БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үздік педагог" атағын беру қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Үздік педагог" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өткізілген конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) қорытындылары бойынша меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне "Үздік педагог" атағын беру тәртібін айқындайды.
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган оны өткізу уақыты басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырады, ауданның/қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің Интернет-ресурсында орналастырады.";
8-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Конкурстың I кезеңі ағымдағы жылғы шілдеде өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары болады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" 24. Конкурстың II кезеңі ағымдағы жылғы тамызда өткізіледі, онда III кезеңге қатысу үшін ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады.";
27-тармақтың қазақ тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.";
"27. II кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің саны кемінде он екі адамды құрайды. Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Өңірлік комиссияның II кезеңінің шешімінің қорытындысы бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың ІI кезеңінің жеңімпаздары болады.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Конкурстың III кезеңі ағымдағы жылғы кыркүйекте өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.";
Орыс тіліндегі мәтіннің 4-қосымшасына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің м.а. |
А. Ильясов |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің м.а. 2023 жылғы 2 маусымдағы № 157 бұйрығына қосымша/ |
|
"Үздік педагог" атағын беру қағидаларына 4-қосымша |
"Үздік педагог" атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Баллдар | |
1 | Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесі, ең жоғары балдан % (біреуін таңдау) тармақша | |
91-100% | 5 | |
81-90% | 4 | |
71-80% | 3 | |
61-70% | 2 | |
2 | Педагогтің кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін бағалау (ең жоғары көрсеткішпен бір ғана нәтиже ескеріледі) | |
2.1 | "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес педагогтің соңғы 3 (үш) жылда кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) | |
Халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы дипломының болуы | 4 | |
Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы дипломының болуы | 3 | |
Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың кәсіби шеберлік конкурстары дипломының болуы | 2 | |
2.2 | Соңғы 3 (үш) жылда авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу | |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған оқулықтың, оқу-әдістемелік кешеннің авторы | 5 | |
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Үлгілік оқу жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеуге қатысу | 4 | |
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен элективті курстар, әдістемелік құралдар бағдарламаларының авторы | 3 | |
Облыстық, қалалық және республикалық маңызы бар қалалардың оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген әдістемелік құралдардың, элективті курстардың, факультативті курстардың авторы | 2 | |
2.3 | Соңғы 3 (үш) жылдағы жарияланымдар: | |
Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне кіретін жарияланымы бар | 4 | |
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымы бар | 3 | |
Білім және тәрбие саласында республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымы бар | 2 | |
Облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымы бар | 1 | |
2.4 | Наградалардың болуы | |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының болуы | 4 | |
Ведомстволық наградалары мен көтермелеулерінің болуы | 3 | |
Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар және астананың Білім басқармаларының көтермелеулерінің болуы | 2 | |
Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің көтермелеулердің болуы | 1 | |
2.5 |
Тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет | |
Жобаны іске асыру және оның нәтижелілігін ұсыну (гранттар, сертификаттар, Web (феб) сайттарға сілтемелер) | 3 | |
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша, кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша дебат қозғалысына қатысудың нәтижелілігі (бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, Web (веб) сайттарда ақпаратты орналастыру) | 2 | |
2.6 | Тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет бойынша басқа ұйымдармен ынтымақтастық | |
Халықаралық деңгейде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет бойынша басқа ұйымдармен ынтымақтастық | 3 | |
Республикалық деңгейде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет жөніндегі басқа ұйымдармен ынтымақтастық | 2 | |
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана деңгейінде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет жөніндегі басқа да ұйымдармен ынтымақтастық | 1 | |
2.7 | Педагогті кәсіби қоғамдастық пен жұртшылықтың тануы | |
Педагогтерді үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың және бұқаралық ақпараттық құралдарының тануы (алғыс хаттар, республикалық деңгейдегі дипломдар, қайырымдылық ұйымдары мен қоғамдық қорлар) | 3 | |
Ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғамдастық өкілдерінің тануы | 2 | |
Әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлері | 1 | |
2.8 | Волонтерлік қызмет | |
Волонтерлік және қайырымдылық қызметке белсенді қатысу | 3 | |
3 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің соңғы 3 жылдағы жетістіктері | |
3.1 | Конкурстар | |
Халықаралық балалар конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері | 4 | |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері | 3 | |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының облыстық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері | 2 | |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері | 1 | |
3.2 | Ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар) | |
Халықаралық балалар зерттеу жобалары конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері | 4 | |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген "Мен зерттеушімін" республикалық балалар конкурсының жүлдегерлері, жеңімпаздары | 3 | |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген "Мен зерттеушімін" республикалық балалар конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлері, жеңімпаздары | 2 | |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген "Мен зерттеушімін" республикалық балалар конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері | 1 | |
4 | "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің/ білім алушыларының соңғы 3 жылдағы жетістіктері | |
4.1 | Республикалық және халықаралық олимпиадалар | |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері | 4 | |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері | 3 | |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі студенттерге арналған республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері | 2 | |
Мамандандырылған олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері | 2 | |
Оқушыларға арналған жоғары оқу орындары олимпиадаларының жеңімпаздары, жүлдегерлері | 1 | |
4.2 | Ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар) | |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары, жүлдегерлері | 5 | |
Республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, | 4 | |
Республикалық конкурстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алған студенттерге арналған конкурстарының жүлдегерлері, жеңімпаздары | 4 | |
Ғылыми жобалардың мамандандырылған конкурстарының жүлдегерлері, жеңімпаздары | 3 | |
4.3 | Орындаушылар конкурсы | |
Орындаушылардың халықаралық конкурстары | 5 | |
Орындаушылардың республикалық конкурстары | 4 | |
Мамандандырылған конкурстар | 3 | |
4.4 | Спорттық жарыстар | |
Халықаралық спорттық жарыстар | 5 | |
Республикалық спорттық жарыстар | 4 | |
5. |
1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу қызметін (бұдан әрі – ОҚ) бағалау – сабақ (оқу) (15 минут); | |
5.1 | Оқу қызметінің мақсаттарын қою | |
Нақты және қол жеткізуге болатын мақсаттар | 2 | |
Мақсаттарға ішінара қол жеткізілді | 1 | |
5.2 |
Оқыту әдістері | |
Оқытудың белсенді әдістерін қолдану | 3 | |
Оқыту әдістері қойылған мақсаттарға сәйкес келеді | 3 | |
Оқыту әдістері оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуды білдіреді | 3 | |
5.3 | Формативті бағалау жүргізу | |
Формативті бағалау құралдарын біледі және тиімді қолданады | 4 | |
Формативті бағалау құралдарын біледі, бірақ шебер қолдана алмайды | 3 | |
Формативті бағалау құралдарын тиімсіз қолданады | 2 | |
5.4 | Педагогтің вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдылары | |
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын меңгерген | 2 | |
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын ішінара меңгерген | 1 | |
5.5 | Ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану | |
Білім алушыларды оқу материалын меңгеруге ынталандыратын ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану | 2 | |
Ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу материалын көрсетумен шектеледі | 1 | |
6 | ЭССЕ (500 сөзден артық емес) | |
6.1 | Эссе тақырыбын ашу | |
Тақырып толығымен ашылды | 3 | |
Тақырып ішінара ашылды | 1 | |
6.2 | Өз ұстанымын қолдау үшін дәлелдер жазу | |
Жеке зерттеу нәтижелерін пайдаланады | 3 | |
Педагогикалық теорияларды немесе ұғымдарын қолданады | 2 | |
Белгілі фактілерді пайдаланады | 1 | |
6.3 | Логика мен дәйектілік, тұжырымдардың болуы | |
Құрылым нормаға сәйкес келеді (кіріспе, негізгі бөлік пен қорытындының болуы) | 3 | |
Эссе қисынды және дәйекті, бірақ тұжырымы жоқ | 2 | |
Эсседе логикалық дәйектілік жоқ | 1 | |
7 |
Үздік тәжірибелерді тарату | |
7.1 | Өзектілігі | |
Педагогикалық мәселенің өзектілігі толығымен ашылды және шешу жолдарын қамтиды | 3 | |
Педагогикалық мәселенің өзектілігі ашылды, бірақ шешу жолдары толық қамтамасыз етілмеген | 2 | |
Педагогикалық мәселенің өзектілігі ішінара ашылды | 1 | |
Педагогикалық мәселенің өзектілігі ашылмаған | 0 | |
7.2 | Үздік тәжірибелер тиімділігінің дәлелі | |
Үздік тәжірибенің нәтижелілігін ұсыну | 3 | |
Нәтижеліліктің болмауы | 0 | |
7.3 | Шешендік өнер | |
Сөйлеу түсінікті, мәнерлі, эмоционалды | 2 | |
Сөйлеу монотонды, бірқалыпты | 1 | |
7.4 | Иллюстрациялық материалдарды қолдану | |
Иллюстрациялық материалдарды шебер пайдалану: презентациялар, диаграммалар, суреттер, фото, бейнемонтаж және т. б. (шығармашылық тәсіл) | 3 | |
Иллюстрациялық материалдар пайдаланылды (тек презентация) | 2 | |
Тақырыпты ашпайтын иллюстрациялық материалдарды пайдалану | 1 | |
Барлығы | 100 |