Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32526 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлімінің 1-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 17 мамырдағы
№ 404 бұйрығына
қосымша

Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі

      1. Пробация қызметі шартты түрде сотталғандар мен бас бостандығын шектеуге сотталғандарға тиісті бақылауды қамтамасыз ету және олардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пайдаланатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.

      2. Дербес бақылау құралдары:

      1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында есепте тұрған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);

      2) дербес трекер (жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылы бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында есепте тұрған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);

      3) стационарлық бақылау құрылғысы (үй-жайда немесе белгіленген аумақта болу режимін бақылау үшін радиоэлектрондық білезік дабылын үздіксіз тәулік бойы қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін есепте тұрған адамдарға арналған электрондық құрылғы);

      4) мобильді бақылау құрылғысы (есепте тұрған адамдарға белгілі бір жерден тыс болған кезде стационарлық бақылау құрылғысымен жарақталған радиоэлектрондық білезікпен бірге тағуға арналған, жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылдары бойынша оның орналасқан жерін қадағалауды, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);

      5) трансляцияның стационарлық құрылғысы (жаһандық навигациялық спутник жүйесінің сигналынсыз үй-жайда радиосигнал шығаруға және дербес трекердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған электрондық құрылғы);

      6) дыбыс-бейнебақылаудың стационарлық құрылғысы (есепте тұрған адамды автоматты түрде көзбен шолуға және дауысымен сәйкестендіруге арналған электрондық құрылғы);

      7) фото электр-химиялық бақылаудың стационарлық құрылғысы (автоматты түрде көзбен шолып бақылауға және сәйкестендірілетін есепте тұрған адамның ауаға дем шығаруы арқылы қанындағы алкогольдің көлемін анықтауға арналған электрондық құрылғы).

      8) телекоммуникация құралы (есепте тұрған адамды сәйкестендіру үшін көзбен шолу мен дауысақпаратын қашықтықтаyқабылдаужәнежолдауға, сондай-ақ жаһандық навигациялық спутник жүйесінің сигналы бойыншатұрған жерін қадағалауғамүмкіндік беретін электрондық мобильдік байланыс құрылғысы).

      3. Мониторингтің техникалық құралдары мен құрылғылары:

      1) мониторинг сервері (қашықтықтан сәйкестендіру, ақпарат алу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

      2) дыбыс-бейнебақылау сервері (көзбен шолу және дауысты сәйкестендіру, ақпаратты жазу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

      3) оператордың автоматтандырылған жұмыс орны (есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуге және бейнелеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

      4) мониторингтің мобильдік пульті (радиоэлектрондық білезіктердің және дербес трекерлердің сигналдарын қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуді және бейнелеуді қамтамасыз ететін тасымалданатын портативті құрылғылар кешені);

      5) мониторингтің телекоммуникациялыққұралы(есепте тұрған адамды сәйкестендіру үшін көзбен шолу мен дауыс ақпаратын қашықтықтаyқабылдаужәнежолдауға, сондай-ақ жаһандық навигациялық спутник жүйесінің сигналы бойынша тұрған жерін қадағалауға мүмкіндік беретін электрондық мобильдік байланыс құрылғысы).

Об утверждении перечня электронных средств слежения, используемых службой пробации

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 мая 2023 года № 404. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2023 года № 32526

      В соответствии с подпунктом 1-2) части первой статьи 16 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень электронных средств слежения, используемых службой пробации.

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования

      министр внутренних дел
Республики Казахстан
М. Ахметжанов

  Приложение к приказу
министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 17 мая 2023 года № 404

Перечень электронных средств слежения, используемых службой пробации

      1. Электронные средства слежения, используемые службой пробации для обеспечения надлежащего контроля и получения информации о месте нахождения осужденных условно и осужденных к ограничению свободы, включают средства персонального контроля, технические средства и устройства их мониторинга.

      2. Средства персонального контроля:

      1) радиоэлектронный браслет (электронное устройство, предназначенное для ношения на теле лица, состоящего на учете, с целью дистанционной идентификации и отслеживания его места нахождения, имеющее встроенную систему контроля несанкционированного снятия и вскрытия корпуса);

      2) персональный трекер (электронное устройство, предназначенное для ношения на теле лица, состоящего на учете, с целью дистанционной идентификации и отслеживания его места нахождения по сигналам глобальной навигационной спутниковой системы, имеющее встроенную систему контроля несанкционированного снятия и вскрытия корпуса);

      3) стационарное контрольное устройство (электронное устройство, обеспечивающее непрерывный круглосуточный прием и идентификацию сигналов радиоэлектронного браслета для контроля режима присутствия лица, состоящего на учете, в помещении или на установленной территории, а также оповещение о попытках снятия и повреждениях радиоэлектронного браслета и иных нарушениях);

      4) мобильное контрольное устройство (электронное устройство, предназначенное для ношения совместно с радиоэлектронным браслетом при нахождении лица, состоящего на учете, вне места, оборудованного стационарным контрольным устройством, для отслеживания его места нахождения по сигналам глобальной навигационной спутниковой системы, а также оповещения о попытках снятия и повреждениях радиоэлектронного браслета и иных нарушениях);

      5) стационарное устройство трансляции (электронное устройство, предназначенное для генерации радиосигнала и обеспечения работы персонального трекера в помещении без сигналов глобальной навигационной спутниковой системы);

      6) стационарное устройство аудиовизуального контроля (электронное устройство, предназначенное для автоматической визуальной и голосовой идентификации лица, состоящего на учете);

      7) стационарное устройство фотоэлектрохимического контроля (электронное устройство, предназначенное для автоматического визуального контроля и определения количества алкоголя в крови по выдыхаемому воздуху идентифицируемого лица, состоящего на учете);

      8) средство телекоммуникации (электронное мобильное устройство связи, позволяющее дистанционно принимать и отправлять визуальную и голосовую информацию для идентификации лица, состоящего на учете, а также отслеживать его местонахождение по сигналам глобальной навигационной спутниковой системы).

      3. Технические средства и устройства мониторинга:

      1) сервер мониторинга (программно-аппаратный комплекс, предназначенный для обеспечения работы системы дистанционной идентификации, получения, обработки, хранения и передачи информации);

      2) сервер аудиовизуального контроля (программно-аппаратный комплекс для обеспечения функционирования системы визуальной и голосовой идентификации, записи, обработки, хранения и передачи информации);

      3) автоматизированное рабочее место оператора (программно-аппаратный информационный комплекс, предназначенный для обработки и отображения информации о выполнении лицом, состоящим на учете, предписанных ограничений);

      4) мобильный пульт мониторинга (комплекс портативных переносных устройств, обеспечивающий прием и идентификацию сигналов радиоэлектронных браслетов и персональных трекеров, а также обработку и отображение информации о выполнении лицом, состоящим на учете, предписанных ограничений);

      5) телекоммуникационное средство мониторинга (электронное мобильное устройство связи, позволяющее дистанционно принимать и отправлять визуальную и голосовую информацию для идентификации лица, состоящего на учете, а также отслеживать его местонахождение по сигналам глобальной навигационной спутниковой системы).