Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-213/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21711 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджеттік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ ҚР ДСМ-213/2020
Бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі (бұдан әрі – Еңбекке ақы төлеу жүйесі) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Еңбекке ақы төлеу жүйесінде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

      2) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін жұмыс берушінің сыйақыны міндетті төлеуді қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

      3) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, оны нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

      4) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын - мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі

      3. Еңбекке ақы төлеу жүйесі мыналардың негізінде еңбекке ақы төлеуді қамтиды:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 1-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;

      2) Қаулымен белгіленген 17697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық айлықақыны (бұдан әрі – БЛА) қолдану;

      3) Қаулының 2-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын (бұдан әрі – ЛА) есептеуге арналған коэффициенттер;

      4) Қаулының 3-қосымшасына сәйкес БЛА-ға қолданылатын жұмысшылардың ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;

      4-1) Қаулының 4-қосымшасына сәйкес білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;

      5) Қаулының 5-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;

      5-1) Қаулының 11-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар;

      6) Қаулының 18-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар;

      7) Қаулының 19-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылатын қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу;

      8) Қаулының 21-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтаудың қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері лауазымдарының және кәсіптерінің тізбесі мен олардың психоэмоционалдық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттар;

      9) осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпорындардың штат кестесі бойынша ақпарат;

      10) белгіленген еңбекақы қоры шегінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жүйесімен айқындалатын жалақыға түзету коэффициенттері;

      11) осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпорындардың жалақысына түзету коэффициенттері бойынша ақпарат.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кәсіпорын қызметкерлерін сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген азаматтық қызметшілерді сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшерінен кем емес белгіленеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кәсіпорындар қызметкерлерінің ЛА атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді, сондай-ақ Қаулымен, денсаулық сақтау жүйесіндегі салалық келісімдермен көзделген тиісті түзету коэффициенттерді осы Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі 3-тармақтың 2) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады.

      Жұмыскерлердің еңбек тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жүйесімен айқындалатын жалақыға арттыру коэффициенттері белгіленеді.

      Жалақыға арттыру коэффициенттері Даму жоспарын нақтылау жолымен, оның ішінде Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорын қайта бекіту арқылы қаражатты үнемдеу есебінен де белгіленеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін еңбек жағдайлары үшін осы Еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген шектерде қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісіммен, ұжымдық шартпен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

  Денсаулық сақтау саласындағы
шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындар жұмыскерлерінің
еңбегіне ақы төлеудің үлгілік
жүйесіне
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың штат кестесі

Құрылымдық бөлімше//лауазым

Штат бірліктерінің саны








Құрылымдық бөлімше бойынша жиыны









Кәсіпорын бойынша барлығы


  Денсаулық сақтау саласындағы
шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындар жұмыскерлерінің
еңбегіне ақы төлеудің үлгілік
жүйесіне
2-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысына түзету коэффициенттері

Құрылымдық бөлімше//лауазым

Жалақыға түзету коэффициенттері








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады