"Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту ережелері мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 25 мамырдағы № 426 Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту ережелері мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту ережелері мен шарттары (бұдан әрі - Ереже) "Әскери полиция органдары туралы" Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына (бұдан әрі - әскери полиция органдары) қызметке алғашқы рет кіретін азаматтардың (бұдан әрі – кандидаттар) тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет кіретін азамат (бұдан әрі - кандидат) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын, әскери қызмет туралы заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкес деп танылған жағдайда тағылымдамаға жіберіледі.
2-тарау. Тағылымдаманы ұйымдастыру және өту тәртібі
3. Кандидатпен тағылымдамадан өту кезеңінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тағылымдамадан өту мерзіміне еңбек шарты жасалады.
4. Кандидат тағылымдамадан әскери полиция органында өтеді.
5. Тағылымдамадан өту мерзімі екі айды құрайды.
6. Кандидат тағылымдамадан өту орны бойынша дәлелді себептермен болмаған жағдайда тағылымдама мерзімі оның болмаған уақытына, бірақ он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Кандидат тағылымдамаға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда тағылымдамадан қайта өту мүмкіндігі тағылымдамадан өту орны бойынша болмау себептерін көрсете отырып, кандидаттың өтініші бойынша қаралады.
7. Тағылымдаманың басшысы болып әскери полиция органының бастығы тағайындалады.
8. Тағылымдаманың басшысы:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өту кезіндегі кандидаттың жеке тапсырмасы мен жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) кандидатты әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің функционалдық міндеттерімен, әскери полиция органдарының жұмысын ұйымдастырумен таныстырады;
3) тағылымдамадан өту кезіндегі кандидаттың жеке тапсырмасы мен жұмыс жоспарында көзделген сұрақтарды зерделеуде қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
4) тағылымдамадан өту кезіндегі кандидаттың жеке тапсырмасы мен жұмыс жоспарының уақтылы орындалуын бақылайды.
9. Тағылымдама кезеңінде кандидат:
1) белгіленген мерзімде тағылымдамадан өту кезіндегі кандидаттың жеке тапсырмасы мен жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды;
2) белгіленген күн тәртібін және еңбек тәртібін сақтайды;
3) атқарылған жұмыстардың есебін жүргізеді;
4) тағылымдама процесінде алынған мәліметтерді жария етпейді;
5) мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді талап ететін режимдік объектілерде жүзеге асырылатын іс-шараларды, сондай-ақ оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, тағылымдама басшысының тапсырмалары шегінде әрекет етеді, әскери полиция органдары өткізетін іс-шараларға қатысады;
6) қызметтік мүлік пен техникалық құралдарға ұқыпты қарайды;
7) іскерлік киім стилін ұстанады.
10. Тағылымдама қорытындысы бойынша кандидатқа тағылымдама басшысы кандидаттың әскери полиция органдарындағы қызметке жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірін көрсете отырып мінездеме жасайды:
1) "ұсынылады";
2) "ұсынылмайды".
Мінездемеде теориялық білім деңгейіне және практикалық жұмыс дағдыларына баға беріледі, кандидаттың моральдық және іскерлік қасиеттері, оның еңбек және орындау тәртібіне қатынасы, сондай-ақ кандидаттың жеке басын сипаттайтын өзге де мәліметтер көрсетіледі.
11. Еңбек шартының талаптарын және осы Ереженің 9-тармағының талаптарын бұзуға жол берген кандидат тағылымдамадан өтпеген деп танылады және тағылымдамадан қайта өтуге жіберілмейді.
12. Кандидатқа тағылымдама материалдарын (тағылымдамадан өту кезіндегі кандидаттың жеке тапсырмасы мен жұмыс жоспары, мінездеме) тағылымдама басшысы кадр жұмысы бөлімшесіне тағылымдама аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Кадр жұмысы бөлімшесі тағылымдама материалдарын кандидаттың жеке ісіне қоса тіркейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту ережелері мен шарттарына қосымша |
Нысан
Тағылымдамадан өту кезіндегі кандидаттың жеке тапсырмасы мен жұмыс жоспары
Бекітемін | |
Бастық __________________ | |
(әскери полиция органының атауы) ___________________________ ______________ ________ _______________________ | |
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар | |
болса) | |
20__ жылғы "___" ________ |
"___"_____20__ жылы ________________ (елді мекен) 1. Кандидаттың жеке тапсырмасы ___________________________________________________________ (запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса) __________________________________________________________________ (жоспарланған лауазымның және бөлімшенің атауы) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Кандидат _________________________________________________________ (запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса) Келісілді Бөлімше бастығы: ____________ ______________________________________________________ (әскери атағы) (қолы) Т.А.Ә. (бар болса) 2. Кандидаттың жеке жұмыс жоспары __________________________________________________________________ (запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса) __________________________________________________________________ (жоспарланған лауазымның және бөлімшенің атауы)
Күні | Іс-шараның атауы | Бақылау нәтижесі |
Тағылымдама нәтижелері бойынша қорытынды:___________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Бөлімше бастығы: _______________ ____________ _________________________ (әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 20__ жылғы "___" _____ Тағылымдама нәтижесі бойынша қорытындымен___________________________ _____________________________________________________________________ Бастық _______________________________________________________________ (әскери полиция органының атауы) _____________________________________________________________________ ________________ ____________ ________________________________________ (әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 20__ жылғы "___" ________