Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24634 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
атқарушы
Н. Пан
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
_________________________
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
____________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 849 бұйрығымен
бекітілген

Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 47) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;

      2) Порталдың автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын және Порталында орналастырылатын баптаулар мен контентті басқару үшін арналған қосымша;

      3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

      5) "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және басқа да қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болатын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Порталда орналастыру және жария талқылау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі және Порталда жария талқылау үшін орналастырылады.

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада жоба мақсаттарының, міндеттерінің және негізгі ережелерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы бар жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі қамтылады, жоба туралы жалпы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін нысанда баяндалады және жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлері АЖО арқылы орналастырады, оларды мемлекеттік органдар дербес айқындайды. Оператор заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділікті жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде береді.

      Оператор заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерін АЖО-мен жұмыс тәртібіне оқытуды жүргізеді.

      5. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау үшін Порталда орналастыру мерзімі он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде әзірленетін, орындалу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттерді, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы, түсімдерді бөлу кестесін бекітуді көздейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бес күнге дейін қысқартылады.

      Тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ қолайсыз эпидемиологиялық ахуал, оның ішінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген қолайсыз эпидемиологиялық ахуал себебінен уақытша шектеу іс-шараларына байланысты әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары, не "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру үшін жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бір күнді құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелерді және (немесе) ұсыныстарды оператор мынадай шарттар сақталған кезде Порталға орналастырады:

      1) пайдаланушы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген;

      2) ескертулерде және (немесе) ұсыныстарда балағат сөздер, қорлау сөздері, жарнама, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасына қатысы жоқ өзге де ақпарат жоқ;

      3) ұсыныс енгізілетін және (немесе) ескерту берілетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт жобасының нақты құрылымдық элементі (бөлім, бап, тармақ, тармақша) көрсетілген.

      Ақпаратты пайдаланушылардың жобаларды жария талқылау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген мерзімдер аяқталғаннан кейін келіп түскен ескертулері және (немесе) ұсыныстары қаралмайды.

      7. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңес мүшелерінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытындылары Порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      Қоғамдық кеңес, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесінің мүшелері әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптама қорытындыларын ұсынбаған жағдайда, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.

      8. Оператор бір жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушылар ескертулерінің және (немесе) ұсыныстарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және оларды жариялау туралы шешім қабылдайды.

      Ескертулер және (немесе) ұсыныстар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оператор негіздемелерді көрсете отырып, жариялаудан бас тартады.

      9. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы қабылданған шешімді Порталда орналастырады.

      Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен және (немесе) сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші органдар да келіспеу себептерінің негіздемесі бар қалыптастырылған ұстанымды Порталға орналастырады.

      Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына тұжырымдамалық ескертулер мен ұсыныстарды қабылданған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік органдар жобаның жаңа нұсқасын орналастырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер ақпаратты пайдаланушылар жария талқылау процесінде жобаға ескертулер және (немесе) ұсыныстар ұсынбаған жағдайда, жобаны жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – есеп) автоматты түрде қалыптастырылады.

      Ақпаратты пайдаланушылардың жобаға ескертулері және (немесе) ұсыныстары жария талқылау процесінде келіп түскен кезде, Порталда қосымша талқылау үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін Порталда есептің алдын ала нұсқасы автоматты түрде қалыптастырылады.

      Есептің алдын ала нұсқасы Порталда жарияланғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар өздері белгілеген уақытта қосымша талқылауды жүргізеді. Әзірлеуші органдар қосымша талқылау кезінде келіп түскен ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды негіздемелерін көрсете отырып, қабылдайды не қабылдамайды.

      Қосымша талқылау аяқталғаннан кейін Порталда есеп автоматты түрде қалыптастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.06.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

"__________________________________________________________________" (заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт жобасының атауы) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп

      Жобасының жарияланған күні: __________

      Есептің қалыптасу күні: ___________

      Жоба "үшін" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны: _______

      Жобаға "қарсы" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны: ________

      Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың барлық саны: ______

      Жауаптардың барлық саны: _______

      (Ұсыныс) "үшін" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны: _________

      (Ұсынысқа) "қарсы" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны: _________

      Нормативтік құқықтық акт түрі: ________________

      Санаты: ___________

      Мемлекеттік орган: _______________________________________________

Р/с №

Құрылу күні

Автор

Нормативтік құқықтық актінің түсінік берілген құрылымдық бөлігі

Ақпарат пайдаланушының ескертуінің және (немесе) ұсынысының мәтіні

Мемлекеттік органның жауап мәтіні

Ұсыныс "үшін" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны

Ұсынысқа "қарсы" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны

1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде түскендер









2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскендер









3. Сараптамалық кеңесінің мүшелерінен түскендер









4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан түскендер










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады