"Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 430 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 32385 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қор сатып алатын активтердің құны мынадай тәсілдердің біреуімен:

      1) бағалау қызметінің субъектісі айқындайтын нарықтық құн бойынша;

      2) Қордың ішкі құжаттарымен белгіленетін талаптарға сай келетін дисконтты қолдана отырып, бағалау қызметінің субъектісі айқындайтын нарықтық құн бойынша айқындалады.";

      8-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 "Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом "Фонд проблемных кредитов" видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 430. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2023 года № 32385

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан 23 февраля 2018 года № 279 "Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом "Фонд проблемных кредитов" видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16595) следующие изменения:

      в Правилах осуществления акционерным обществом "Фонд проблемных кредитов" видов деятельности, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 2 исключить;

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Стоимость активов, приобретаемых Фондом, определяется одним из следующих способов:

      1) по рыночной стоимости, определяемой субъектом оценочной деятельности;

      2) по рыночной стоимости, определяемой субъектом оценочной деятельности с применением дисконта, отвечающим требованиям, устанавливаемым внутренними документами Фонда.";

      пункт 8 исключить.

      2. Департаменту бюджетного кредитования, Национального фонда Республики Казахстан и взаимодействия по вопросам финансового сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев