Суға батқан мүлікті аластау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 сәуірде № 32253 болып тіркелді

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Суға батқан мүлікті аластау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 5 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
қосымша

Суға батқан мүлікті аластау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Суға батқан мүлікті аластау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-46) тармақшасына сәйкес әзірленді, cуға батқан мүлікті аластау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қауіп – кеме қатынасына немесе теңіз ортасын қауіп не кедергіге әкелетін, кез келген жағдай немесе төнетін қатер;

      2) Порттың теңіз әкімшілігі – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

      3) суға батқан кеменің меншік иесі – Қазақстан Республикасының аумақтық суларында суға батқан кеменің кеме иесі не меншік иесі;

      4) суға батқан мүлікті аластау – суға батқан мүлікті шығарып алуды не оны қайраңнан алуды немесе белгіленген теңіз дәліздерінің шегінен тысқары жерге ығыстыруды не оны жоюды қоса алғанда, суға батқан мүлік тудыратын қауіпті болғызбауға, азайтуға немесе жоюға бағытталған іс-қимылдар, сондай-ақ қажет болған кезде көрсетілген іс-қимылдардың жиынтығы. Суға батқан мүлікті аластау суға батқан мүлікті тасымалдау және сақтау жөніндегі ілеспе жұмыстарды да қамтиды;

      5) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Осы Қағидалардың күші:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын;

      2) Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі суларында жүзу немесе тұру кезінде шет мемлекеттің туының астында көтеріп жүзетін, пайдаланылатын теңіз кемелеріне қолданылады.

2-тарау. Суға батқан мүлікті аластау тәртібі

      4. Уәкілетті орган "Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10709 болып тіркелген) сәйкес авариялық жағдайға тергеп-тексеру жүргізу кезінде суға батқан кеменің ықтимал қауіптілігін айқындайды.

      Қауіпті анықтау кезінде мынадай факторлар назарға алынады:

      1) суға батқан мүліктің түрі, мөлшері және конструкциясы;

      2) осы аудандағы судың тереңдігі;

      3) осы аудандағы тыныс алу деңгейлері;

      4) ерекше осал теңіз аудандары;

      5) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында белгіленген теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемаларының жақындығы;

      6) кемелердің тығыздығы мен қозғалыс жиілігі;

      7) қозғалыс түрі;

      8) суға батқанкемедегі жүктің сипаты мен саны, мұнай өнімдерінің, оның ішінде суға батқан кеменің бортындағы бункерлік отын мен майлау майының саны мен түрлері және жүк немесе мұнай өнімдері теңіз ортасына түскен жағдайда келтірілуі мүмкін залал;

      9) порт құрылыстарының осалдығы;

      10) басым метеорологиялық және гидрографиялық жағдайлар;

      11) осы ауданның су асты топографиясы;

      12) ең аз астрономиялық толқын кезінде суға батқан кеменің су үстіндегі немесе астындағы биіктігі;

      13) суға батқан кеменің акустикалық және магниттік профильдері;

      14) жағалау қондырғыларының, құбырлардың, телекоммуникациялық кабельдердің және ұқсас конструкциялардың жақындығы.

      5. Суға батқан кеме теңізде жүзу қауіпсіздігіне немесе теңіз ортасына ластанумен залал келтіру қатерін төндіретінін не су биологиялық ресурстарын аулауды жүзеге асыруға, порт қызметі мен порттағы жұмыстарға кедергі келтіретінін айқындаған кезде Порттың теңіз әкімшілігі бұл туралы кеме тіркелген мемлекеттің уәкілетті органын және суға батқан кеменің меншік иесін дереу хабардар етеді.

      6. Суға батқан мүлікті аластау суға батқан мүлікті аластау жөніндегі құжаттама (бұдан әрі – Құжаттама) негізінде жүзеге асырылады, онда суға батқан мүлікті аластау тәсілі мен құралдарының сипаттамасы, іс-әрекеттердің реттілігі және оларды жүргізу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қамтылады.

      7. Суға батқан кеме осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қауіп төндіретіні анықталған күннен бастан суға батқан мүлікті аластау жөніндегі құжаттаманы суға батқан мүліктің меншік иесі Порттың теңіз әкімшілігінің суға батқан мүлікті аластау мерзімі туралы талаптарына сәйкес бір айдан аспайтын мерзімде әзірлейді.

      8. Порттың теңіз әкімшілігі суға батқан мүлікті аластау жөніндегі құжаттама келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Құжаттаманы келіседі және қажет болған жағдайда, суға батқан мүліктің меншік иесімен бірлесіп Құжаттамаға өзгерістер енгізеді және суға батқан мүліктің меншік иесін қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Құжаттаманың көшірмесі суға батқан мүлікті аластау аяқталғанға дейін Порттың теңіз әкімшілігінде сақталады.

      9. Порттың теңіз әкімшілігі белгілеген мерзім қажет болған жағдайда гидрометеорологиялық, мұздық немесе навигациялық жағдайға байланысты суға батқан мүлікті аластау мүмкін болмайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      10. Кеме иесі қажет болған жағдайда суға батқан кемені аластау үшін заңды тұлғамен немесе жеке кәсіпкермен келісімшарт жасайды.

      11. Порттың теңіз әкімшілігі "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес суға батқан мүлікті аластауды жүзеге асырады.

      12. Суға батқан мүлікті аластау еркін түрде суға батқан мүлікті аластау және мүлік аластаған жерді экологиялық тазарту туралы актімен ресімделеді. Егер көтеру осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, суға батқан мүлікті аластау туралы актіге суға батқан мүліктің меншік иесі немесе Порттың теңіз әкімшілігі қол қояды.

Об утверждении Правил удаления затонувшего имущества

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 апреля 2023 года № 217. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 апреля 2023 года № 32253.

      В соответствии с подпунктом 55-46) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила удаления затонувшего имущества, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев

  Приложение к приказу
Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 5 апреля 2023 года № 217

Правила удаления затонувшего имущества

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила удаления затонувшего имущества (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 55-46) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании" (далее – Закон) и определяют порядок удаления затонувшего имущества.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) опасность – любое состояние или угроза, которые представляют опасность или препятствие для судоходства или морской среды.

      2) Морская администрация порта – территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа;

      3) собственник затонувшего судна – судовладелец либо собственник судна, затонувшего в территориальных водах Республики Казахстан;

      4) удаление затонувшего имущества – действия, направленные на предотвращение, уменьшение или устранение опасности, создаваемой затонувшим имуществом, включая подъем затонувшего имущества из воды либо снятие его с мели или смещение за пределы установленных морских коридоров, либо его уничтожение, а также, при необходимости, совокупность указанных действий. Удаление затонувшего имущества также включает сопутствующие работы по транспортировке и хранению затонувшего имущества;

      5) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере торгового мореплавания, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, – межотраслевую координацию.

      3. Действие настоящих Правил распространяется на эксплуатируемые морские суда, плавающие:

      1) под Государственным флагом Республики Казахстан;

      2) под флагом иностранного государства во время их плавания или стоянки в территориальных и внутренних водах Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок удаления затонувшего имущества

      4. Уполномоченный орган при проведении расследования аварийного случая в соответствии с приказом исполняюшего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 147 "Об утверждении Правил расследования аварийных случаев с судами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10709), определяет потенциальную опасность затонувшего судна.

      При определении опасности во внимание принимаются следующие факторы:

      1) тип, размеры и конструкция затонувшего имущества;

      2) глубина воды в данном районе;

      3) приливные уровни в данном районе;

      4) особо уязвимые морские районы;

      5) близость установленных морских корридоров и схем разделения движений в территориальных водах Республики Казахстан;

      6) плотность и частота движения судов;

      7) тип движения;

      8) характер и количество груза на затонувшем судне, количество и типы нефтепродуктов, в том числе бункерного топлива и смазочного масла на борту затонувшего судна и ущерб, который причинит при попадании груза или нефтепродуктов в морскую среду;

      9) уязвимость портовых сооружений;

      10) преобладающие метеорологические и гидрографические условия;

      11) подводная топография данного района;

      12) высота затонувшего судна над или под водой при минимальном астрономическом приливе;

      13) акустические и магнитные профили затонувшего судна;

      14) близость прибрежных установок, трубопроводов, телекоммуникационных кабелей и аналогичных конструкций.

      5. При определении, что затонувшее судно создает угрозу безопасности мореплавания или причинения ущерба морской среде загрязнением либо препятствует осуществлению промысла водных биологических ресурсов, деятельности порта и работам в порту, Морская администрация порта незамедлительно информирует об этом уполномоченный орган государства регистрации судна и собственника затонувшего судна.

      6. Удаление затонувшего имущества осуществляется на основании документации (далее – Документация) по удалению затонувшего имущества, которая содержит описание способа и средств удаления затонувшего имущества, последовательность действий и требования к безопасности их проведения.

      7. Документация по удалению затонувшего имущества разрабатывается собственником затонувшего имущества в соответствии с установленным Морской администрацией порта сроком в течение не более чем одного месяца со дня определения, что затонувшее судно создает угрозу в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил.

      8. Морская администрация порта в срок не более чем десять рабочих дней со дня поступления документации по удалению затонувшего имущества согласовывает Документацию и при необходимости совместно с собственником затонувшего имущества вносит изменения в Документацию, и уведомляет собственника затонувшего имущества, о принятом решении. Копия документации остается на хранении у Морской администрации порта до завершения удаления затонувшего имущества.

      9. Срок, установленный Морской администрацией порта, при необходимости продлевается на срок, в течение которого удаление затонувшего имущества было неосуществимо в силу гидрометеорологической, ледовой или навигационной обстановки.

      10. Собственник судна при необходимости заключает контракт с юридическим лицом или индивидуальным предпринимателем для удаления затонувшего судна.

      11. Морской администрацией порта осуществляет удаление затонувшего имущества в соответствии со статьей 51 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании".

      12. Удаление затонувшего имущества оформляется актом об удалении затонувшего имущества и экологической зачистке места в произвольной форме, откуда удалено имущество. Акт об удалении затонувшего имущества подписывается собственником затонувшего имущества или Морской администрацией порта, в случае, если подъем осуществлялся в соответствии с пунктом 11 настоящих Правил.