"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 401 Бұйрыққа қосымша |
Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері
р/с № | Пайдаланудың түрі, орны, талаптары, пайдаланушылар | Сыйақының ең төмен мөлшерлемелері | |
ақылы кіру кезінде | тегін кіру кезінде | ||
Көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу жолымен орындаулар мен фонограммаларды пайдалану | |||
1. | Дәмханалар, барлар (айына әрбір отыратын орынға) | 0,2 АЕК | 0,1 АЕК |
2. | Мейрамханалар (айына әрбір отыратын орынға) | 0,25 АЕК | 0,15 АЕК |
3. | Басқа да қоғамдық тамақтандыру объектілері (айына әрбір отыратын орынға) | 0,008 АЕК | 0,004 АЕК |
4. | Түнгі клубтар (айына әрбір отыратын орынға) | билеттерді сатудан түскен кірістен 1 % | 0,2 АЕК |
5. | Казино және басқа да ойын мекемелері (айына әрбір отыратын орынға) | 0,4 АЕК | |
6. | Мәдени ойын-сауық орталықтары, кешендер (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбір шаршы метрі үшін) | 0,05 АЕК | |
7. | Спорттық-сауықтыру орталықтары, кешендері (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбір шаршы метрі үшін) | 0,01 АЕК | 0,001 АЕК |
8. | Жәрмеңкелер, көрмелер, сән көрсетулер, сұлулық және кәсіби шеберлік сайыстары (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбір шаршы метрі үшін) | 0,02 АЕК | 0,002 АЕК |
9. | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері және пансионаттар (айына көпшілік алдында орындау, көрсету, хабарлау және жалпы жұрттың назарына жеткізу үшін қолданылатын техникалық құралдың бірлігі үшін) | 0,016 АЕК | |
10. | Жолаушылар көлігі құралдары (әрбір билетті сату нәтижесінде түскен кірістен) | 0,001% | |
11. | Спорттық жарыстар, спортшылардың көрсетілімдік орындаулары (әрбір өткізілген іс-шарадан түскен кірістен) | 0,05 % | 0,001 % |
12. | Конькимен, роликпен жаппай сырғанау орындары (айына осы мақсатта пайдаланатын орындардың (аумақтың) әрбір шаршы метрі үшін) | 0,05 АЕК | 0,01 АЕК |
13. | Театрлар, кинозалдар және фильмдерді демонстрациялауға арналған өзге де орындар (айына дыбыстандырылатын үй-жайдың әрбір шаршы метрі үшін) | 0,01 АЕК | 0,001 АЕК |
14. | Мәдени-демалыс ұйымдары (мәдениет және демалыс парктері, мәдениет үйлері мен сарайлары, аквапарктер) (айына дыбыстандырылатын аумақтың (үй-жайдың) әрбір шаршы метрі үшін) | 0,01 АЕК | 0,001 АЕК |
15. | Сауда үйлері, дүкендер, сауда базарлары және сауда мақсатына арналған өзге де орындар (айына дыбыстандырылатын аумақтың әрбір шаршы метрі үшін) | 0,002 АЕК | |
16. | Театрландырылған, концерттік, цирктік бағдарламалар (іс-шара өткізу нәтижесінде түскен кірістен) | 0,02 % | 0,01 % |
17. | Бұқаралық іс-шаралар, қала күндері, мейрамдар, фестивальдар (іс-шара өткізу нәтижесінде түскен кірістен) | 0,02 % | 0,01 % |
18. | Музыкалық автоматтар жүйелері және караоке арқылы (айына әрбір музыкалық автомат және караоке үшін) | 0,2 АЕК | 0,1 АЕК |
19. | Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген эфирлік телевизиялық хабар тарату ұйымдары (жарнамадан түскен кірістен) | 0,1% | |
20. | Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген эфирлік радио хабар тарату ұйымдары (жарнамадан түскен кірістен) | 0,1% | |
21. | Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген кәбілдік (өткізгішті), жерсеріктік телевизиялық хабар тарату ұйымдары (айына кәбілдік, жерсеріктік теледидар қызметі үшін түскен абоненттік төлемнен) | 0,1% | |
22. | Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген кәбілдік (өткізгішті), жерсеріктік радио хабар тарату ұйымдары (айына кәбілдік, жерсеріктік радио хабар тарату қызметі үшін түскен абоненттік төлемнен) | 0,1% | |
Табыс алу мақсатында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату арқылы орындаулар мен фонограммаларды пайдалану | |||
23. | Орындауларды дыбыс және дыбыстау-бейнелеу жазбаларында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату (орындаулардың санына қарамастан, әрбір шығарылған данасын өткізу бағасынан) | 0,3% | |
24. | Орындаулар мен фонограммаларды телефондар (ұялы, смартфондар, дербес қалта компьютерлері), музыкалық аппараттар, автоматтар және караоке жүйелері үшін музыка, әуен (рингтондар, реалтондар) және қоңырау (рингбэктондар) ретінде қайта шығару және (немесе) тарату (айына әрбір пайдаланылатын туындының әрбір пайдаланғаны үшін) | 0,03 АЕК | |
25. | Орындаулардың дыбыс жазбалары және (немесе) дыбыстау-бейнелеу түріндегі даналарын прокатқа, жалға беру (айына әрбір пайдаланылатын дана үшін) | 0,01 АЕК | |
Фонограммаларды орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару | |||
26. | Қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштерді дайындайтын адамдар төлеуге тиіс фонограммаларды орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерін өткізу бағасынан пайызбен алғандағы сыйақы мөлшерлемелері) | 0,35 % | |
27. | Қайта шығару үшін пайдаланатын жабдықтармен материалдық жеткізгіштерді импорттайтын адамдар төлеуге тиіс фонограммаларды орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерінің кедендік құнынан пайызбен алғандағы сыйақы мөлшерлемелері) | 0,35 % |
Аббревиатураның толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш