"Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-213/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32865 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-213/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрыққа қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі (бұдан әрі – Еңбекке ақы төлеу жүйесі) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесін айқындайды.";

      3, 4, 5 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еңбекке ақы төлеу жүйесі мыналардың негізінде еңбекке ақы төлеуді қамтиды:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 1-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;

      2) Қаулымен белгіленген 17697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық айлықақыны (бұдан әрі – БЛА) қолдану;

      3) Қаулының 2-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын (бұдан әрі – ЛА) есептеуге арналған коэффициенттер;

      4) Қаулының 3-қосымшасына сәйкес БЛА-ға қолданылатын жұмысшылардың ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;

      4-1) Қаулының 4-қосымшасына сәйкес білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;

      5) Қаулының 5-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;

      5-1) Қаулының 11-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;

      6) Қаулының 18-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар;

      7) Қаулының 19-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылатын қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу;

      8) Қаулының 21-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтаудың қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері лауазымдарының және кәсіптерінің тізбесі мен олардың психоэмоционалдық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттар;

      9) осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпорындардың штат кестесі бойынша ақпарат;

      10) белгіленген еңбекақы қоры шегінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жүйесімен айқындалатын жалақыға түзету коэффициенттері;

      11) осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпорындардың жалақысына түзету коэффициенттері бойынша ақпарат.

      4. Кәсіпорын қызметкерлерін сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген азаматтық қызметшілерді сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшерінен кем емес белгіленеді.

      5. Кәсіпорындар қызметкерлерінің ЛА атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді, сондай-ақ Қаулымен, денсаулық сақтау жүйесіндегі салалық келісімдермен көзделген тиісті түзету коэффициенттерді осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі 3-тармақтың 2) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады.

      Жұмыскерлердің еңбек тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жүйесімен айқындалатын жалақыға арттыру коэффициенттері белгіленеді.

      Жалақыға арттыру коэффициенттері Даму жоспарын нақтылау жолымен, оның ішінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорын қайта бекіту арқылы қаражатты үнемдеу есебінен де белгіленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-213/2020 "Об утверждении типовой системы оплаты труда работников государственных предприятий на праве хозяйственного ведения в области здравоохранения"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 июня 2023 года № 116. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июня 2023 года № 32865

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-213/2020 "Об утверждении типовой системы оплаты труда работников государственных предприятий на праве хозяйственного ведения в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21711) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 37) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Типовой системе оплаты труда работников государственных предприятий на праве хозяйственного ведения в области здравоохранения, утвержденной приложением к указанному приказу:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящая Типовая система оплаты труда работников государственных предприятий на праве хозяйственного ведения в области здравоохранения (далее – Система оплаты труда) разработана в соответствии с подпунктом 37) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяет типовую систему оплаты труда работников государственных предприятий на праве хозяйственного ведения в области здравоохранения.";

      пункты 3, 4, 5 изложить в следующей редакции:

      "3. Система оплаты труда включает в себя оплату труда на основе:

      1) классификаций должностей гражданских служащих (за исключением квалифицированных рабочих), работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, по функциональным блокам, согласно приложению 1 к постановлению Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" (далее – Постановление);

      2) применения базового должностного оклада (далее – БДО) в размере 17697 тенге, установленного Постановлением;

      3) коэффициентов для исчисления должностных окладов (далее – ДО) гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий (за исключением рабочих) по функциональным блокам согласно приложению 2 к Постановлению;

      4) коэффициентов для исчисления ДО (тарифных ставок) рабочих, применяемых к БДО согласно приложению 3 к Постановлению;

      4-1) доплат за условия труда гражданским служащим, работникам организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работникам казенных предприятий в сфере образования согласно приложению 4 к Постановлению;

      5) доплат за условия труда гражданским служащим, работникам организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работникам казенных предприятий в сфере здравоохранения согласно приложению 5 к Постановлению;

      5-1) доплат за условия труда гражданским служащим, работникам организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работникам казенных предприятий системы органов Министерства внутренних дел Республики Казахстан согласно приложению 11 к Постановлению;

      6) доплат и надбавок, единых для гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий согласно приложению 18 к Постановлению;

      7) почасовой оплаты труда работников, привлекаемых к проведению учебных занятий в государственных учреждениях согласно приложению 19 к Постановлению;

      8) перечня должностей и профессий гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий здравоохранения и критериев, определяющих их психоэмоциональные и физические нагрузки согласно приложению 21 к Постановлению;

      9) информаций по штатному расписанию Предприятий, по форме согласно приложению 1 к настоящей Системе оплаты труда;

      10) поправочных коэффициентов к заработной плате, которые определяются системой оплаты труда Предприятия в пределах установленного фонда отплаты труда;

      11) информаций по поправочным коэффициентам к заработной плате Предприятий, по форме согласно приложению 2 к настоящей Системе оплаты труда.

      4. Размер пособия на оздоровление работников Предприятий устанавливается не менее размера пособия на оздоровление гражданских служащих, установленных Трудовым Кодексом Республики Казахстан.

      5. ДО работников Предприятий определяются путем умножения соответствующих коэффициентов, утвержденных для исчисления их ДО в зависимости от отнесения занимаемых должностей к функциональным блокам и стажа работы по специальности, присвоенных квалификационных разрядов (для рабочих), а также соответствующих поправочных коэффициентов, предусмотренных Постановлением, отраслевыми соглашениями системы здравоохранения, на размер БДО, установленного подпунктом 2) пункта 3 настоящей Системы оплаты труда.

      Для усиления повышения заинтересованности работников в увеличении эффективности труда и качества выполняемых работ устанавливаются поправочные коэффициенты к заработной плате, которые определяются системой оплаты труда Предприятия в пределах установленного фонда оплаты труда.

      Поправочные коэффициенты к заработной плате устанавливаются также за счет экономии средств путем уточнения Плана развития, в том числе переустановления фонда оплаты труда Предприятия.".

      2. Бюджетному департаменту Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният