Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 20.06.2024 № 96 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындауын бақылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. __________Т. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
__________Д. Жазыкбаев "КЕЛІСІЛГЕН" |
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 4, 6 тармақтары және 143-бабы 1-тармағына, сондай- ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 28577) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдылығы;
2) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – салалық даму ерекшеліктері мен осы дамуға әсер ететін факторларды ескере отырып, бақылау субъектісінің тікелей қызметімен байланысты, бақылау субъектілерін әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
5) бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар;
6) өрескел бұзушылықтар – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын қоғамдық қатынастарды сақтауға айқын кері әсерін тигізетін Заңмен, Заңның 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен (бұдан әрі – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер) белгіленген талаптардың бұзушылықтары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органның жыл сайынғы тиімділігін операциялық бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз қызметі;
7) елеулі бұзушылықтар – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтықпайтын қоғамдық қатынастарды сақтауға айқын кері әсерін тигізбейтін Заңмен, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзушылықтары;
8) елеусіз бұзушылықтар – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге қатысты қоғамдық қатынастарды сақтауға әсерін тигізбейтін Заңмен, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзушылықтары;
9) артық құжаттарды талап ету – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды сұрату;
10) құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көрсетілген құжаттар тізбесі немесе ондағы мәліметтер сәйкес келмеген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі – мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету, оның ішінде олардың тиісінше және уақытылы орындауы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерімен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі;
12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден негізді бас тарту – Заңда белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту;
13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдері – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімдері;
14) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
3. Объективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) тәуекелді айқындау;
2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді айқындау көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қолайсыз салдардың туындау ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады.
4. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғарғы тәуекелдер дәрежесіне бақылау субъектілері мынадай:
1) бақылау субъектісімен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау кестесін бекітуден алдыңғы соңғы алты ай ішінде мыңнан астам мемлекеттік қызметтер көрсеткен;
2) бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау кестесін бекітуден соңғы алты ай ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жеке және (немесе) заңды тұлғалардан арыз келіп түскен;
3) Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 465-бабының талаптарын сақтамағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған;
4) бір жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде, интернет ресурстарында) бақылау субъектілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты қоғамдық резонансы бар жағымсыз материалдары болған;
5) бір жыл ішінде Заңның, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша үш немесе одан да көп тексерулер жүргізілген;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есепте мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту фактілері болған жағдайларда жатқызылады.
Тәуекелді анықтағаннан кейін бақылау субъектілері екі тәуекел дәрежесіне (жоғарғы және жоғарғыға жатпайтын) бөлінеді.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъектівті өлшемшарттар қолданылады.
5. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
7. Субъективтік өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның бақылау субъектілеріне алдыңғы тексерулері мен бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;
2) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына расталған шағымдар мен арыздардың болуы;
3) бақылау субъектілері ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
4) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;
5) сұрау салу бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді, есептік деректерді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингті талдау нәтижелері негізінде анықталады.
8. Субъективті өлшемшарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамасының негізінде әзірленіп, тексеру парақтарында атап өтілген, олар үш бұзушылық дәрежесіне бөлінген: өрескел, елеулі және елеусіз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтарға бөлу осы Өлшемшарттардың қосымшасында келтірілген.
9. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында белгіленген ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттардың қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесінің субъективтік өлшемшарттары белгіленеді.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:
1) тәуекел дәрежесі 71-ден бастап 100-ді қоса алғанда дейінгі көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде жоғары тәуекел дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесі 0-ден 70-қа дейінгі қоса алғанда көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер, өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны; SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны; SР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.
4-тарау. Қорытынды ережелер
10. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс.
11. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бекіткен жартыжылдық тізімдері негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
12. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесінің субъективтік өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның алдыңғы тексерулері мен профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған кезде белгіленеді) | ||
1 | Бекітілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде қамтитын, жария талқылау барысында алынған жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтары мен заңды мүдделерін ескеру бөлігінде, "электрондық үкіметтің" веб-порталында, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жария талқылауды аяқтау туралы есептің сәйкес болуы | Елеулі |
2 | Орталық мемлекеттік органмен бекітілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, өзгерту, толықтыру және күшін жою, оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жария талқылауға міндетті түрде жататын мерзімін сақтау | Елеулі |
3 | Орталық мемлекеттік органмен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту | Елеулі |
4 | "Электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау және Бірыңғай байланыс-орталығына жолдау талабын сақтау | Елеусіз |
5 | Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну | Елеулі |
6 | Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы | Елеусіз |
7 | Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілерінің бар болуы | Елеулі |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету | Елеулі |
9 | Тегін негізде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде төлем талап етуге жол бермеу | Өрескел |
10 | Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол бермеу | Елеулі |
11 | Көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол бермеу | Өрескел |
12 | Құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жол бермеу | Өрескел |
13 | Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау | Өрескел |
14 | Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау | Өрескел |
15 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту | Өрескел |
16 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау | Өрескел |
17 | Тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнде қаралуға жататын шағымдарды қарау нәтижесі туралы қызмет алушыларды хабардар ету бойынша талаптарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қанағаттандырудың толықтығын сақтау | Өрескел |
18 | Есептің және есепке талдамалық анықтаманың ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептік нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдардың (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың көшірмелері, фотоматериалдардың) болуы | Елеулі |
19 | Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, жыл сайын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізу | Өрескел |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жеке және/немесе заңды тұлғалардан түскен негізді шағымдардың және өтініштердің болуы бойынша | ||
20 | Жеке және заңды тұлғалардан түскен, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы | Өрескел |
21 | Мемлекеттік органның, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын бес жұмыс күні ішінде қарау мерзімдерін сақтамау | Елеулі |
Бақылау субъектілермен ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын есептер мен мәліметтерге жүргізілетін мониторинг нәтижесі бойынша | ||
22 | Тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне дейін талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етпеу | Елеусіз |
23 | Тоқсан сайынғы ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етпеу | Өрескел |
24 | Бақылау субъектілерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуының болуы | Елеулі |
25 | Бақылау субъектілерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдардың болуы | Елеулі |
26 | Есептік нысандарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша дұрыс және (немесе) толық көлемде есептік мәліметтерді ұсынбау | Өрескел |
Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау бойынша | ||
27 | Бақылау субъектісінің интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілген бақылау нәтижелерін орналастырмау | Елеулі |
28 | "Электрондық үкімет" веб-порталында, бақылау субъектілерінің интернет-ресурстарында бекітілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін орналастырмау | Елеулі |
29 | Бақылау субъектілерінің "электрондық үкімет" веб-порталда, интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырмау | Елеулі |
30 | Бекітілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жария талқылау үшін оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында орналастырмау | Елеусіз |
31 | "Электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында бекітілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есебін орналастырмау | Елеусіз |
32 | Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету жөнінде сыни ақпараттардың болуы | Өрескел |
Уәкілетті органдар және ұйымдармен ұсынылатын мәліметтер, есептік ақпараттарды сұратуы бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингтің талдау нәтижелері бойынша | ||
33 | Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның "Мониторинг" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтамау | Өрескел |
34 | Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның әлеуметтік тапсырысы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын сұратылған ақпаратты ұсынбау | Елеулі |
35 | Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесіне сәйкес, орталық мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органның жыл сайынғы тиімділігін операциялық бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз қызметі | Өрескел |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы тексеру парағы
Мемлекеттік органға қатысты________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік
орган_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы
акт_______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
№, күні Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің)
атауы_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі Орналасқан жерінің
мекенжайы________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізімі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде қамтитын, жария талқылау барысында алынған жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ескеру бөлігінде, "электрондық үкіметтің" веб-порталында, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жария талқылауды аяқтау туралы есептің сәйкес болуы | ||
2 | Орталық мемлекеттік органмен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, өзгерту, толықтыру және күшін жою, оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жария талқылауға міндетті түрде жататын мерзімін сақтау | ||
3 | Орталық мемлекеттік органмен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту | ||
4 | "Электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау және Бірыңғай байланыс-орталығына жолдау талабын сақтау | ||
5 | Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну | ||
6 | Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы | ||
7 | Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілерінің бар болуы | ||
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету | ||
9 | Тегін негізде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде төлем талап етуге жол бермеу | ||
10 | Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол бермеу | ||
11 | Көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол бермеу | ||
12 | Құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жол бермеу | ||
13 | Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау | ||
14 | Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау | ||
15 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту | ||
16 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау | ||
17 | Тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнде қаралуға жататын шағымдарды қарау нәтижесі туралы қызмет алушыларды хабардар ету бойынша талаптарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қанағаттандырудың толықтығын сақтау | ||
18 | Мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, есептің және есепке талдамалық анықтаманың ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептік нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдардың (бұрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың көшірмелері, фотоматериалдардың) болуы | ||
19 | Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, жыл сайын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізу |
Лауазымды адам (-дар) _____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________
лауазымы қолы Бақылау және қадағалау субъектісінің
басшысы___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________
лауазымы қолы