"Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Балалар ауылының пәтер үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар, әкімшілік ғимараттар мен отбасылардың тұруына арналған құрылысжайлар, сондай-ақ үй іргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылық орналасқан оқшауланған аумағы болады, оның ең аз мөлшері кемінде 0,6 гектар болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардын құқықтарын қрғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |