңістіктік деректер мен сервистердің метадеректерінің құрылымы
Р/с | Кеңістіктік деректер мен қызметтердің метадеректерінің атауы | Міндеттемелік белгісі * | Көптік ** | Деректер түрі (жол ұзындығы) |
1 | Атауы | М |
мәтіндік | |
2 | Әкімшілік-аумақтық тиесілігі | М | К | мәтіндік |
3 | Сипаттама | М | мәтіндік | |
4 | Санат | М | мәтіндік | |
5 | Кілт сөздер | МЕ | К | мәтіндік |
6 | Күн түрі | М | мәтіндік | |
7 | Күні | М | күні | |
8 | Құқық иесі | М | мәтіндік | |
9 | Лицензия | М | мәтіндік | |
10 | Деректер сапасы туралы ақпарат | М | мәтіндік | |
11 | Метадеректердің авторы | М | мәтіндік | |
12 | Шектеулер | М | мәтіндік | |
13 | Қол жеткізу шарттары | МЕ | мәтіндік | |
14 | Редакция нөмірі (нұсқасы) | МЕ | мәтіндік | |
15 | Деректерді құру мақсаты | МЕ | мәтіндік | |
16 | Уақыт аралығының басталуы | Ш | күні | |
17 | Уақыт аралығының соңы | Ш | күні | |
18 | Деректерді жаңарту жиілігі | М | мәтіндік | |
19 | Кеңістіктік бейнелеу түрі | М | мәтіндік | |
20 | Қосымша ақпарат | МЕ | мәтіндік | |
21 | Жаһандық идентификатор | М | UUID | |
22 | Деректер тілі | М | мәтіндік | |
23 | Кеңістіктік деректерді, жиынтықтарды және кеңістіктік деректер қызметтерін құру күні | М | күні |
* М – міндетті; Ш – шартты; МЕ – міндетті емес; ** К – көпше.
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларына 4-қосымша |
Кеңістіктік деректер мен сервистердің метадеректері мәндерінің анықтамалықтары
Метадеректер, кеңістіктік деректер және қызметтер жазбасының атауы негізгі атау | Жол мәндері | Код |
Түрі | құрылған күні | 1 |
жарияланған күні | 2 | |
жаңарту күні | 3 | |
Метадеректер, кеңістіктік деректер және қызметтер жазбасының атауы негізгі атау | Өріс мәндері | Код |
жер бедері | 1 | |
гидрография | 2 | |
елді мекендер | 3 | |
жер учаскелері | 4 | |
көлік желісі | 5 | |
өсімдік жамылғысы | 6 | |
әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары | 7 | |
географиялық объектілердің атаулары | 8 | |
геология | 9 | |
аэрофототүсірілім және ғарыштық түсірілім | 10 | |
әлеуметтік нысандар | 11 | |
инженерлік коммуникациялар | 12 | |
қоршаған орта | 13 | |
ауыл шаруашылығы | 14 | |
кеңейтілетін анықтамалық | … |