"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 212 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 24 мамырда № 32561 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 416 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20974 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін, соңғы қызмет орны бойынша кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжатты түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисі арқылы және мынадай құжаттар мен олардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

      1) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті органдағы банк шотының нөмірі не қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшасының бақылау шоты туралы мәліметтер;

      2) 3х4 сантиметр өлшемдегі түрлі-түсті екі фотосурет;

      3) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін – әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызының жеке зейнетақы шотынан есептен шығарылғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша растау-анықтама.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Зейнетақы куәлігін ауыстыру жоғалған, бүлінген, сондай-ақ зейнеткердің тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зейнетақы куәлігін жоғалтқан зейнеткер Табу бюросына жүгінгені және жоғалтқан зейнетақы куәлігінің жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаны туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынумен, Агенттіктің кадр қызметін хабардар етеді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зейнетақы куәлігін бүлдірген жағдайда, зейнеткер бүлінген зейнетақы куәлігін кезекті жою үшін Агенттіктің кадр қызметіне ұсынады.

      Зейнеткер тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда, Агенттіктің кадр қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зейнетақы куәлігін, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисі арқылы өзгертілген деректерімен ұсынады.

      Жоғалған немесе бүлінгеннің орнына, сондай-ақ тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген кезде жаңа зейнетақы куәлігін Агенттіктің кадр қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа зейнетақы куәлігін дайындауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет кірісіне өтегені туралы растайтын құжаттарды, сондай-ақ 3х4 сантиметр өлшемдегі түрлі-түсті екі фотосуретті тапсырғаннан кейін береді.";

      31-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисі арқылы;";

      6-қосымшада:

      ескертпелерде:

      4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "оң жақ бөліктің ортасында қызыл түспен орындалған "№ __ КУӘЛІК" деген жазу орналастырылған, оның астында арнаулы атағы немесе біліктілік сыныбы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және "ЗЕЙНЕТКЕР" деген жазу мемлекеттік тілде көрсетіледі. Зейнетақы куәлігінің нөмірі қара түспен басылады;";

      5-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "сол жақ бөлігінде зейнеткердің 3х4 сантиметр өлшемдегі түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет зейнеткері фотосуретке күнделікті киетін нысанды киімде (китель, көгілдір түсті жейде, галстук) бас киімсіз ақ фонда, ордендік планкаларымен және білімі туралы белгілермен (болған жағдайда) түседі. Погондардағы айырмашылық белгілері зейнетақы куәлігін толтыру күніне берілген арнайы атағына сәйкес болуға тиіс. Зейнетке шығу сәтінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біліктілік сыныбы болған зейнеткері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зейнетақы куәлігін ауыстыратын жағдайда, фотосуретке ақ фонда бас киімсіз іскерлік нысандағы киіммен түседі;

      оң жақ бөліктің ортасында қызыл түспен орындалған "УДОСТОВЕРЕНИЕ № __" деген жазу орналастырылған, оның астында арнаулы атағы немесе біліктілік сыныбы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және "ПЕНСИОНЕР" деген жазу орыс тілінде көрсетіледі. Зейнетақы куәлігінің нөмірі қара түспен басылады;";

      7-қосымша осы бұйрыққа косымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет)
Төрағасы 2023 жылғы
23 мамырдағы
№ 166 бұйрығына қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау
және жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша

      Нысан

Зейнетақы куәліктерін есепке алу кітабы

р/с №

Зейнеткерлік куәліктің реті бойынша нөмірі, тіркеу күні

Зейнеткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), арнаулы атағы немесе біліктілік сыныбы, лауазымы және қызметтен шығарылар алдындағы қызмет орны, туған күні

Зейнеткерлік куәлікті беру (алғашқы рет немесе ауыстыру №___)

Куәлікті алу: тегі, инициалдары, қолы, алған күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6


О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 9 июля 2020 года № 212 "Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат за выслугу лет сотрудникам, проходившим службу в антикоррупционной службе"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 23 мая 2023 года № 166. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 мая 2023 года № 32561. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 20 декабря 2023 года № 416.

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 20.12.2023 № 416 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 9 июля 2020 года № 212 "Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат за выслугу лет сотрудникам, проходившим службу в антикоррупционной службе" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20974) следующие изменения и дополнение:

      в Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат за выслугу лет сотрудникам, проходившим службу в антикоррупционной службе, утвержденной указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Сотрудники антикоррупционной службы для оформления пенсионных выплат представляют в кадровую службу по последнему месту службы документ, удостоверяющий личность, в оригинале либо посредством сервиса цифровых документов и заявление по форме, согласно приложению 1 к Правилам, с приложением следующих документов и их копий:

      1) сведения о номере банковского счета в уполномоченной организации по выдаче пенсий либо контрольного счета наличности учреждения уголовно-исполнительной системы;

      2) две цветных фотографии размером 3х4 сантиметра;

      3) для лиц, в пользу которых до 1 января 2016 года обязательные пенсионные взносы перечислялись за счет бюджетных средств – справка-подтверждение о списании с индивидуального пенсионного счета 50 процентов от суммы обязательных пенсионных взносов, перечисленных за счет бюджетных средств до 1 января 2016 года в пользу военнослужащих (кроме военнослужащих срочной службы), сотрудников специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лиц, права которых иметь специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года, по форме, установленной законодательством Республики Казахстан.";

      дополнить пунктом 14-1 следующего содержания:

      "14-1. Замена пенсионного удостоверения производится в случаях утери, порчи, а также при изменении фамилии, имени или отчества пенсионера.

      Пенсионер, утерявший пенсионное удостоверение антикоррупционной службы, информирует кадровую службу Агентства, с предоставлением копии документов об обращении в Бюро находок и опубликовании объявления о недействительности утерянного пенсионного удостоверения в средствах массовой информации.

      В случае порчи пенсионного удостоверения антикоррупционной службы, пенсионер предоставляет испорченное пенсионное удостоверение в кадровую службу Агентства для последующего уничтожения.

      В случае изменения фамилии, имени или отчества пенсионер предоставляет в кадровую службу Агентства пенсионное удостоверение антикоррупционной службы, а также документ, удостоверяющий личность, в оригинале либо посредством сервиса цифровых документов с измененными данными.

      Новое пенсионное удостоверение взамен утерянного или испорченного, а также при изменении фамилии, имени или отчества выдается кадровой службой Агентства после предоставления подтверждающих документов о возмещении в доход государства расходов на изготовление нового пенсионного удостоверения антикоррупционной службы, а также двух цветных фотографий размером 3х4 сантиметра.";

      подпункт 2) пункта 31 изложить в следующей редакции:

      "2) документ, удостоверяющий личность (удостоверение личности, удостоверение лица без гражданства, вид на жительство иностранца), в оригинале либо посредством сервиса цифровых документов;";

      в приложении 6:

      в примечаниях:

      абзац пятый пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "в центре правой части размещена надпись, выполненная красным цветом "№ __ КУӘЛІК", под которой черным цветом указывается специальное звание или квалификационный класс, имя, отчество (при его наличии), фамилия и надпись "ЗЕЙНЕТКЕР" на государственном языке. Номер пенсионного удостоверения печатается черным цветом;";

      абзацы третий и четвертый пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "в левой части размещается цветная фотография (анфас) пенсионера размером 3х4 сантиметра. Пенсионер антикоррупционной службы фотографируется в повседневной форменной одежде (китель, рубашка голубого цвета, галстук) на белом фоне без головного убора, с орденскими планками и знаками об образовании (при наличии). Знаки различия на погонах должны соответствовать специальному званию, присвоенному ко дню заполнения пенсионного удостоверения. Пенсионер антикоррупционной службы, имевший на момент выхода на пенсию квалификационный класс, в случае замены пенсионного удостоверения антикоррупционной службы фотографируется в деловом стиле одежды на белом фоне без головного убора;

      в центре правой части размещена надпись "УДОСТОВЕРЕНИЕ № __", выполненная красным цветом, под которой указывается специальное звание или квалификационный класс, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и надпись "ПЕНСИОНЕР" на русском языке. Номер пенсионного удостоверения печатается черным цветом;";

      приложение 7 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту кадровой работы Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
А. Жұмағали

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
от 23 мая 2023 года № 166
  Приложение 7
к Инструкции по назначению
и осуществлению пенсионных
выплат за выслугу лет сотрудникам,
проходившим службу
в антикоррупционной службе
  Форма

Книга учета пенсионных удостоверений

№ по порядку

Номер пенсионного удостоверения по порядку, дата регистрации

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) пенсионера, специальное звание или квалификационный класс, должность и место службы перед увольнением, дата рождения

Выдача пенсионного удостоверения (первично или замена №____)

Получил удостоверение: фамилия, инициалы, подпись, дата получения

Примечание

1

2

3

4

5

6