БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында:
60-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"60. Егер жылу энергиясын беруде үзілістер болған немесе тиісті емес сапада берілгені туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның журналында тіркелмеген жағдайда тұтынушының жылуды пайдалану қондырғысының пайдаланылуына жауапты тұлға (кондоминимум объектілері бойынша, мүліктің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – ММИБ) және (немесе) жай серіктестік (бұдан әрі – ЖС) бұл туралы энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымға жазбаша өтінішпен немесе телефонограммамен уақытын, беру күні және тапсырған адамның тегін, жылу энергиясының сапасы төмендей бастаған (болмаған) уақытты, нашарлау сипаты және энергиямен жабықтау және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың өкілдерінің қатысу қажеттігін көрсетіп хабарлайды.".
62-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"62. Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы, ММИБ, ЖС) тиісті техникалық жай-күйді сақтайды және жалпы үйдің (үйдің ішіндегі) жылыту жүйесі мен ыстық сумен жабдықтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, коммерциялық есепке алу құралдарының (үйге ортақ) және үйге ортақ меншікті құрайтын басқа жылу тұтынатын құрылғылардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсатында тұрмыстық тұтынушыларға жылу энергиясын беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым жылумен жабдықтауға арналған жария шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жылу тұтынатын қондырғыларға қызмет көрсетуді дербес немесе шарт бойынша мамандандырылған ұйыммен жүргізеді.
Тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу құралдары бойынша табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітілген тариф бойынша есеп айырысады.
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушыларда ұсынылған қызметтің көлемін коммерциялық есепке алу құралдары болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу жолымен анықталады.
ММИБ, ЖС немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады.";
2) "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) күнтізбелік жылдың қысқы айларының күндері: желтоқсан, қаңтар және ақпан айлары (осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін ғана, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде қалаларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін) үшін жүйелік оператордың тиісті энергия өндіруші ұйымы оның құрамына кіретін (кіретін) электр станциясы (электр станциялары) орналасқан ауданда (аудандарда) қоршаған ауа температурасының аномалдық төмендеуінің жоспарланған күні туындауы не сақталуы туралы уақтылы (тиісті тестілік командасын беру уақытына дейін) хабарлама (электрондық пошта бойынша) болған жағдайда, уәкілетті органнан тиісті дауылды ескертудің электрондық көшірмесін қоса бере отырып;";
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі