"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 176-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32525 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тізбе бойынша белгіленеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің мөлшерін есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      Pi = Sp + L + M1 + M2 + St

      Мұнда:

      Pi – i-тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;

      Sp – өңірде өндірушілер болмаған жағдайда өндірушілердің коммерциялық ұсынысы немесе көтерме саудагердің орташа бағасы негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің орташа сату бағасы;

      L – өңірде өндіруші болмаған жағдайда коммерциялық ұсыныстар негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өнiмдерiн өндiрушiден/көтерме саудагерден өткiзу орнына дейiн жеткізу бойынша орташа логистикалық шығындары;

      M1 – ішкі сауданың көтерме субъектілерінің әрбір буынына орташа сату бағасының 15% аспайтын мөлшердегі сауда үстемеақылары;

      M2 – ішкі сауданың бөлшек сауда субъектілерінің әрбір буынына орташа сату бағасының 15% аспайтын мөлшердегі сауда үстемеақылары;

      St – сақтаудың орташа шығындары;

      Өндірушілердің орташа сату бағаларын, жеткізу бойынша логистикалық шығындарды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтауға арналған шығындарды жергілікті атқарушы органдар өндірушілердің ағымдағы сату бағаларын, өндірушілерден немесе басқа қоймалардан өңірдегі жеткізу және сақтау құнын талдау арқылы анықтайды.

      Бұл ретте, өндірушілердің, көтерме саудагерлердің және сауда-логистикалық компаниялардың жалпы саны кемінде бес ірі және бес орташа/шағын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауаларын өткізушілерді құрауға тиіс. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар өндірушілер, көтерме саудагерлер және сауда-логистикалық компаниялар бойынша көрші өңірлердегі бағаларды талдауды жүзеге асырады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері өндірушілер мен ішкі сауда субъектілерінің залалды қызметіне әкеп соқтырмауға тиіс. ";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы тоқсанға арналған шекті мәндерін белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде макроэкономикалық талдау жүргізеді.

      7. Макроэкономикалық талдау қорытындылары бойынша уәкілетті органның тиісті шешімін алғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеудің алдындағы алдағы тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленеді.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің 15%-дан аспайтын ұлғайтуға жол бере отырып, олардың бөлшек сауда бағаларының белгіленген шекті мәндері деңгейінде бекітіледі.

      Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда (су тасқыны, құрғақшылық, мал мен құстың өлімі, зиянды жәндіктердің шабуылы, жер сілкінісі және өзге де дүлей зілзалалар, өндірістік іркілістер (сынулар), оның ішінде тиісті өнімге әлемдік бағаның өсуі, Қазақстанға импорттық өнімді әкелуге шектеу шараларын енгізу және жеткізілімдегі күтпеген іркілістер тауарларды өндіру мен өткізудегі бағаның өсуі) жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін ескермей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге жол береді.

      11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу туралы шешім Қазақстан Республикасының тиісті өңірінің аумағында рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары енгізілетін азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері және мерзімдерін көрсете отырып өткізілетін Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаулысымен бекітіледі.

      12. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өкімімен бекітіледі. Комиссияның жұмыс органы жергілікті атқарушы орган болып табылады.

      Комиссияның Төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары болып табылады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және комиссияның ұсынымдар қабылдау кезіндегі дауыс беру құқығына ие емес. Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, ішкі сауда субъектілерінің және салалық қауымдастықтар мен одақтар өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ және Төрағаны қоса алғанда кемінде 7 адамды құрайды. Ішкі сауда субъектілерінің өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 40% құрайды.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары Комиссия отырысына қаралатын мәселенің сипатына байланысты ішкі сауда субъектілерінің қатысуын қамтамасыз етеді.";

      15-тармақ алып тасталсын;

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту кезінде жергілікті атқарушы органдар Заңның 8–бабы екінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімнің аталған тауарларға баға белгілеуге ықпалына мониторинг және талдау жүргізеді.

      18. Бірнеше өндірушілерден немесе көтерме жеткізушілерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары болған жағдайда ішкі сауда субъектісі осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының кемінде екі позициясына (ассортиментіне) белгіленген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін сақтауға қажет.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282 "Об утверждении правил установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 17 мая 2023 года № 176-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2023 года № 32525

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282 "Об утверждении правил установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11245) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 15) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них, утвержденных указанным приказом.

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 15) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них.

      2. На территории области, города республиканского значения, столицы устанавливается пороговое значение розничных цен на социально значимые продовольственные товары по перечню, утвержденному постановлением Правительства, согласно подпункту 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий".";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Расчет пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары осуществляется по следующей формуле:

      Pi = Sp + L + M1 + M2 + St

      Где:

      Pi – пороговое значение розничных цен на социально значимые продовольственные товары за i-ый квартал, в тенге;

      Sp – средняя отпускная цена производителей социально значимых продовольственных товаров на основании коммерческих предложений или средней цены оптовика, при отсутствии производителей в регионе;

      L – средние логистические затраты по доставке социально значимых продовольственных товаров от производителя/оптовика в случае отсутствия производителя в регионе до места реализации на основании коммерческих предложении;

      M1 – торговая надбавка оптовых субъектов внутренней торговли в размере не более 15% от средней отпускной цены в каждом звене;

      M2 – торговая надбавка розничных субъектов внутренней торговли в размере не более 15% от средней отпускной цены в каждом звене;

      St – средние затраты на хранение.

      Средние отпускные цены производителей, логистические затраты по доставке, а также затраты на хранение социально значимых продовольственных товаров определяются местными исполнительными органами путем анализа текущих отпускных цен производителей, стоимости доставки и хранения в регионе у производителей или на других складах.

      При этом общее количество производителей, оптовиков и торгово-логистических компаний должно составлять не менее пяти крупных и пяти средних/мелких. В случае отсутствия производителей, оптовиков или торгово-логистических компаний в регионе, местные исполнительные органы осуществляют анализ цен в соседних регионах по соответствующим производителям, оптовикам и торгово-логистическим компаниям.

      Пороговые значения розничных цен на социально значимые продовольственные товары не должны приводить к убыточной деятельности производителей и субъектов внутренней торговли. ";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Местные исполнительные органы вносят в уполномоченный орган ежеквартально до 5 числа месяца, следующего за отчетным, предложения по пороговым значениям розничных цен на социально значимые продовольственные товары на предстоящий квартал.

      В целях определения пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней проводит макроэкономический анализ со дня предоставления предложений местных исполнительных органов.

      7. После получения соответствующего решения уполномоченного органа по итогам макроэкономического анализа устанавливаются пороговые значения розничных цен на социально значимые продовольственные товары на предстоящий квартал, предшествующему установлению пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары.";

      пункт 9 исключить;

      пункты 10, 11 и 12 изложить в следующей редакции:

      "10. Размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары утверждаются на уровне установленных пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары с допущением их увеличения не более чем на 15% предельной торговой надбавки.

      В целях обеспечения продовольственной безопасности, в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера (наводнение, засуха, падеж скота и птицы, нашествие вредных насекомых, землетрясение и стихийные бедствия), производственные сбои (поломки), в том числе рост мировых цен на соответствующую продукцию, введение ограничительных мер на ввоз в Казахстан импортной продукции и непредвиденных сбоев в поставках, повлекшие за собой объективный рост цен в производстве и реализации товаров) местными исполнительными органами допускается установление размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары без учета пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары.

      11. Решение об установлении предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары утверждается постановлением акимата области, города республиканского значения, столицы на основе рекомендации Комиссии по утверждению размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары (далее – Комиссия), реализуемые на территории соответствующего региона Республики Казахстан, с указанием наименований продовольственных товаров, размеров предельно допустимых розничных цен на такие товары и сроков, на которые вводятся предельно допустимые розничные цены.

      12. Состав Комиссии утверждается распоряжением акима области, города республиканского значения, столицы. Рабочим органом Комиссии является местный исполнительный орган.

      Председателем Комиссии является заместитель акима области, города республиканского значения, столицы. Секретарь Комиссии не является ее членом и не имеет права голоса при принятии Комиссией рекомендаций. В состав Комиссии входят представители местных представительных и исполнительных органов, представители субъектов внутренней торговли и отраслевых ассоциаций и союзов. Число членов Комиссии является нечетным и составляет не менее 7 человек, включая председателя. Представители субъектов внутренней торговли составляют не менее 40 % от общего числа членов Комиссии.

      Палаты предпринимателей областей, городов республиканского значения и столицы обеспечивают участие субъектов внутренней торговли в зависимости от характера рассматриваемого вопроса на заседании Комиссии.";

      пункт 15 исключить;

      пункты 17 и 18 изложить в следующей редакции:

      "17. При утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары, местные исполнительные органы проводят мониторинг и анализ воздействия решения принятого в соответствии с подпунктом 2) части второй статьи 8 Закона, на ценообразование данных товаров.

      18. При наличие социально значимого продовольственного товара от нескольких производителей или оптовых поставщиков, субъекту внутренней торговли необходимо соблюдать размер установленных предельно допустимых розничных цен не менее чем на две позиции (ассортимент) данного социально значимого продовольственного товара.".

      2. Комитету торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство
национальной экономики
Республики Казахстан