Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32918 болып тіркелді

      "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 423 Бұйрықпен
бекітілген

Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер.

      1. Осы Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.

      2. Заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) қалыптастыру қызметін Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде (бұдан әрі – Ұлттық тізілім), мемлекеттік органдардың, "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) және өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын белгілі бір заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке, жеке кәсіпкерге қатысты мәліметтерді сақтау үшін жүзеге асырылады.

      3. БСН 12 цифрды қамтиды және бес бөліктен тұрады:

      1) бiрiншi фасет - 4 разрядтан (а 1 - a 4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;

      2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а 5 ) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды.

      Осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң жеке сәйкестендiру нөмiрiмен (бұдан әрі – ЖСН) сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.

      БСН құрылымында а 5 (бесiншi разрядта) генерациялау кезінде 0, 1, 2 және 3 цифрларын пайдалануға жол берілмейді.

      Бұл разрядтың нақты мәндерi:

      4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;

      5 - резидент eмec заңды тұлғалар үшін;

      6 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.

      Бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;

      3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а 6 ) тұрады және а 5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:

      0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;

      1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;

      2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;

      4 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;

      4) төртiншi фасет - 5 разрядтан (а 7 - а 11 дейiн) тұрады және жүйеде ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды;

      5) бесiншi фасет - 1 разрядтан (а 12 ) тұрады және БСН-нiң бақылау разряды болып табылады.

Об утверждении правил формирования бизнес-идентификационного номера

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 июня 2023 года № 423. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июня 2023 года № 32918

      В соответствии с пунктом 2-1) статьи 6 Закона "О национальных реестрах идентификационных номеров", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования бизнес-идентификационного номера.

      2. Департаменту регистрационной службы и организаций юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан после его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
А. Ескараев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр юстиции
Республики Казахстан
от 27 июня 2023 года № 423

Правила формирования бизнес-идентификационного номера

Глава 1. Общие положения.

      1. Настоящие Правила формирования бизнес-идентификационного номера разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О национальных реестрах идентификационных номеров" (далее - Закон) и определяют порядок формирования бизнес-идентификационных номеров.

Глава 2. Формирование бизнес-идентификационного номера.

      2. Формирование бизнес-идентификационного номера (далее - БИН) для юридического лица, филиалов и представительств осуществляется для сохранения сведений, относящихся к определенному юридическому лицу, филиалу и представительству, индивидуальному предпринимателю, осуществляющему деятельность в виде совместного индивидуального предпринимательства в Национальном реестре бизнес-идентификационных номеров (далее - Нацреестр), информационных системах государственных органов, Международного финансового центра "Астана" (далее – МФЦА) и иных государственных учреждений.

      3. БИН - содержит 12 цифр и состоит из пяти частей:

      1) первый фасет - содержит 4 разряда (с а 1 по а 4) и характеризует год (две последние цифры) и месяц регистрации юридического лица или индивидуального предпринимателя, осуществляющего деятельность на основе совместного предпринимательства (далее - ЮЛ или ИП(С));

      2) второй фасет - содержит 1 разряд (а 5) и характеризует тип ЮЛ или ИП(С).

      Алгоритм задания значения данного разряда используется для исключения возможности совпадения БИН с индивидуальным идентификационным номером (далее - ИИН).

      При генерировании в структуре БИН а 5 (пятого разряда) исключается использование цифр 0, 1, 2 и 3.

      Значение данного разряда:

      4 - для юридических лиц-резидентов;

      5 - для юридических лиц-нерезидентов;

      6 - для индивидуальных предпринимателей, осуществляющих деятельность на основе совместного предпринимательства.

      Резервные значения 7, 8 и 9;

      3) третий фасет - содержит 1 разряд (а 6) и характеризует специальный признак, являющийся дополнительной детализацией разряда а 5:

      0 - признак головного подразделения ЮЛ или ИП(С);

      1 - признак филиала ЮЛ или ИП(С);

      2 - признак представительства ЮЛ или ИП(С);

      4 - признак крестьянского (фермерского) хозяйства, осуществляющего деятельность на основе совместного предпринимательства;

      4) четвертый фасет - содержит 5 разрядов (с а 7 по а 11) и характеризует порядковый номер регистрации в системе ЮЛ или ИП(С), а также их структурных подразделений;

      5) пятый фасет - содержит 1 разряд (а 12) и является контрольным разрядом БИН.