Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 482 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32806 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 482
Бұйрығымен бекітілген

Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасын, "Пробация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Бұл адамдар аталған көмекті алуға жергілікті атқарушы органдарға немесе қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгіне алады.

      3. Үкімдік пробация бас бостандығын шектеуге сотталған адамға немесе шартты түрде сотталған адамға қатысты қолданылады.

      4. Пенитенциарлық пробация қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған адамға қатысты қолданылады.

      Пенитенциарлық пробация қолданылатын адамдар үшін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.

      5. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация:

      1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын, сот әкімшілік қадағалау белгілеген;

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;

      4) ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған;

      5) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамдарға қатысты қолданылады.

2-тарау. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі

      6. Білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге көмек көрсету өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты болып табылады.

      7. Пробация қызметі өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды есепке қою кезінде:

      1) адамның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын анықтайды;

      2) әлеуметтiк-құқықтық көмек алу тәртiбiн түсiндiредi.

      8. Жергілікті атқарушы органдар өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады.

      9. Медициналық көмек денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетіледі.

      10. Аяқталмаған орта білімі бар өзіне қатысты пробация қолданылатын адам тұрғылықты жері бойынша оқу орындарына жүгінеді.

      11. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді:

      1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу;

      2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру;

      3) әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдем көрсету.

      Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар құқықтық көмек көрсету үшін олардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.

      12. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсеткен кезде халық саласындағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) жұмыссыздарды өкілетті органның/халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына жіберу;

      2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу;

      3) жұмыссыздарды олардың келісімі бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу;

      4) жұмыссыздарды кейіннен жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберу;

      5) пробация қызметінің есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу. Бұл ретте жіберуші тарап жұмыскерлерінің тізімдік санында персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жұмысқа тартылатын жұмыскерлер есепке алынбайды.

      13. Пробация қызметі сот қаулысын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органға және ұйымға іздестіру жарияланған, "қамаққа алу" бұлтартпау шарасы тағайындалған адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмекті тоқтата тұру үшін хабарландыру жолдайды.

  Өздеріне қатысты пробация
қолданылатын адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидаларына
қосымша
  Нысан

      _____________________________________________________________________

      (мекеменің атауы)

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы

      Біз, төменде қол қоюшылар: _______________________________________

      (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің

      қызметкерлері)

      түзеу мекемесінен босағаннан кейін ______________________________________

      (тұратын мекенжайы)

      ______________________________________________________________ қатысты (адамның тегі және аты-жөні) денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (пенитенциарлық пробацияға жататын адамдар) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадық, ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:

      1) медициналық көмек алуға (қажет болған жағдайда);

      2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;

      әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;

      әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдем көрсету;

      3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);

      4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);

      5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;

      6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкері жасады.

      __________________ ___________ __________________________________

      (атағы)      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________ ___________ __________________________________

      (атағы)      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "___" ______________

      М.О.

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін

      ___________________________________      ________

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      (қолы)

      20___ жылғы "___" _____________

Об утверждении Правил оказания социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 июня 2023 года № 482. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 июня 2023 года № 32806.

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 16 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация.

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
М. Ахметжанов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 14 июня 2023 года № 482

Правила оказания социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 16 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, Закона Республики Казахстан "О пробации" и определяют порядок оказания социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация.

      2. Местные исполнительные органы, общественные объединения и иные организации оказывают социально-правовую помощь лицам, в отношении которых применяется досудебная, приговорная, пенитенциарная и постпенитенциарная пробация. Данные лица могут обратиться за указанной помощью в местные исполнительные органы или общественные объединения и иные организации.

      3. Приговорная пробация применяется в отношении осужденного к ограничению свободы или осужденного условно.

      4. Пенитенциарная пробация применяется в отношении осужденного, отбывающего наказание в виде лишения свободы в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы.

      Для лиц, в отношении которых применяется пенитенциарная пробация, администрацией учреждения уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы составляется индивидуальная программа оказания социально-правовой помощи по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Постпенитенциарная пробация применяется в отношении лица:

      1) условно-досрочно освобожденного от отбывания наказания в виде лишения свободы;

      2) освобождаемого из мест лишения свободы, в отношении которого судом установлен административный надзор;

      3) которому лишение свободы было заменено ограничением свободы в соответствии со статьей 73 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее – УК РК);

      4) которому лишение свободы было заменено штрафом в соответствии со статьей 73 УК РК;

      5) отбывшего назначенный судом срок наказания в виде лишения свободы.

Глава 2. Порядок оказания социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация

      6. Основным направлением социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация, является оказание содействия в получении образования, овладении профессией, трудоустройстве, лечении, а также обеспечении правовой помощи.

      7. Служба пробации при постановке на учет лиц, в отношении которых применяется пробация:

      1) устанавливает место жительства, состояние здоровья, уровень образования и трудовую занятость;

      2) разъясняет порядок получения социально-правовой помощи.

      8. Местные исполнительные органы организуют процесс, связанный с оказанием социально-правовой помощи лицам, в отношении которых применяется пробация.

      9. Медицинская помощь предоставляется в организациях здравоохранения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования.

      10. Лицо с неоконченным средним образованием, в отношении которого применяется пробация, обращается в учебные заведения по месту жительства.

      11. Правовая помощь лицам, в отношении которых применяется пробация, предусматривает следующие услуги:

      1) оформление документов, имеющих юридическое значение, в случаях отсутствия у них средств, на получение положенных по законодательству социальных пособий, социальных выплат, для их подачи на трудоустройство, обучение, медицинскую помощь;

      2) юридическое консультирование по установленным законодательством правам на социальную помощь, социальное обеспечение и способы защиты от их нарушений;

      3) оказание содействия нуждающемся в социальных услугах в получении установленных законодательством льгот, пособий и других социальных выплат.

      Для оказания правовой помощи лица, в отношении которых применяется пробация, обращаются в местные исполнительные органы по месту их жительства.

      12. При оказании помощи в трудоустройстве лицам, в отношении которых применяется пробация, местные исполнительные органы осуществляют следующие мероприятия в соответствии законодательством в области занятости населения:

      1) направляют безработных на имеющиеся в базе вакансий уполномоченного органа/центра занятости населения свободные рабочие места;

      2) направляют безработных на социальные рабочие места;

      3) направляют безработных с их согласия на общественные работы;

      4) направляют безработных на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации в соответствии с потребностями рынка труда с последующим содействием их трудоустройству;

      5) устанавливают квоты для трудоустройства лиц, состоящих на учете служб пробации или освобожденных из мест лишения свободы. При этом в списочной численности работников направляющей стороны не учитываются работники, привлекаемые для работы в соответствии с договором на оказание услуг по предоставлению персонала.

      13. В течение трех рабочих дней после получения постановления суда служба пробации направляет в местный исполнительный орган и организацию, оказывающую социально-правовую помощь, уведомление для ее приостановления в отношении лиц, объявленных в розыск, для которых избрана мера пресечения "содержание под стражей".

  Приложение
к Правилам оказания
социально-правовой помощи
лицам, в отношении которых
применяется пробация
  Форма

      _________________________________________________________
(наименование учреждения)

Индивидуальная программа оказания социально-правовой помощи

      Мы, нижеподписавшиеся: ______________________________________________
(сотрудники учреждения уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы)
по результатам состояния здоровья, уровня образования и занятости трудом, наличия
места жительства, а также иных сведений (лица, подпадающего под пенитенциарную
пробацию) составили индивидуальную программу оказания социально-правовой
помощи в отношении
_____________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
______________________________________________ после освобождения будет
проживать ____________________________________________________________,
(адрес) нуждается в оказании следующей социально-правовой помощи:
1) получении медицинской помощи (при необходимости);
2) правовой помощи (при необходимости): оформление документов, имеющих
юридическое значение, в случаях отсутствия улица, состоящего на учете службы
пробации, средств, на получение положенных по законодательству социальных
пособий, социальных выплат, для подачи документов на трудоустройство, обучение,
медицинскую помощь; юридическое консультирование по установленным
законодательством правам на социальную помощь, социальное обеспечение
и способы защиты от их нарушений; оказание содействия нуждающемся
в социальных услугах в получении установленных законодательством льгот, пособий
и других социальных выплат;
3) помощи в получении образования (при необходимости);
4) овладении профессией и трудоустройстве (при необходимости);
5) определении в организацию временного пребывания, оказывающую специальные
социальные услуги (в случае, если лицо, отбывшее наказание, не имеет или утратило жилье);
6) получении иной помощи (при необходимости).
Индивидуальную программу оказания социально-правовой помощи составили
сотрудники учреждения уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы).
________________ ___________ _________________________________________
(звание) (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
________________ ___________ __________________________________________
(звание) (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
"___" ____________20___г. М.П.
С индивидуальной программой оказания социально-правовой помощи ознакомлен
и согласен _________________________________________________ ___________
(фамилия, имя отчество (при его наличии) (подпись)
"___" __________ 20__ г.