"Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 маусымда № 32877 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларында:

      5-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес жылжымайтын мүліктің бастапқы немесе кейінгі объектісінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын сәйкестендіру құжаты;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бастапқы және кейiнгi объектiлерге бұрын туындаған құқықтарды есептiк тiркеудi жүзеге асыру кезiнде құқық иеленушінің жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық паспорты ұсынылмайды. Жүйелi тiркеудi жүргiзу кезiнде мемлекеттік тексеруді техникалық жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк техникалық есепке алу құзыретiне кіретін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттiк корпорациясы өтеусiз жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 июня 2023 года № 392. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июня 2023 года № 32877

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.07.2023.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10539), следующие изменения:

      в Правилах проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 15) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "15) кадастровый паспорт объекта недвижимости – идентификационный документ, содержащий технические, идентификационные характеристики первичного или вторичного объекта недвижимости, а также идентификационные характеристики земельного участка, расположенного в городах республиканского значения, столице, городах областного и районного значения, согласно форме, установленной уполномоченным органом по государственному регулированию и контролю деятельности в сфере государственной регистрации прав на недвижимое имущество и государственного технического обследования недвижимого имущества и центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами;";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. При осуществлении учетной регистрации ранее возникших прав на первичные и вторичные объекты кадастровый паспорт объекта недвижимости правообладателем не представляется. Государственное техническое обследование при проведении систематической регистрации осуществляется безвозмездно Государственной корпорацией "Правительство для граждан", к компетенции которой отнесен государственный технический учет по месту нахождения объекта недвижимости.".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр юстиции Республики Казахстан А. Ескараев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан