Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32954 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару Қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 723 Бұйрығымен
бекітілген

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа қосу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) андеррайтер – брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      2) бағалы қағаздар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

      3) бастапқы дилер – белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуға жіберілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      4) депозитарийдің ережелер жинағы – депозитарийдің ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асырады;

      5) орталық депозитарий (бұдан әрі – депозитарий) – эмитентпен жасалған шартқа сәйкес бағалы қағаздарды орналастыру кезінде бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу жөніндегі төлем агентінің функцияларын және оларды өтеу кезінде бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы;

      6) сауда-саттықты ұйымдастырушы – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;

      7) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері – сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаты, оның негізінде сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады;

      8) эмитент – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

      Бұл ретте облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналым жасау үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін шығарылатын өзге де бағалы қағаздардың ғана эмитенттері болып табылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібі

      1-параграф. Бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысқа жіберудің, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары

      3. Бағалы қағаздарды эмитент құжатсыз нысанда шығара алады. Бағалы қағаздарға қызмет көрсету (сыйақыны есептеу және төлеу) ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      4. Әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық депозитарий беретін халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) болады.

      5. Бағалы қағаздар аукционды өткізу, жете орналастыру, қайта ашу, жазылым жүргізу жолымен және сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерінде белгіленген басқа да тәсілдермен орналастырылады.

      6. Эмитент бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырған кезде андеррайтерді тарта алады.

      7. Бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтарды есепке алуды депозитарий жүзеге асырады.

      8. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздар шығаруының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауы тиіс.

      9. Эмитент орналастыру күніне дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде орналастыруды жүргізу күні, алдағы шығарылым көлемі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін хабардар етеді.

      10. Бағалы қағаздарды орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері тиісінше сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерінде және депозитарийдің ережелер жинағында белгіленеді.

      11. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резиденттері емес заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздарды бастапқы дилерлер арқылы сатып алады.

      12. Сыйақы ставкасы, бағалы қағаздарды орналастыру көлемі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісіледі.

      13. Депозитарийдің орналастырылған бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру күні бағалы қағаздар айналысының басталу күні болып саналады. Осы бағалы қағаздарды өтеу күнінің алдындағы күн соңғы айналыс күні болып саналады.

      14. Осы бағалы қағаздар бойынша сыйақы есептелетін бірінші күн - олардың айналысы басталатын күн, ал соңғы күн оларды өтеу күнінің алдындағы соңғы күн болып табылады.

      Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу бағалы қағаздардың жекелеген түрлерін шығару шарттарында белгіленген күндері жүргізіледі. Сыйақыны соңғы төлеу күні, егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзгеше мерзім көзделмесе, бағалы қағаздарды өтеу күніне сәйкес келеді. Егер бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

      15. Бағалы қағаздарды өтеу оларды айналымға жіберу мерзімі аяқталған күннен кейінгі бірінші күні атаулы құны бойынша жүргізіледі. Егер бағалы қағаздардың атаулы құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

      15-1. Эмитент бағалы қағаздарды ішінара мерзімінен бұрын немесе толық мерзімінен бұрын өтеуді жүргізе алады.

      16. Бағалы қағаздарды өтеу және оларға қызмет көрсету тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      17. Бағалы қағаздарды өтегеннен кейін эмитент бес жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне депозитарийдің бағалы қағаздарды өтеу туралы мәліметтерінің көшірмесін және жүргізілген өтеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      18. Эмитент қайталама нарықта бағалы қағаздардың белгілі бір шығарылымының барлық көлемін немесе ішінара бөлігін нарықтық бағамен сатып ала алады. Эмитенттің бағалы қағаздардың белгілі бір шығарылымының барлық көлемін сатып алуы туралы шешімі осындай сатып алу күніне дейін бір ай бұрын сауда-саттықты ұйымдастырушыға жеткізіледі, ол осы хабарламадан кейін бес күнтізбелік күн ішінде бастапқы дилерлерге бұл туралы хабарлайды.

      19. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

      20. Эмитент бағалы қағаздардың мынадай:

      1) орта мерзімді;

      2) ұзақ мерзімді;

      3) орта мерзімді индекстелген;

      4) ұзақ мерзімді индекстелген;

      5) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар түрлерін шығаруды, орналастыруды, айналысқа жіберуді, оларға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, олардың атаулы құны бір мың теңгені құрайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша купон сомасын есептеу үшін есептік база – есепті айда отыз күн, есепті жылда үш жүз алпыс бес күн.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Бағалы қағаздардың иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, бағалы қағаздармен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор бағалы қағаздармен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.

      2-параграф. Орта мерзімді бағалы қағаздар

      24. Орта мерзімді бағалы қағаздар бір жылдан жоғары бес жылды қоса алғанға дейін айналыс мерзімдерімен шығарылады.

      25. Орта мерзімді бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде купон деп аталатын орналастыру кезінде белгіленген сыйақы төленеді.

      26. Орта мерзімді бағалы қағаздар бойынша купон төлеу орта мерзімді бағалы қағаздар айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына екі рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.

      27. Орта мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 1-тармағына Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген және ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың купон сомасын есептеу формулаларына сәйкес есептеледі.

      3-параграф. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар

      28. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бес жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.

      29. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде купон деп аталатын орналастыру кезінде белгіленген сыйақы төленеді.

      30. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша купон төлеу бағалы қағаздар айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына бір рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.

      31. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 2-тармағына сәйкес есептеледі.

      4-параграф. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар

      32. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бір жылдан астам бес жылға дейін қоса алғандағы айналыс мерзімдерімен шығарылады және алты ай еселігі бар.

      33. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.

      34. Егер эмитент бағалы қағаздарды шығарудың өзгеше күнін көздемесе, орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.

      35. Индекстелген купонды төлеу тиісті кезеңділікпен жылына екі рет эмитент белгілеген күндері орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша индекстелген купонды төлеу айналыстың әрбір алты толық күнтізбелік айы сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.

      36. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздарға салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.

      37. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептеледі.

      38. Тұтыну бағаларының индексін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ай сайын жариялайды.

      39. Өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.

      5-параграф. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар

      40. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бес жылдан астам айналыс мерзімдерімен шығарылады және он екі ай еселігі бар.

      41. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.

      42. Егер эмитент бағалы қағаздарды шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру айдың соңғы жұмыс күнінің алдындағы күні жүргізіледі.

      43. Индекстелген купонды төлеу тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндері ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша индекстелген купонды төлеу айналыстың әрбір он екі толық күнтізбелік айы сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.

      44. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздарға салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.

      45. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.

      46. Тұтыну бағаларының индексін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ай сайын жариялайды.

      47. Өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.

      6-параграф. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар

      Ескерту. 6-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар он жылға дейін айналыс мерзімімен шығарылады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу номиналды құнымен жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалған купон деп аталатын сыйақы төленеді.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын айналыс мерзімі бес жылға дейінгі мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша купон төлеу осы бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына екі рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын айналыс мерзімі бес жылдан он жылға дейін қоса алғанда мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша купон төлеу осы бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына бір рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар купонының сомасы орта мерзімді бағалы қағаздар купоны сияқты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 № 287 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының
ішкі нарықта айналысқа жіберу
үшін бағалы қағаздар шығару
қағидаларына
қосымша

Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген және ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың купон сомасын есептеу формулалары

      1. Орта мерзімді бағалы қағаздардың купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      S=N*С* 180/360

      мұндағы,

      S, теңге - кезекті төленуге тиіс орта мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы,

      N, теңге - орта мерзімді бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,

      С, % - купон ставкасы.

      2. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      S=N*С

      мұндағы,

      S, теңге - кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы,

      N, теңге - ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,

      С, % - купон ставкасы.

      3. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      S=N*I/100+С

      мұндағы,

      S, теңге - кезекті төленуге тиіс орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы,

      N, теңге - орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,

      I, % - өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,

      бұл ретте инфляция индексі процентте көрсетілген купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстерін жүргізу жолымен анықталады:

      І=(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,

      мұндағы,

      І1, І2, І3, ..., Іn- купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді,

      С, - тіркелген купон сомасы,

      бұл ретте тіркелген купон сомасы олар бойынша сыйақы кезекті төлеуге жататын орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың тиісті саны атаулы құнының сомасын, тіркелген жылдық купонды және купондық кезеңдегі күндер санын жүргізу жолымен анықталады:

      С=N*К* 180/360,

      мұндағы,

      K, % - орналастыру кезінде белгіленген тіркелген жылдық купонның мәні.

      4. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      S=N*І/100+С,

      мұндағы,

      S, теңге - кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы,

      N, теңге - ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,

      I, % - өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,

      бұл ретте өткен купондық кезең үшін инфляция индексі пайызда көрсетілген купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстерін жүргізу жолымен анықталады:

      І=(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,

      мұндағы,

      І1, I2, I3, ..., Іn- купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді,

      С, - тіркелген купон сомасы,

      бұл ретте тіркелген купон сомасы олар бойынша сыйақы кезекті төлеуге жататын ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар тиісті саны атаулы құнының және тіркелген жылдық купон сомасын жүргізу жолымен анықталады:

      С=N*К

      мұндағы,

      К, % - орналастыру кезінде белгіленген тіркелген жылдық купонның мәні.

Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 723. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июня 2023 года № 32954.

      В соответствии со статьей 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы.

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3 Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Утверждены приказом
Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов
Республики Казахстан
от 30 июня 2023 года № 723

Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы

Глава 1. Общие положения

      1. На стоящие Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы (далее – Правила) разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" и определяют порядок выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных ценных бумаг местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы на территории Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) андеррайтер – профессиональный участник рынка ценных бумаг, обладающий лицензией на осуществление брокерской и дилерской деятельности и оказывающий услуги эмитенту по выпуску и размещению эмиссионных ценных бумаг;

      2) ценные бумаги – государственные эмиссионные ценные бумаги, эмитируемые местными исполнительными органами области, города республиканского значения, столицы;

      3) первичный дилер – профессиональный участник рынка ценных бумаг, допущенный в установленном порядке к участию в размещении ценных бумаг;

      4) свод правил депозитария – внутренний документ депозитария, на основании которого депозитарий осуществляет обслуживание и погашение ценных бумаг;

      5) центральный депозитарий (далее – депозитарий) – акционерное общество "Центральный депозитарий ценных бумаг", осуществляющее функции платежного агента при размещении ценных бумаг, по выплате дохода по ценным бумагам и при их погашении, функции по депозитарному обслуживанию ценных бумаг в соответствии с договором, заключенным с эмитентом;

      6) организатор торгов – акционерное общество "Казахстанская фондовая биржа";

      7) правила организатора торгов – внутренний документ организатора торгов, на основании которого организатор торгов осуществляет размещение ценных бумаг;

      8) эмитент – местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы.

      При этом местные исполнительные органы области являются эмитентами только государственных ценных бумаг, выпускаемых местными исполнительными органами областей для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений в рамках реализации государственных программ, а также иных ценных бумаг, выпускаемых для финансирования в установленном порядке отдельных мероприятий по содействию занятости.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

Глава 2. Порядок выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения ценных бумаг

      Параграф 1. Общие условия выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения ценных бумаг

      3. Ценные бумаги выпускаются эмитентом в бездокументарной форме. Обслуживание ценных бумаг (начисление и выплата вознаграждения) осуществляется в национальной валюте.

      4. Каждый выпуск имеет международный идентификационный номер (ISIN), присваиваемый центральным депозитарием в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Ценные бумаги размещаются эмитентом путем проведения аукциона, доразмещения, повторного открытия, подписки и другими способами, установленными правилами организатора торгов.

      6. Эмитент при осуществлении выпуска ценных бумаг вправе привлекать андеррайтера.

      7. Учет ценных бумаг и прав по ним осуществляется депозитарием.

      8. Условия, объем и целевое назначение выпуска ценных бумаг местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы определяются в соответствии с пунктом 2 статьи 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан.

      При этом совокупный объем государственного заимствования местных исполнительных органов не должен превышать установленный лимит долга соответствующего местного исполнительного органа.

      9. Эмитент в срок не позднее, чем за десять календарных дней до даты размещения информирует Министерство финансов Республики Казахстан о дате проведения размещения, объемах предстоящего выпуска.

      10. Условия и процедуры способов размещения, обслуживания и погашения ценных бумаг устанавливаются правилами организатора торгов и сводом правил депозитария соответственно.

      11. Юридические и физические лица - резиденты и нерезиденты Республики Казахстан приобретают ценные бумаги через первичных дилеров.

      12. Ставка вознаграждения, объем размещения ценных бумаг согласовываются с Министерством финансов Республики Казахстан.

      13. Днем начала обращения ценных бумаг считается день осуществления депозитарием расчетов по размещенным ценным бумагам. Последним днем обращения считается день, предшествующий дню погашения данных ценных бумаг.

      14. Первым днем, за который начисляется вознаграждение по данным ценным бумагам, является день начала их обращения, а последним днем - последний день, предшествующий дню их погашения.

      Выплата вознаграждения по ценным бумагам производится в дни, установленные условиями выпуска отдельных видов ценных бумаг. Последняя выплата вознаграждения совпадает с днем погашения ценных бумаг, если иной срок не предусмотрен условиями выпуска ценных бумаг. Если дата выплаты вознаграждения по ценным бумагам приходится на нерабочий день, то выплата производится в первый рабочий день, следующий за нерабочим днем.

      15. Погашение ценных бумаг производится по номинальной стоимости в первый день, следующий за окончанием срока их обращения. Если дата погашения номинальной стоимости ценных бумаг приходится на нерабочий день, то погашение производится в первый рабочий день, следующий за нерабочим днем.

      15-1. Эмитент может производить частичное досрочное или полное досрочное погашение ценных бумаг.

      16. Погашение и обслуживание ценных бумаг осуществляется за счет средств соответствующего местного бюджета.

      17. После погашения ценных бумаг эмитент в течение пяти рабочих дней представляет в Министерство финансов Республики Казахстан копию сведений депозитария о погашении ценных бумаг и копии документов, подтверждающих произведенное погашение.

      18. Эмитент может выкупить весь или частично объем определенного выпуска ценных бумаг по рыночной цене на вторичном рынке. Решение эмитента о выкупе всего объема определенного выпуска ценных бумаг доводится до организатора торгов за месяц до даты такого выкупа, который в течение пяти календарных дней после данного уведомления сообщает об этом первичным дилерам.

      19. Порядок налогообложения по операциям с ценными бумагами определяется в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.

      20. Эмитент осуществляет выпуск, размещение, обращение, обслуживание и погашение следующих видов ценных бумаг:

      1) среднесрочных;

      2) долгосрочных;

      3) среднесрочных индексированных;

      4) долгосрочных индексированных;

      5) государственных ценных бумаг, выпускаемых местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений в рамках реализации государственных программ.

      Сноска. Пункт 20 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

      21. Среднесрочные, долгосрочные, среднесрочные индексированные, долгосрочные индексированные ценные бумаги и государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений являются купонными эмиссионными ценными бумагами, номинальная стоимость которых составляет одну тысячу тенге.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции приказа Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

      22. Расчетная база для исчисления суммы купона по среднесрочным, долгосрочным, среднесрочным индексированным, долгосрочным индексированным ценным бумагам и государственным ценным бумагам, выпускаемым местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений - тридцать дней в расчетном месяце, триста шестьдесят дней в расчетном году.

      Сноска. Пункт 22 - в редакции приказа Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

      23. Владельцы ценных бумаг осуществляют любые гражданско-правовые сделки с ценными бумагами, за исключением ограничений, установленных законодательными актами. При этом инвестор все операции с ценными бумагами оформляет через первичного дилера.

      Параграф 2. Среднесрочные ценные бумаги

      24. Среднесрочные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше года до пяти лет включительно.

      25. Размещение и погашение среднесрочных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается определенное при размещении вознаграждение, называемое купоном.

      26. Выплата купона по среднесрочным ценным бумагам осуществляется в дни, установленные эмитентом два раза в год соответствующего года обращения среднесрочных ценных бумаг.

      27. Сумма купона среднесрочных ценных бумаг исчисляется согласно пункту 1 Формулы исчисления суммы купона среднесрочных, долгосрочных, среднесрочных индексированных и долгосрочных индексированных ценных бумаг согласно приложению к настоящим Правилам.

      Параграф 3. Долгосрочные ценные бумаги

      28. Долгосрочные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше пяти лет.

      29. Размещение и погашение долгосрочных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается определенное при размещении вознаграждение, называемое купоном.

      30. Выплата купона по долгосрочным ценным бумагам осуществляется в дни, установленные эмитентом один раз в год соответствующего года обращения ценных бумаг.

      31. Сумма купона долгосрочных ценных бумаг исчисляется согласно пункту 2 приложения к настоящим Правилам.

      Параграф 4. Среднесрочные индексированные ценные бумаги

      32. Среднесрочные индексированные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше года до пяти лет включительно и имеют шестимесячную кратность.

      33. Размещение и погашение среднесрочных индексированных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается вознаграждение, именуемое индексированным купоном.

      34. Размещение среднесрочных индексированных ценных бумаг производится в предпоследний рабочий день месяца, если эмитентом не предусмотрена иная дата выпуска ценных бумаг.

      35. Выплата индексированного купона осуществляется по среднесрочным индексированным ценным бумагам в дни, установленные эмитентом два раза в год, с соответствующей периодичностью.

      При этом выплата индексированного купона по среднесрочным индексированным ценным бумагам производится в пятый рабочий день месяца через каждые шесть полных календарных месяца обращения.

      36. Индексация денег, вложенных в среднесрочные индексированные ценные бумаги, производится путем исчисления индексированного купона, полученного от сложения фиксированного купона, определенного при размещении, и индекса инфляции за истекший купонный период.

      37. Сумма индексированного купона среднесрочных индексированных ценных бумаг исчисляется согласно пункту 3 приложения к настоящим Правилам.

      38. Индекс потребительских цен публикуется ежемесячно Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      39. Если индекс инфляции за истекший купонный период равен отрицательному значению, то значение индекса инфляции принимать равным нулю.

      Параграф 5. Долгосрочные индексированные ценные бумаги

      40. Долгосрочные индексированные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше пяти лет и имеют двенадцатимесячную кратность.

      41. Размещение и погашение долгосрочных индексированных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается вознаграждение, именуемое индексированным купоном.

      42. Размещение долгосрочных индексированных ценных бумаг производится в предпоследний рабочий день месяца, если эмитентом не предусмотрена иная дата выпуска ценных бумаг.

      43. Выплата индексированного купона осуществляется по долгосрочным индексированным ценным бумагам в дни, установленные эмитентом один раз в год, с соответствующей периодичностью.

      При этом выплата индексированного купона по долгосрочным индексированным ценным бумагам производится в пятый рабочий день месяца через каждые двенадцать полных календарных месяца обращения.

      44. Индексация денег, вложенных в долгосрочные индексированные ценные бумаги, производится путем исчисления индексированного купона, полученного от сложения фиксированного купона, определенного при размещении, и индекса инфляции за истекший купонный период.

      45. Сумма индексированного купона долгосрочных индексированных ценных бумаг исчисляется согласно пункту 4 приложения к настоящим Правилам.

      46. Индекс потребительских цен публикуется ежемесячно Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      47. Если индекс инфляции за истекший купонный период равен отрицательному значению, то значение индекса инфляции принимать равным нулю.

      Параграф 6. Государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений в рамках реализации государственных программ

      Сноска. Заголовок параграфа 6 - в редакции приказа Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

      48. Государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений выпускаются со сроком обращения до десяти лет.

      Сноска. Пункт 48 - в редакции приказа Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

      49. Размещение и погашение государственных ценных бумаг, выпускаемых местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается определенное при размещении вознаграждение, называемое купоном.

      Сноска. Пункт 49 - в редакции приказа Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

      50. Выплата купона по государственным ценным бумагам, выпускаемым местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений со сроками обращения до пяти лет осуществляется в дни, установленные эмитентом два раза в год соответствующего года обращения данных ценных бумаг.

      Выплата купона по государственным ценным бумагам, выпускаемым местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений со сроками обращения от пяти до десяти лет включительно осуществляется в дни, установленные эмитентом один раз в год соответствующего года обращения данных ценных бумаг.

      Сноска. Пункт 50 - в редакции приказа Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

      51. Сумма купона государственных ценных бумаг, выпускаемых местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства и (или) приобретения, выкупа жилья и (или) квартир в объектах долевого участия в жилищном строительстве, а также для финансирования строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений исчисляется аналогично сумме купона среднесрочных ценных бумаг согласно пункту 1 приложения к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 51 - в редакции приказа Министра финансов РК от 13.05.2024 № 287 (вводится в действие с 08.06.2024).

  Приложение
к Правилам выпуска ценных
бумаг для обращения на
внутреннем рынке местным
исполнительным органом
области, города
республиканского значения,
столицы

Формулы исчисления суммы купона среднесрочных, долгосрочных, среднесрочных индексированных и долгосрочных индексированных ценных бумаг

      1. Сумма купона среднесрочных ценных бумаг исчисляется согласно следующей формуле:

      S=N*C*180/360

      где,

      S, тенге - сумма купона среднесрочных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,

      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества среднесрочных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,

      С, % - ставка купона.

      2. Сумма купона долгосрочных ценных бумаг исчисляется согласно следующей формуле:

      S=N*C

      где,

      S, тенге - сумма купона долгосрочных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,

      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества долгосрочных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,

      С, % - ставка купона.

      3. Сумма индексированного купона среднесрочных индексированных ценных бумаг исчисляется согласно следующей формуле:

      S=N*I/100+C,

      где,

      S, тенге - сумма индексированного купона среднесрочных индексированных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,

      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества среднесрочных индексированных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,

      I, % - индекс инфляции за истекший купонный период,

      при этом,

      I = (((I1/100)*(I2/100)*(I3/100)*....*(In/100))-1)*100,

      где,

      I1, I2, I3,...In - индексы потребительских цен за соответствующие месяцы купонного периода, значение I округляется до третьей (включительно) цифры после запятой,

      С, - сумма фиксированного купона,

      при этом, C=N*K*180/360,

      где,

      K, % - значение фиксированного годового купона, определенного при размещении.

      4. Сумма индексированного купона долгосрочных индексированных ценных бумаг исчисляется согласно следующей формуле:

      S=N*I/100+C,

      где,

      S, тенге - сумма индексированного купона долгосрочных индексированных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,

      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества долгосрочных индексированных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,

      I, % - индекс инфляции за истекший купонный период,

      при этом,

      I=(((I1/100)*(I2/100)*(I3/100)*....*(In/100))-1)*100,

      где,

      I1, I2, I3,...In - индексы потребительских цен за соответствующие месяцы купонного периода, значение I округляется до третьей (включительно) цифры после запятой,

      С, - сумма фиксированного купона,

      при этом, C=N*K,

      где,

      K, % - значение фиксированного годового купона, определенного при размещении.