"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10279 тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Үздік педагог" атағын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа баспаларында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар (Ж.А. Жонтаева), Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту (С.М. Мадеев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген

"Үздік педагог" атағын беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.08.2022 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үздік педагог" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өткізілген конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) қорытындылары бойынша меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне "Үздік педагог" атағын беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) апелляциялық комиссия – Конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін республикалық, облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) құрылатын комиссия (бұдан әрі - Апелляциялық комиссия);

      2) өңірлік конкурстық комиссия – Конкурстың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын айқындау және Конкурстың келесі кезеңіне қатысу үшін ұсынымдар беру үшін облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астанада құрылатын комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия);

      3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке және кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы (электронды парақша);

      4) республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын айқындау және оған "Үздік педагог" атағын беру үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құратын комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия).

2-тарау. "Үздік педагог" атағын беру тәртібі

      3. "Үздік педагог" атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

      4. "Үздік педагог" атағы бір педагогке он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

      5. "Үздік педагог" атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын және Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады (бұдан әрі – Конкурсқа қатысушы).

      6. Конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган оны өткізу уақыты басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырады, ауданның/қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің Интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.

      1) І кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;

      2) ІІ кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей;

      3) ІІІ кезең – республикалық деңгей.

      8. Алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Конкурс қатысушылары өздері құжаттарды (материалдарды) Министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктейді.

      10. Ұсынылған құжаттарда (материалдарда) плагиат анықталған жағдайда Комиссия педагогке Конкурстың келесі кезеңінен шеттетілгені туралы хабарлайды. Еркін нысанда хабарлама педагогтің жұмыс орны бойынша білім беру ұйымына жіберіледі.

1-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының I кезеңін өткізу тәртібі

      11. Конкурстың I кезеңі ағымдағы жылғы шілдеде өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Конкурстың І кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау үшін Бөлім басшысының бұйрығымен аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады.

      13. Өңірлік комиссия аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) Бөлімнің қызметкерлері, педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздары, әдістемелік қызметтер, білім беру саласындағы ғылыми және талдамалық ұйымдардың қызметкерлері (сарапшылары), сондай-ақ білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

      14. Өңірлік комиссия мүшелерінің саны кемінде тоғыз адамды құрайды. Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.

      15. Өңірлік комиссияның төрағасы мен төраға орынбасары Өңірлік комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Өңірлік комиссияның хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады және ауданның, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) бiлiм берудi басқару органының актiсiмен тағайындалады, Өңірлік комиссияның хатшысы оның мүшесi болып табылмайды және шешiмдер қабылдау кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.

      16. Өңірлік комиссия Конкурстың І кезеңінің қатысушыларының конкурстық құжаттарын (материалдарын) бағалайды.

      17. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):

      1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);

      2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;

      3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.

      18. Конкурстың І кезеңін бағалау тетіктері:

      1) Өңірлік комиссиялардың мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;

      2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттар (материалдар) кездейсоқ іріктеу әдісімен Өңірлік комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;

      3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың әр портфолиосын бағалайды;

      4) бағалауды Өңірлік комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді;

      5) Өңірлік комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;

      6) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;

      7) Өңірлік комиссияның отырысында Конкурсқа қатысушылардың орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде Өңірлік комиссия шешім қабылдайды;

      8) Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім Өңірлік комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;

      9) Өңірлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      19. Конкурсқа қатысушы Өңірлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Аппеляциялық комиссияға шағым жасайды. Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, Өңірлік комиссияның шешіміне сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      20. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары болады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

      22. Конкурс қорытындылары бойынша Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздарына Өңірлік комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздарына ауданның, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) "Үздік педагог" атағы беріледі және куәлік тапсырылады.

2-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының II кезеңін өткізу тәртібі

      23. Конкурстың I кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар II кезеңге қатысуға жіберіледі.

      24. Конкурстың II кезеңі ағымдағы жылғы тамызда өткізіледі, онда III кезеңге қатысу үшін ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Конкурстың ІІ кезеңін өткізу туралы хабарландыруды облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы (бұдан әрі – Білім басқармасы) Министрліктің ақпараттық жүйесінде Конкурстың ІІ кезеңін өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырады.

      Конкурстың ІІ кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады, оның құрамы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ астананың Білім басқармаларының бұйрығымен бекітіледі (бұдан әрі – II кезеңнің Өңірлік комиссиясы).

      26. II кезеңнің Өңірлік комиссиясы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ астананың Білім басқармалары (бұдан әрі – Блім басқармалары) қызметкерлерінен, педагог-зерттеушілерден, педагог-шеберлерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызметтер, білім беру саласындағы ғылыми және талдамалық ұйымдардың қызметкерлері (сарапшыларынан), сондай-ақ білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да өкілдерінен қалыптастырылады.

      27. II кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің саны кемінде он екі адамды құрайды. Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. II кезеңнің Өңірлік комиссиясының төрағасы мен төраға орынбасары II кезеңнің Өңірлік комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. II кезеңнің Өңірлік комиссияның хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады және Білім басқармасы басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның актiсiмен тағайындалады, II кезеңнің Өңірлік комиссиясының хатшысы оның мүшесi болып табылмайды және шешiмдер қабылдау кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.

      29. ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың ІІ кезеңіне қатысушылардың конкурстық құжаттарын (материалдарын) бағалайды.

      30. ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың ІІ кезеңі жеңімпаздарының құжаттарын (материалдарын) және Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырылған материалдарды қарайды.

      31. Конкурстың ІІ кезеңін бағалау тетіктері:

      1) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссияларының мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;

      2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар кездейсоқ іріктеу әдісімен Өңірлік комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;

      3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын (материалдарын) бағалайды;

      4) бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;

      5) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;

      6) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;

      7) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы отырысында орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған Конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешім қабылдайды;

      8) Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;

      9) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      32. Конкурсқа қатысушы ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда аппеляциялық комиссияға шағым жасайды. Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      33. Өңірлік комиссияның II кезеңінің шешімінің қорытындысы бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың ІI кезеңінің жеңімпаздары болады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпаздарына облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагогі" атағы беріліп, куәлік тапсырылады.

      35. Конкурстың ІІ кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

      36. Конкурстың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар III кезеңге қатысуға жіберіледі.

3-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІІ кезеңін өткізу тәртібі

      37. Конкурстың III кезеңі ағымдағы жылғы кыркүйекте өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Конкурстың III кезеңiн Республикалық комиссия өткізеді, оның төрағасы Министрліктің бірінші басшысы немесе Министрлiктiң бiрiншi басшысы айқындайтын тұлға болып табылады.

      39. Республикалық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда төрағаның міндетін атқару оның орынбасарына жүктеледі.

      40. Республикалық комиссия Министрлігінің қызметкерлері, кәсіби конкурстардың жеңімпаздары, педагог-шеберлер, әдіскерлер, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – НЗМ ДББҰ), "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы қызметкерлерінің, сондай-ақ білім беру саласындағы республикалық үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Республикалық комиссия мүшелерінің саны кемінде жиырма бір адамды құрайды. Республикалық комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

      41. Республикалық комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен немесе оны алмастырушы адаммен бекітіледі.

      42. Конкурстың ІІІ кезеңіне қатысушылардың материалдарын бағалау сапасы үшін жауапкершілік Республикалық комиссияға жүктеледі.

      43. Конкурстың ІІІ кезеңі екі турда өткізіледі:

      бірінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы;

      екінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің Министрлік анықтаған білім беру ұйымында күндізгі форматта Конкурсқа қатысушы өткізетін сабақты/оқуды бағалауы.

      44. Конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші турында Республикалық комиссия Министрліктің ақпараттық жүйесінде орналастырылған Конкурстың ІІ кезеңі жеңімпаздарының материалдарын қарайды.

      45. Конкурстың ІІІ кезеңіне қатысушылардың материалдарын бағалау тетіктері:

      1) Республикалық комиссияның мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;

      2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттар (материалдар) кездейсоқ іріктеу әдісімен Республикалық комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;

      3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың материалдарын бағалайды;

      4) бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес Республикалық комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;

      5) бағалау нәтижесінде Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесі Конкурстың әрбір қатысушысына балл қояды;

      6) Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;

      7) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;

      8) Республикалық комиссияның отырысында конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші турына қатысушылардың орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған қорытынды балдары есептеледі, олар Республикалық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен бекітіледі.

      46. Конкурстың III кезеңінің екінші турына бірінші турда жинаған балдарына қарамастан барлық қатысушылар жіберіледі.

      47. Конкурстың ІІІ кезеңінің екінші турында Республикалық комиссия Конкурсқа қатысушылардың білім беру ұйымдарында күндізгі форматта өткізетін сабақтарын (оқуларын) бағалайды (өткізілетін орынды Министрлік айқындайды).

      48. Конкурстың ІІІ кезеңінің екінші турын өткізу үшін Министрлік Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-мен бірлесіп білім беру ұйымдарына Конкурсқа қатысушыларды бөлуді жүргізеді, сондай-ақ күндізгі форматта сабақ (оқу) өткізу кестесін, олардың кестесі мен тақырыптарын бекітеді.

      49. Конкурстың ІІІ кезеңіне қатысушылардың сабағын (оқуын) бағалау тетіктері:

      1) Республикалық комиссияның мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;

      2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар кездейсоқ іріктеу әдісімен Республикалық комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;

      3) топ мүшелері өз тобына күндізгі форматта бөлінген Конкурсқа қатысушылардың сабақтарына (оқуларына) қатысады және оларды бағалайды;

      4) бағалауды осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес Республикалық комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;

      5) бағалау нәтижесінде Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесі Конкурстың әрбір қатысушысына балл қояды;

      6) Республикалық комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;

      7) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;

      8) Республикалық комиссияның отырысында Конкурстың ІІІ кезеңінің екінші турына қатысушылардың орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған қорытынды балдары есептеледі, олар Республикалық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен бекітіледі.

      50. Конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші және екінші турларының қорытындыларын шығару:

      Республикалық комиссияның қорытынды отырысында Конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші және екінші турларында алынған қатысушылардың қорытынды балдары жинақталады. Бірінші және екінші турлар үшін қорытынды балдар орташа арифметикалық балға сәйкес сараланады, оның негізінде Республикалық комиссия шешім қабылдайды. Республикалық комиссияның шешімі қорытынды хаттамамен ресімделеді. Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім Республикалық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      51. Республикалық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Республикалық конкурстың 64 қатысушыға дейнгі қатысушысы квотаға сәйкес Конкурстың ІІІ кезеңінің жеңімпаздары болады: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері 10 адамға дейін, орта, арнайы, мамандандырылған және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері 34 адамға дейін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері 20 адамға дейін.

      52. Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындылары конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырылады, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.

      53. Конкурсқа қатысушы Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда Аппеляциялық комиссияға шағым жасайды. Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, Республикалық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      54. Республикалық кезеңге қатысқан, бірақ оның жеңімпазы болмаған "Үздік педагог" конкурсының ІІ кезеңінің жеңімпазына және атақ иегеріне Өңірлік комиссияның шешімі бойынша "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар оның ағымдағы шотына бір реттік сыйақы төлейді.

      55. Конкурстың III кезеңiнiң "Үздiк педагог" атағын иеленушiге "Педагог мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында ұйғарылған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төленеді, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Үздік педагог" куәлігімен, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Білім беру ұйымының үзік педагогі" төсбелгісімен марапатталады.

4-параграф. Апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібі

      56. Конкурсты өткізу кезеңінде оның барлық кезеңдерінде даулы мәселелерді шешу үшін Апелляциялық комиссия құрылады, ол апелляцияны қабылдауды қамтамасыз етеді.

      57. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беруді басқару органдарының және (немесе) Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.

      Аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) Апелляциялық комиссия құрамына мыналар кіреді: аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, әдіскерлер, "педагог-шебер", "педагог-зерттеуші" біліктілік санаттары бар мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;

      Облыстық және Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың апелляциялық комиссия құрамына білім басқармаларының, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, әдіскерлер, "педагог-шебер", "педагог-зерттеуші" біліктілік санаттары бар мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді;

      Республикалық деңгейде апелляциялық комиссия құрамына Министрліктің, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның, "НЗМ" ДББҰ-ның, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, "педагог-шебер", "педагог-зерттеуші" біліктілік санаттары бар мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.

      Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері апелляциялық комиссияның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. Аппеляциялық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, аппеляциялық комиссияның құрамы қайта қаралады.

      58. "Үздік педагог" конкурсын өткізу жөніндегі комиссия мүшелерін және Апелляциялық комиссия мүшелерін бекіту туралы бұйрықтың қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.

      59. Апелляциялық комиссия даулы жағдайлар туындаған кезде өтінішті қарайды. Конкурсқа қатысушы конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде апелляцияны Министрліктің ақпараттық жүйесіне электрондық форматта береді.

      60. Апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде толық негізделген жауап беріледі, оған төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары 1 (бір) жыл бойы сақталады.

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
1-қосымша

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ

      Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

1.

Жұмыс орны


2.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


3.

Туылған күні (күні, айы, жылы)


4.

Лауазымы


5.

Педагогикалық өтілі


6.

Лауазымдағы жұмыс өтілі


7.

Білімі (қай оқу орнын, факультетті, қай жылы бітірді)


8.

Біліктілік санаты


9.

Индексі бар үй мекенжайы


10.

Жеке куәліктің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру номері)


11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы), электрондық пошта


12.

Наградалар, көтермелеулер (награданың, көтермелеудің атауы)


      Өтінімді толтыру күні _____________________________________________________

      Конкурсқа қатысушының жеке қолы_________________________________________

      Білім беру ұйымы басшысының қолы_________________________________________________

      Мөр орны

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
2-қосымша

      Педагогтің портфолиосы

      1. Педагог туралы жалпы мәліметтер.

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), міндетті түрде 3х4 көлемінде фотосурет салынған;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      жұмыс орны куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      еңбек өтілі (еңбек және педагогикалық);

      білімі (білімін растайтын құжаттардың көшірмелері);

      білім беру ұйымдарының басшылары куәландырған педагогке арналған ұсыным (болған жағдайда) немесе өзге де ұсынымдар (міндетті түрде);

      біліктілікті арттыру (сертификаттар мен куәліктердің соңғы 5 (бес) жылдан аспайтын көшірмелері);

      марапаттары (грамоталардың, мақтау қағаздарының, алғыс хаттардың, төсбелгілер куәліктерінің, үкіметтік және мемлекеттік наградалардың көшірмелері);

      педагогтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы педагогикалық ұйымдарының, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастық өкілдерінің, оқушылардың (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық жұртшылық өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, халықаралық деңгейдегі дипломдар) тануы; қоғамдастыққа ықпалы (бұқаралық ақпарат құралдарында тануы, қайырымдылық ұйымдарына мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілердің құндылықты білім алуын дамыту, басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу;

      Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты.

      2. Педагогикалық қызмет мониторингі:

      білім беру ұйымының басшысы растаған білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) соңғы 3 (үш) жылдағы білім беру жетістіктері мониторингінің нәтижелері (болған жағдайда);

      педагогтің соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадаларға, кәсіби, шығармашылық конкурстарға және спорттық жарыстарға қатысуы туралы мәліметтер (тиісті сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен расталады);

      білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы (ғылыми жарыстардағы), шығармашылық конкурстардағы және спорттық жарыстардағы жетістіктері (тиісті сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен расталады).

      3. Ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша ақпарат:

      педагогикалық тәжірибені жинақтау (авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, оларға хаттамалардың үзінділері (болған жағдайда), педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, фестивальдар, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату);

      зерттеу қызметі (ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша мақалалар жариялау, шығармашылық есептер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалар туралы мәліметтер);

      білім беру және педагогикалық жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болса);

      педагогтің сараптамалық немесе жобалау қызметі, TV сабақтарын түсіруге қатысу (сертификаттар, анықтамалар немесе бұйрықтар, сараптамалық және жұмыс топтарына, TV сабақтарын түсіруге қатысатынын растайтын TV сабағына сілтеме);

      тәрбие жұмысының және сабақтан тыс іс-әрекет бағыттары бойынша материалдар ("Оқу мектебі" жобасы бойынша, "Дебаттық қозғалыс", "Мектепшілік/студенттік өзін-өзі басқару" жобасы бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша, экологиялық, еңбек, адамгершілік тәрбие және ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша материалдар);

      волонтерлік қызмет, соңғы 3 (үш) жылда қайырымдылық іс-шараларына қатысу (web-ресурстарда және әлеуметтік желілерде ақпаратты тұрақты орналастыру, балаларды тегін оқыту - растайтын құжаттарды, Министрліктің ақпараттық жүйесінде сілтемелерді тіркеу).

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
3-қосымша

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін қатысушылар жіберген озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау жобасы бойынша бейнесабақтарға/оқуларға және бейнероликтерге қойылатын талаптар мен техникалық шарттар:

      1. Конкурсқа конкурс тақырыбына сәйкес бейнесабақтар (бейнеоқулар), бейнероликтер ұсынылады.

      2. Ең төменгі ажыратымдылық - 720x480 (12: 8 см).

      3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін бейне сабақтың ұзақтығы – 7 (жеті) минут.

      4. Орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін бейнесабақтың (бейнеоқудың) ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

      5. Үздік тәжірибелерді тарату бойынша бейнероликтің ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейін. Мұғалімнің атымен ақпараттық экранды безендіру. Бейнероликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану (педагогтің қалауы бойынша). Қатысушылар бейнеролик жанрын өздері айқындайды (репортаж, бейнеклип). Бейнероликтің дыбысталуы бірінші тұлғадан (конкурсқа қатысушыдан) бейнеленеді. Бейнероликті монтаждауда арнайы бағдарламаларды, құралдарды, суреттерді, бейне фрагменттерді, арнайы эффектілерді, сыртқы тыңдауды пайдалануға болады. Конкурсқа тақырыпқа сәйкес келмейтін, басқа адамдардың қадір-қасиетін және сезімдерін қорлайтын жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды. Бейнероликтің мазмұны үздік тәжірибелерді трансляциялау жолдары мен әдістерін көрсетеді.

      6. Бейнесабақтың (бейнеоқудың) фрагменті, сондай-ақ үздік тәжірибелерді тарату бойынша бейнеролик Министрліктің ақпараттық жүйесіне сілтеме жасай отырып, YouTube (ютуб) Бейне платформаларына жүктеледі.

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
4-қосымша

"Үздік педагог" атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері

      Ескерту. 4-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 02.06.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсеткіштер

Баллдар

1

Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесі, ең жоғары балдан %
(біреуін таңдау) тармақша


91-100%

5


81-90%

4


71-80%

3


61-70%

2

2

Педагогтің кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін бағалау (ең жоғары көрсеткішпен бір ғана нәтиже ескеріледі)

2.1

"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес педагогтің соңғы 3 (үш) жылда кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген)


Халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы дипломының болуы

4


Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы дипломының болуы

3


Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың кәсіби шеберлік конкурстары дипломының болуы

2

2.2

Соңғы 3 (үш) жылда авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған оқулықтың, оқу-әдістемелік кешеннің авторы

5


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Үлгілік оқу жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеуге қатысу

4


Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен элективті курстар, әдістемелік құралдар бағдарламаларының авторы

3


Облыстық, қалалық және республикалық маңызы бар қалалардың оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген әдістемелік құралдардың, элективті курстардың, факультативті курстардың авторы

2

2.3

Соңғы 3 (үш) жылдағы жарияланымдар:


Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне кіретін жарияланымы бар

4


Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымы бар

3


Білім және тәрбие саласында республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымы бар

2


Облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында немесе облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында білім беру және тәрбие саласында жарияланымы бар

1

2.4

Наградалардың болуы


Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының болуы

4


Ведомстволық наградалары мен көтермелеулерінің болуы

3


Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар және астананың Білім басқармаларының көтермелеулерінің болуы

2


Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің көтермелеулердің болуы

1

2.5

Тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет
(барлық тармақтар бойынша ұпайлар)


Жобаны іске асыру және оның нәтижелілігін ұсыну (гранттар, сертификаттар, Web (феб) сайттарға сілтемелер)

3


"Оқу мектебі" жобасы бойынша, кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша дебат қозғалысына қатысудың нәтижелілігі (бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, Web (веб) сайттарда ақпаратты орналастыру)

2

2.6

Тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет бойынша басқа ұйымдармен ынтымақтастық


Халықаралық деңгейде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет бойынша басқа ұйымдармен ынтымақтастық

3


Республикалық деңгейде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет жөніндегі басқа ұйымдармен ынтымақтастық

2


Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана деңгейінде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызмет жөніндегі басқа да ұйымдармен ынтымақтастық

1

2.7

Педагогті кәсіби қоғамдастық пен жұртшылықтың тануы



Педагогтерді үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың және бұқаралық ақпараттық құралдарының тануы (алғыс хаттар, республикалық деңгейдегі дипломдар, қайырымдылық ұйымдары мен қоғамдық қорлар)

3


Ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғамдастық өкілдерінің тануы

2


Әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлері

1

2.8

Волонтерлік қызмет


Волонтерлік және қайырымдылық қызметке белсенді қатысу

3

3

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің соңғы 3 жылдағы жетістіктері

3.1

Конкурстар


Халықаралық балалар конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері

4


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері

3


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының облыстық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері

2


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген Республикалық балалар конкурстарының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері

1

3.2

Ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар)


Халықаралық балалар зерттеу жобалары конкурстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері

4


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген "Мен зерттеушімін" республикалық балалар конкурсының жүлдегерлері, жеңімпаздары

3


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген "Мен зерттеушімін" республикалық балалар конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлері, жеңімпаздары

2


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының жоспарына сәйкес бекітілген "Мен зерттеушімін" республикалық балалар конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері

1

4

"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің/ білім алушыларының соңғы 3 жылдағы жетістіктері


4.1

Республикалық және халықаралық олимпиадалар



Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері

4


Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері

3


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі студенттерге арналған республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері

2


Мамандандырылған олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері

2


Оқушыларға арналған жоғары оқу орындары олимпиадаларының жеңімпаздары, жүлдегерлері

1

4.2

Ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар)



Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары, жүлдегерлері

5


Республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары,

4


Республикалық конкурстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алған студенттерге арналған конкурстарының жүлдегерлері, жеңімпаздары

4


Ғылыми жобалардың мамандандырылған конкурстарының жүлдегерлері, жеңімпаздары

3

4.3

Орындаушылар конкурсы



Орындаушылардың халықаралық конкурстары

5


Орындаушылардың республикалық конкурстары

4


Мамандандырылған конкурстар

3

4.4

Спорттық жарыстар



Халықаралық спорттық жарыстар

5


Республикалық спорттық жарыстар

4

5.

1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу қызметін (бұдан әрі – ОҚ) бағалау – сабақ (оқу) (15 минут);
2. Балабақшалардағы ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі – ҰОҚ) бағалау – сабақ (оқу) (7 минут)


5.1

Оқу қызметінің мақсаттарын қою



Нақты және қол жеткізуге болатын мақсаттар

2


Мақсаттарға ішінара қол жеткізілді

1

5.2

Оқыту әдістері
(барлық тармақтар бойынша балл қоюға болады)



Оқытудың белсенді әдістерін қолдану

3


Оқыту әдістері қойылған мақсаттарға сәйкес келеді

3


Оқыту әдістері оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуды білдіреді

3

5.3

Формативті бағалау жүргізу



Формативті бағалау құралдарын біледі және тиімді қолданады

4


Формативті бағалау құралдарын біледі, бірақ шебер қолдана алмайды

3


Формативті бағалау құралдарын тиімсіз қолданады

2

5.4

Педагогтің вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдылары



Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын меңгерген

2


Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын ішінара меңгерген

1

5.5

Ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану



Білім алушыларды оқу материалын меңгеруге ынталандыратын ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

2


Ресурстарды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу материалын көрсетумен шектеледі

1

6

ЭССЕ (500 сөзден артық емес)


6.1

Эссе тақырыбын ашу



Тақырып толығымен ашылды

3


Тақырып ішінара ашылды

1

6.2

Өз ұстанымын қолдау үшін дәлелдер жазу



Жеке зерттеу нәтижелерін пайдаланады

3


Педагогикалық теорияларды немесе ұғымдарын қолданады

2


Белгілі фактілерді пайдаланады

1

6.3

Логика мен дәйектілік, тұжырымдардың болуы



Құрылым нормаға сәйкес келеді (кіріспе, негізгі бөлік пен қорытындының болуы)

3


Эссе қисынды және дәйекті, бірақ тұжырымы жоқ

2


Эсседе логикалық дәйектілік жоқ

1

7

Үздік тәжірибелерді тарату
(5 минутқа дейінгі бейнеролик)


7.1

Өзектілігі



Педагогикалық мәселенің өзектілігі толығымен ашылды және шешу жолдарын қамтиды

3


Педагогикалық мәселенің өзектілігі ашылды, бірақ шешу жолдары толық қамтамасыз етілмеген

2


Педагогикалық мәселенің өзектілігі ішінара ашылды

1


Педагогикалық мәселенің өзектілігі ашылмаған

0

7.2

Үздік тәжірибелер тиімділігінің дәлелі



Үздік тәжірибенің нәтижелілігін ұсыну

3


Нәтижеліліктің болмауы

0

7.3

Шешендік өнер



Сөйлеу түсінікті, мәнерлі, эмоционалды

2


Сөйлеу монотонды, бірқалыпты

1

7.4

Иллюстрациялық материалдарды қолдану



Иллюстрациялық материалдарды шебер пайдалану: презентациялар, диаграммалар, суреттер, фото, бейнемонтаж және т. б. (шығармашылық тәсіл)

3


Иллюстрациялық материалдар пайдаланылды (тек презентация)

2


Тақырыпты ашпайтын иллюстрациялық материалдарды пайдалану

1


Барлығы

100

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
5-қосымша

Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру және техникалық және кәсіптік блім беру, орта білімнен кейнгі педагогтердің сабақтарын (оқуларын) бағалау парағы

      Күні __________________________________________________________________________
Пәні ______________________________________________________________сыныбы (тобы)
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________________________
Сабақтың/оқудың тақырыбы ______________________________________________________
________________________________________________________________________________
Сабақтың/оқудың мақсаты ________________________________________________________
________________________________________________________________________________

Өлшемшарттар

Көрсеткіші

Балдар

Қорытынды
лар

Сабақ/оқу мақсаттары
ның негізділігі

Білім aлушыларды (тәрбиеленушілерді) мақсаттар қоюға және күтілетін нәтижелерге тарту

0-2


Мақсаттардың педагогикалық қызмет тәжірибесінде мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі

0-2


Мақсаттардың оңтайлылығы мен конструктивтілігі

0-2


Мазмұнды таңдаудың оңтайлылығы

Сабақтың (оқудың) мақсаттарына сәйкес мазмұнды іріктеу

0-2


Материалдың қолжетімділігі және көрнекілігі

0-2


Материалды ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі

0-2


Оқу мақсаттарына сәйкес функционалдық сауаттылыққа тапсырмаларды пайдалану

0-2


Педагогтің қызметі бойынша:

Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) белсенді оқытуға тарту

0-2


Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) сабақтың (оқудың) мақсаттарына сәйкес ұйымдастыру

0-2


Білім беру, тәрбие-білім беру процесіне қатысушылардың сапалы өзара іс-қимылын ұйымдастыру

0-2


Сараланған тәсілді қолдану

0-2


Тәрбие компонентін іске асыру

0-2


Сабақтың/
оқудың дидактикалық жабдықталуы

Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің)
оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру нысандарын үйлестірудің оңтайлылығы

0-2


Оқытудың белсенді әдістерін қолданудың тиімділігі

0-2


Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің және құралдарының мақсаттар мен мазмұнға барабарлығы

0-2


Сабақ (оқу) уақытын бөлудің ұтымдылығы

0-2


Ресурстарды, оның ішінде цифрлық ресурстарды пайдалану

0-2


Білім алушылардың/
тәрбиеленушілердің қызметі

Салыстыру және жалпылау қабілеті

0-2


Ойлау дербестігі

0-2


Өз ойларын логикалық баяндау

0-2


Рефлексивті-бағалау қызметін дамыту

0-2


Бақылау-бағалау қызметі

Сабақтың (оқудың) барлық кезеңдерінде кері байланыс және қалыптастырушы бағалау құралдарын қолданудың тиімділігі

0-2


Білім алушыларды/
тәрбиеленушілерді бағалау процесіне тарту

0-2


Сабақты/оқуды қорытындылау

0-2


Сабақты өзін-өзі талдауы

0-2


      Қорытындылар____________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Ұсынымдар ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
6-қосымша

Арнайы білім беру ұйымы педагогінің ашық сабақты (оқуды) бағалау парағы

      Күні________________________________________________________________________
Пәні________________________________________________________________________
Сыныбы (тобы)_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________
Сабақтың (оқудың) тақырыбы
____________________________________________________________________________
Сабақтың (оқудың) мақсаты____________________________________________________

Өлшем
шарттар

Көрсеткіштер

Балл

Қорытынды

Сабақ (оқу) мақсаттарының негізділігі

Сабақтың (оқудың) мақсаты сабақ тақырыбына сәйкес келеді

0-2


Сабақтың (оқудың) мақсаттары тәрбиеленушілердің / білім алушылардың жұмысынан күтілетін нәтижені ашады

0-2
0-2


Сабақтың (оқудың) мақсаттары білім алушылар үшін қолжетімді нысанда нақты тұжырымдалған



Мазмұнды таңдаудың оңтайлылығы

Сабақтың (оқудың) мазмұны мақсаттарға сәйкес келеді



Сабақтың (оқудың) мазмұны логикалық дәйектілікпен ұсынылды



Сабақтың (оқудың) мазмұны тәрбиеленушілердің / білім алушылардың әртүрлі танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып анықталған



Сабақтың (оқудың) мазмұны тәрбиеленушілердің/оқушылардың субъективті тәжірибесін ескерді



Педагог қызметі

Педагог тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) белсенділігі мен дербестігі үшін жағдай жасады



Педагог оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің әртүрлі тәсілдерін ұйымдастырды



Педагог эмоционалды-психологиялық жайлылық атмосферасын құрды, тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) іс-әрекетінің жоғары уәждемесін қолдады



Педагог тәрбие компонентін іске асырды



Сабақтың (оқудың) дидактикалық қамтамасыз етілуі

Сабақта (оқуда) әртүрлі ақпарат көздері қолданылды



Жұмыс түрлерінің, тапсырмалар түрлерінің кезектесуі тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жұмысқа қабілеттілігін қолдауға ықпал етті



Оқытудың әдістері мен тәсілдері бұзылған функциялардың дамуына және орнын толтыруға ықпал етті



Дидактикалық материалдар тәрбиеленушілерге (білім алушыларға) сараланған тәсілді қамтамасыз етті



Көрнекілік құралдары, цифрлық ресурстар тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланылды



Білім алушылардың (тәрбиеленуші лердің) қызметі

Тәрбиеленушілер (білім алушыларда) жоғары ынта, тұрақты қызығушылығы байқалды



Тәрбиеленушілер (білім алушылар) белсенділік пен дербестік көрсетті



Тәрбиеленушілер (білім алушылар) бір-бірімен нәтижелі өзара іс-қимыл жасады және ынтымақтастықта болды



Тәрбиеленушілер (білім алушылар) өз қызметінің оң нәтижесіне қол жеткізуге қызығушылық танытты



Бақылау-бағалау
қызметі

Педагог сабақтың (оқудың) барлық кезеңдерінде кері байланыс орнатып, оқу тапсырмаларын орындау процесін бағалады



Білім алушылар (тәрбиеленушілер) өз қызметінің бағалау процесіне тартылды



Педагог сабақты (оқуды) қорытындылады, тәрбиеленушілер (білім алушылар) қызметінің нәтижелерін қойылған міндеттермен байланыстырды



Сабақты өзіндік талдау



      Қорытындылар_______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Ұсынымдар__________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

  "Үздік педагог"
атағын беру қағидаларына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту
министрлігі



Министерство просвещения
Республики Казахстан

      Куәлік Свидетельство




      Мөр орны Министр аты, тегі

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
8-қосымша

      Муар таспасы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады