"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 123/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 мамырда № 32644 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге көрсетілген көтермелеу нысандарының бірі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.".

      2. Адами ресурстарды басқару департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 февраля 2020 года № 40/НҚ "Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 123/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 мая 2023 года № 32644

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 февраля 2020 года № 40/НҚ "Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20002) следующие изменения:

      в Правилах применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. К государственным служащим могут применяться следующие поощрения:

      1) единовременное денежное вознаграждение;

      2) объявление благодарности;

      3) награждение ценным подарком;

      4) награждение грамотой;

      5) присвоение почетного звания;

      6) иные формы поощрения, в том числе награждение ведомственными наградами.

      За одно и то же отличие государственному служащему может быть применена только одна из форм указанных поощрений и только один раз с указанием конкретных заслуг в акте государственного органа.".

      2. Департаменту управления человеческими ресурсами обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин