БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекiту туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидалары бекітілсін.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру қағидаларында:
қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 47) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Порталда орналастыру және жария талқылау тәртібі";
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі және Порталда жария талқылау үшін орналастырылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау үшін Порталда орналастыру мерзімі он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде әзірленетін, орындалу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттерді, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы, түсімдерді бөлу кестесін бекітуді көздейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бес күнге дейін қысқартылады.
Тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ қолайсыз эпидемиологиялық ахуал, оның ішінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген қолайсыз эпидемиологиялық ахуал себебінен уақытша шектеу іс-шараларына байланысты әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары, не "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру үшін жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бір күнді құрайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы қабылданған шешімді Порталда орналастырады.
Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен және (немесе) сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші органдар да келіспеу себептерінің негіздемесі бар қалыптастырылған ұстанымды Порталға орналастырады.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына тұжырымдамалық ескертулер мен ұсыныстарды қабылданған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік органдар жобаның жаңа нұсқасын орналастырады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Егер ақпаратты пайдаланушылар жария талқылау процесінде жобаға ескертулер және (немесе) ұсыныстар ұсынбаған жағдайда, жобаны жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – есеп) автоматты түрде қалыптастырылады.
Ақпаратты пайдаланушылардың жобаға ескертулері және (немесе) ұсыныстары жария талқылау процесінде келіп түскен кезде, Порталда қосымша талқылау үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін Порталда есептің алдын ала нұсқасы автоматты түрде қалыптастырылады.
Есептің алдын ала нұсқасы Порталда жарияланғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар өздері белгілеген уақытта қосымша талқылауды жүргізеді. Әзірлеуші органдар қосымша талқылау кезінде келіп түскен ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды негіздемелерін көрсете отырып, қабылдайды не қабылдамайды.
Қосымша талқылау аяқталғаннан кейін Порталда есеп автоматты түрде қалыптастырылады.";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларына қосымша".
2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшада Мемлекеттік органдардың интранет-порталында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін толтыру жөніндегі түсініктеме мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер осы нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген күннен кейін хронологиялық тәртіппен автоматты түрде электрондық тізілімге енгізіледі.
Бұл ретте облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған кезде мемлекеттік тіркеу нөміріне өңірдің тиісті индексі беріледі: Астана қ. – 01, Алматы қ.– 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы – 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысы – 06, Батыс Қазақстан облысы – 07, Жамбыл облысы – 08, Қарағанды облысы – 09, Қостанай облысы – 10, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысы – 13, Павлодар облысы-14, Солтүстік Қазақстан облысы – 15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент қаласы – 17, Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20.".
3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |