"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативін және қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 16-07/443 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 маусымда № 32769 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативін және қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 16-07/443 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8837 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативінде және қағидасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативі және қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар), "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану тәртібін және нормативін белгілейді.";

      10-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналысын реттеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген кезде;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 140 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың айналысын реттеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген кезде;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарды жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген) бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларына сәйкес келісілген нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын және 2024 жылғы 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

О внесений изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 сентября 2013 года № 16-07/443 "Об утверждении правил и норматива списания ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок при их использовании, а также уничтожения по истечении сроков их хранения или признания непригодными для использования по назначению по результатам лабораторных исследований"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 июня 2023 года № 222. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июня 2023 года № 32769

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 сентября 2013 года № 16-07/443 "Об утверждении правил и норматива списания ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок при их использовании, а также уничтожения по истечении сроков их хранения или признания непригодными для использования по назначению по результатам лабораторных исследований" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8837) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 28) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах и нормативе списания ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок при их использовании, а также уничтожения по истечении сроков их хранения или признания непригодными для использования по назначению по результатам лабораторных исследований, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила и норматив списания ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок при их использовании, а также уничтожения по истечении сроков их хранения или признания непригодными для использования по назначению по результатам лабораторных исследований (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 28) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" (далее – Закон) и устанавливают порядок и норматив списания ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок при их использовании, а также уничтожения по истечении сроков их хранения или признания непригодными для использования по назначению по результатам лабораторных исследований.";

      в пункте 10:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) при несоответствии требованиям Правил регулирования обращения ветеринарных лекарственных средств на таможенной территории Евразийского экономического союза, утвержденных Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 21 января 2022 года № 1;";

      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) при несоответствии требованиям Правил регулирования обращения диагностических средств ветеринарного назначения на таможенной территории Евразийского экономического союза, утвержденных Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 23 сентября 2022 года № 140;";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Утилизация и уничтожение кормов и кормовых добавок осуществляются в соответствии с Правилами утилизации и уничтожения пищевой продукции, представляющей опасность жизни и здоровью человека и животных, окружающей среде, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 140.

      Уничтожение ветеринарных препаратов, признанных по результатам лабораторных исследований непригодными для использования по назначению, осуществляется в соответствии с нормативно-технической документацией, согласованной согласно Правилам согласования нормативно-технической документации на новые, усовершенствованные ветеринарные препараты, кормовые добавки, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 7-1/625 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10298).".

      2. Комитету ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев восьмого и девятого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 13 марта 2024 года, и абзацев десятого и одиннадцатого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 27 октября 2024 года.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев