Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33002 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Төмендегі бірлескен бұйрықтардың:

      1) "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген);

      2) "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 812, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-135, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 501 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 611 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26134 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республиасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Қазақстан РеспубликасыныңОқу-ағарту, вице-министрлеріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________А. Ғиният
      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
__________Г. Бейсембаев
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
__________Т. Дуйсенова
      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 123,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 190,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 271 мен
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 528 Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әзірленген және адамдарды әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққанқатыгездікпен қараудан зардап шегушілерге (бұдан әрі – Зардап шегуші) жатқызудың негіздерін айқындайды.

      2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер пайдаланылды:

      1) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау;

      2) зардап шегуші – оған қатысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың нысанына қарамастан, ол жасалған жеке адам;

      3) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;

      4) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;

      5) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру – осы Критерийлерге сәйкес адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен байланысты іс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге адамды жатқызу.

2-тарау. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау

      3. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынасқа ұшырадым деп мәлімдеген адам сәйкестендіру жүргізуге уәкілетті адамның және қажет болған жағдайда аудармашының жынысын таңдайды.

      Кәмелетке толмаған адамды сәйкестендіру заңды өкілдерінің, ал олар болмаған кезде – жақын туыстарының және (немесе) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының қатысуымен жүргізіледі.

      Өтініш жасаған адамды сәйкестендіруді халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағытты айқындайтын аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект жүргізеді.

      Ішкі істер органдары құқық бұзушылықты анықтаған (тапқан) жағдайда адамды сәйкестендіруді арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектімен және уәкілетті органмен бірлесіп, ішкі істер органдары жүргізеді.

      Адамды денсаулық сақтау немесе білім ұйымдары анықтаған жағдайда ішкі істер органдарына хабарланады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 24.09.2024 № 719, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2024 № 76, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.09.2024 № 385 және ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 25.09.2024 № 273 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:

      1-блок - күш көрсету зорлық-зомбылығы;

      2-блок - психологиялық зорлық-зомбылық;

      3-блок - экономикалық зорлық-зомбылық;

      4-блок - сексуалдық зорлық-зомбылық.

      Өтініш жасаған адамды сәйкестендіруді уәкілетті органмен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект жүргізеді.

      Ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтаған (тапқан) жағдайда адамды сәйкестендіруді арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектімен және уәкілетті органмен бірлесіп, ішкі істер органдары жүргізеді.

      Адамды денсаулық сақтау немесе білім ұйымдары анықтаған жағдайда ішкі істер органдарына хабарланады.

      5. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.

      6. Егер блоктардың бірі бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, адам тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.

      Егер өтініш жасаған адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып сәйкестендірілген жағдайда, онда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъект бір жұмыс күні ішінде бағалау парағын оның арызымен бірге арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға, ал кәмелетке толмаған сәйкестендірілген жағдайда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жолдайды.

      Егер өтініш жасаған адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып сәйкестендірілмеген жағдайда, онда оған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудан бас тартылады.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініш жасаған адам әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

      7. Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:

      1-блок - адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адам ұрлаудың мақсаты;

      2-блок - адамға қатысты жасалған әрекеттер;

      3-блок - адамға қатысты пайдаланылған құралдар;

      4-блок - адамға келтірілген зиян.

      Өтініш жасаған адамды сәйкестендіруді уәкілетті органмен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект жүргізеді.

      Ішкі істер органдары адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтаған (тапқан) жағдайда адамды сәйкестендіруді ішкі істер органдары арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектімен, уәкілетті органмен және коммерциялық емес ұйыммен бірлесіп жүргізеді.

      Адамды денсаулық сақтау немесе білім ұйымдары анықтаған жағдайда ішкі істер органдарына хабарланады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 24.09.2024 № 719, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2024 № 76, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.09.2024 № 385 және ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 25.09.2024 № 273 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      8. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам қатыгез қараудан зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.

      9. Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, жалпы нәтижесі 20 және одан жоғары балл болса, адам адамды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ адамды ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.

      Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, 3-блокты қоспағанда (адамға қатысты пайдаланылған құралдар), жалпы нәтижесі 15 және одан жоғары балл болса, кәмелетке толмаған адам кәмелетке толмағандарды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.

      10. Егер адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған және адам жәбірленуші болып танылған жағдайда, оны осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес сәйкестендіру талап етілмейді.

      11. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауды жүргізудің қорытындылары бойынша уәкілетті органмен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект және, қажет болған жағдайда сәйкестендіруді жүргізетін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ішкі істер органдары осы Критерийлерге 3-қосымшаға сәйкес есеп жасайды.

      Егер өтініш жасаған адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып сәйкестендірілген жағдайда, онда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъект бір жұмыс күні ішінде бағалау парағын оның арызымен және есебімен бірге арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға, ал кәмелетке толмаған сәйкестендірілген жағдайда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жолдайды.

      Егер өтініш жасаған адам адам саудасы құрбаны болып сәйкестендірілмеген жағдайда, онда оған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудан бас тартылады.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініш жасаған адам әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

  Бірлескен бұйрығымен
бекітілген Әлеуметтік
бейімсіздікке және әлеуметтік
депривацияға әкеп соққан
қатыгездікпен қараудың
бар-жоғын бағалау
критерийлеріне
1-қосымша

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру

№ р/с

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1

Күш көрсету зорлық-зомбылығы

2.

Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

3 балл

3.

Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер

2 балл

4.

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

5.

Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

5 балл

6.

Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру

5 балл

7.

Психологиялық зорлық-зомбылық

8.

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

3 балл

9.

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

5 балл

10.

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде

5 балл

11.

Жалғасып келе жатқан қудалау, мәжбүрлі көші-қон

5 балл

12.

Экономикалық зорлық-зомбылық

13.

Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру

3 балл

14.

Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру

2 балл

15.

Тұрғын үйінен айыру

5 балл

16.

Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру

4 балл

17.

Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру

3 балл

18.

Сексуалдық зорлық-зомбылық

19.

Зорлау, яғни құрбанға немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не құрбандар дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау

5 балл

20.

Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау

5 балл

21.

Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету

5 балл

22.

Жалаңаштануға мәжбүрлеу, денені сипап қарау, әдепсіз немесе қорлайтын қарым-қатынас, сондай-ақ жыныс мүшелеріне соққы беру және оларға заттармен әсер ету, жыныстық қол сұғушылық

5 балл

  Бірлескен бұйрығымен
бекітілген Әлеуметтік
бейімсіздікке және әлеуметтік
депривацияға әкеп соққан
қатыгездікпен қараудың
бар-жоғын бағалау
критерийлеріне
2-қосымша

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 24.09.2024 № 719, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2024 № 76, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.09.2024 № 385 және ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 25.09.2024 № 273 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

№ р/с

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1.

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудыңмақсаты

2.

Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану

5 балл

3.

Мәжбүрлі еңбек мақсатында адамды саудаға салу / мәжбүрлі еңбек

5 балл

4.

Баланы/қызды заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу

5 балл

5.

Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу

5 балл

6.

Адамның ағзаларын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу

5 балл

6-1.

Құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау

5 балл

6-2.

Кінәлінің адамға қатысты меншік иесінің кейбір немесе барлық өкілеттіктерін жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер

5 балл

7.

Адамға қатысты жасалған әрекеттер

8.

Сатып алу-сату, өзге мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар)

5 балл

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын не қандай да бір жаза қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы

5 балл

10.

Кінәлінің басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де сексуалдық сипаттағы қызметтерді пайдалануы деп адамды жезөкшелікпен айналысуға немесе алынған кірістерді немесе олардың бір бөлігін иемдену мақсатында, сол сияқты кінәлінің осы мақсатты көздемей, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге мәжбүрлеу түсініледі

5 балл

11.

Адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;

5 балл

12.

Кінәлінің құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеуі, яғни адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу

5 баллов

13.

Азғырып-көндіру – зардап шегушініқандайдабіржұмыстардынемесеқандайдабірқызметті, соныңішінде, егероныпайдаланумақсатыменбайланыстыболса, құқыққақайшықызметтіатқаруғакелісуінеқолжеткізу.

5 балл

14.

Тасу – адамдыпайдаланумақсатындабіржерденекіншіжерге, соныңішіндебірелдімекенніңішіндеоныңорнынауыстыруғабайланыстықасақанажасалатыніс-әрекет.

5 балл

15.

Беру – зардап шегушіні пайдаланатын адамға тікелей беру.

5 балл

16.

Жасыру – зардап шегушініқұқыққорғауоргандарынан, туыстарыменбасқаадамдарданжасыру.

5 балл

17.

Алу – адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін оны тікелей алу.

5 балл

18.

Пайдалану мақсатында ұрлау

5 балл

19.

Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру

5 балл

20.

Адамға қатысты пайдаланылған құралдар

21.

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту

5 балл

22.

Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану

5 балл

23.

Алдау немесе сенімге қиянат жасау

5 балл

24.

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану

5 балл

25.

Материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану

5 балл

26.

Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану

5 балл

27.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою

5 балл

28.

Адамға келтірілген зиян

29.

Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

5 балл

30.

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

31.

Адамның өмiрiне қауiптi емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру

5 балл

32.

Адамның өмiрiне қауiптi, көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтiру

5 балл

  Бірлескен бұйрығымен
бекітілген Әлеуметтік
бейімсіздікке және әлеуметтік
депривацияға әкеп соққан
қатыгездікпен қараудың
бар-жоғын бағалау
критерийлеріне
3-қосымша

Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау туралы есеп

      1. Тегі __________________________

      2. Аты ______________________________

      3. Әкесінің аты (бар болса) __________________________

      4. Күні және уақыты _______________________

      5. Жүргізілген орны (мекеменің атауы және мекенжайы) _____________________________

      6. Мән-жайлар (сәйкестендіру уақытында болған, мысалы ұйымдар қызметкерлерінің болуы, алып жүрушілер) және фактіге қатысты ақпарат

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      7. Оның сауалнамасы негізінде зардап шегушіге не болғаны туралы ақпарат (болжалды қатыгездікпен қарау әдістерін, болжалды қатыгездікпен қарауды қолдану уақытын және физикалық немесе психологиялық жай-күйіне келіп түскен шағымдарды қоса алғанда)

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      8. Адамды сәйкестендіруге уәкілеттінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы _______________________________________

      9. Адам саудасының құрбаны болып сәйкестендірілген адамның дербес деректері "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалуға жатады.

Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

Совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 190. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2023 года № 33002.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.07.2023.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 133 Социального кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      2. Признать утратившими силу следующие совместные приказы:

      1) совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года № 630, Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 сентября 2014 года № 399 и Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 240. "Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10013);

      2) совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 812, исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № ҚР ДСМ-135, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 501 и исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 611 "О внесении изменения в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года № 630, Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 сентября 2014 года № 399 и Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 240 "Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 26134).

      3. Департаменту по борьбе с организованной преступностью Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан, вице-министров труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, здравоохранения Республики Казахстан, просвещения Республики Казахстан.

      5. Настоящий совместный приказ вводится в действие с 1 июля 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
__________А. Ғиният
      Министр просвещения
Республики Казахстан
__________Г. Бейсембаев
      Заместитель Премьер-Министра -
Министр труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
__________Т. Дуйсенова
      министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________М. Ахметжанов

  Приложение
к совместному приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 1 июля 2023 года № 123,
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 30 июня 2023 года № 190,
Заместитель Премьер-
Министра - Министр труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 30 июня 2023 года № 271 и
министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 30 июня 2023 года № 528

Критерии
оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и депривации (далее - Критерии), разработаны в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан и определяют основания отнесения лиц к пострадавшим от жестокого обращения (далее - Пострадавший), приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации.

      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:

      1) жестокое обращение, приведшие к социальной дезадаптации и социальной депривации – действия, совершенные в формебытового насилия, торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищения людей независимо от наличия факта возбуждения уголовного производства по поводу совершенных действий;

      2) пострадавший – физическое лицо, в отношении которого совершено жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации, независимо от его формы;

      3) социальная дезадаптация – нарушение взаимодействия личности с социальной средой;

      4) социальная депривация – ограничение и (или) лишение возможности самостоятельного удовлетворения лицом (семьей) основных жизненных потребностей;

      5) идентификация жертвы торговли людьми – отнесение лица к пострадавшим от жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации вследствие действий, связанных с торговлей людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищения людей, согласно настоящим Критериям.

Глава 2. Оценка наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

      3. Лицо, утверждающее, что оно подвергалось жестокому обращению, приведшему к социальной дезадаптации и социальной депривации, выбирает пол уполномоченного на идентификацию лица и, при необходимости, переводчика.

      Идентификация несовершеннолетнего проводится в присутствии законных представителей, а при их отсутствии – близких родственниках и (или) органах, осуществляющих функции по опеке или попечительству.

      Идентификация обратившегося лица проводится субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги совместно с местным исполнительным органом районов, городов областного, республиканского значения, столицы, определяющим направление в сфере социальной защиты и занятости населения (далее – уполномоченный орган).

      При выявлении (обнаружении) органами внутренних делправонарушения,идентификация лица проводится органами внутренних дел совместно с субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги и уполномоченным органом.

      В случае установления лицаорганизациями здравоохранения или образования,сообщается в органы внутренних дел.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным совместным приказом Министра внутренних дел РК от 24.09.2024 № 719, Министра здравоохранения РК от 30.09.2024 № 76, Министра труда и социальной защиты населения РК от 25.09.2024 № 385 и и.о. Министра просвещения РК от 25.09.2024 № 273 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. При оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при бытовом насилии, действия совершенные в отношении лица, группируются по следующим блокам:

      блок 1 - физическое насилие;

      блок 2 - психологическое насилие;

      блок 3 - экономическое насилие;

      блок 4 - сексуальное насилие.

      Идентификация обратившегося лица проводится субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги совместно с уполномоченным органом.

      При выявлении (обнаружении) органами внутренних дел правонарушения в сфере бытового насилия,идентификация лица проводится органами внутренних дел совместно с субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги и уполномоченным органом.

      В случае установления лица организациями здравоохранения или образования, сообщается в органы внутренних дел.

      5. При проведении оценки наличия жестокого обращения, по каждому блоку действий присваиваются баллы согласно приложению 1 к настоящим Критериям, по сумме которых определяется, относится ли лицо к числу пострадавших.

      6. Лицо признается пострадавшим в результате действий, связанных с бытовым насилием, если сумма баллов по одному из блоков составляет 5 и более баллов.

      В случае, если обратившееся лицо идентифицируется жертвой бытового насилия, то субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги в течение одного рабочего дня направляется лист оценки совместно с его заявлением в уполномоченный органдля получения разрешения на предоставление специальных социальных услуг, а при идентификации несовершеннолетнего – в орган, осуществляющий функции по опеке или попечительству.

      В случае, если обратившееся лицо не идентифицируется жертвой бытового насилия, то ему отказывается в предоставлении специальных социальных услуг.

      В соответствии Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстанобратившееся лицо вправе обжаловать административное действие (бездействие), связанное с принятием административного акта.

      7. При оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищении людей, действия совершенные в отношении лица, группируются по следующим блокам:

      блок 1 - цель торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей;

      блок 2 - действия, совершенныев отношении лица;

      блок 3 - средства,использованные в отношении лица;

      блок 4 - причиненный вред лицу.

      Идентификация обратившегося лица проводится субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги совместно с уполномоченным органом.

      При выявлении (обнаружении) органами внутренних дел преступления, связанного с торговлей людьми, идентификация лица проводится органами внутренних дел совместно с субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги, уполномоченным органом и некоммерческой организацией.

      В случае установления лица организациями здравоохранения или образования, сообщается в органы внутренних дел.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным совместным приказом Министра внутренних дел РК от 24.09.2024 № 719, Министра здравоохранения РК от 30.09.2024 № 76, Министра труда и социальной защиты населения РК от 25.09.2024 № 385 и и.о. Министра просвещения РК от 25.09.2024 № 273 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. При проведении оценки наличия жестокого обращения, по каждому блоку действий присваиваются баллы согласно приложению 2 к настоящим Критериям, по сумме которых определяется, относится ли лицо к числу пострадавших.

      9. Лицо признается пострадавшим в результате действий, связанных с торговлей людьми, иными видами их эксплуатации, а также похищением людей, если сумма баллов по каждому блоку составляет 5 и более баллов, с общим результатом 20 и более баллов.

      Несовершеннолетнее лицо признается пострадавшим в результате действий, связанных с торговлей несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищением, если сумма баллов по каждому блоку составляет 5 и более баллов, с общим результатом 15 и более баллов, за исключением блока 3 (средства, использованные в отношении лица).

      10. В случае, если по факту торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищения людей начато досудебное расследование и лицо признано потерпевшим,идентификация его в соответствии с приложением 2 к настоящим Критериям не требуется.

      11. По итогам проведения оценки наличия жестокого обращениясубъектом, предоставляющим специальные социальные услуги совместно с уполномоченным органоми, при необходимости,органами внутренних дел,органом, осуществляющим функции по опеке или попечительству, проводившими идентификацию, составляется отчет согласно приложению 3 к настоящим Критериям.

      В случае, если обратившееся лицо идентифицируется жертвой торговли людьми, то субъектом, предоставляющим специальные социальные услуги, в течение одного рабочего дня направляется лист оценки совместно с его заявлениеми отчетом в уполномоченный орган для получения разрешения на предоставление специальных социальных услуг, а при идентификации несовершеннолетнего– в орган, осуществляющий функции по опеке или попечительству.

      В случае, если обратившееся лицо не идентифицируется жертвой торговли людьми, то ему отказывается в предоставлении специальных социальных услуг.

      В соответствии Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстанобратившееся лицо вправе обжаловать административное действие (бездействие), связанное с принятием административного акта.

  Приложение 1
к Критериям оценки наличия
жестокого обращения,
приведшего к социальной
дезадаптации и социальной
депривации, утвержденным
совместным приказом

Присвоение баллов при оценке наличия жестокого обращения, приведшегок социальной дезадаптации и социальной депривации при бытовом насилии

№ п/п

Перечень критериев для оценки наличия жестокого обращения при бытовом насилии

Предельные показатели для оценки наличия жестокого обращения при бытовом насилии

1.

Физическое насилие

2.

Нанесение побоев или совершение иных насильственных действий, причинивших физическую боль

3 балла

3.

Нецензурная брань, оскорбительное приставание, унижение, повреждение предметов домашнего обихода и другие действия, выражающие неуважение к гражданам, состоящим с правонарушителем в семейно-бытовых отношениях, нарушающие их спокойствие, совершенные в пределах индивидуального жилого дома или квартиры

2 балла

4.

Причинение физических или психических страданий путем систематического нанесения побоев или иными насильственными действиями

5 баллов

5.

Умышленное причинение, не опасного для жизни человека и средней тяжести вреда здоровью не повлекшего последствий, но вызвавшее длительное расстройство здоровья

5 баллов

6.

Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью, опасного для жизни человека или причинение тяжкого вреда повлекшего за собой потерю зрения, речи, слуха или какого-либо органа либо утрату органом его функций, или выразившегося в неизгладимом обезображивании лица, а также причинение иного вреда здоровью, опасного для жизни или вызвавшего расстройство здоровья, либо повлекшее за собой прерывание беременности, психическое расстройство, заболевание наркоманией или токсикоманией

5 баллов

7.

Психологическое насилие

8.

Грубость, издевательства, оскорбление, угроза, шантаж, преследование и другое действие (бездействие), вызывающее отрицательную эмоциональную реакцию человека и душевную боль

3 балла

9.

Доведение лица до самоубийства или до покушения на самоубийство путем угроз, жестокого обращения или систематического унижения человеческого достоинства пострадавшего

5 баллов

10.

Угроза убийством или причинением тяжкого вреда здоровью, а равно иным тяжким насилием над личностью либо уничтожением имущества поджогом, взрывом или иным общеопасным способом при наличии достаточных оснований опасаться приведения этой угрозы в исполнение

5 баллов

11.

Продолжающееся преследование, вынужденная миграция

5 баллов

12.

Экономическое насилие

13.

Лишение документов, удостоверяющих личность, устанавливающих право собственности, на совершение действий

3 балла

14.

Лишение денежных средств, необходимых для жизнедеятельности

2 балла

15.

Лишение жилья

5 баллов

16.

Лишение пищи, необходимой для жизнедеятельности

4 балла

17.

Лишение одежды, необходимой для жизнедеятельности

3 балла

18.

Сексуальное насилие

19.

Изнасилование, то есть половое сношение с применением насилия или с угрозой его применения к пострадавшему или к другим лицам либо с использованием беспомощного состояния пострадавшего

5 баллов

20.

Совершение развратных действий без применения насилия в отношении лица, заведомо не достигшего четырнадцатилетнего возраста

5 баллов

21.

Понуждение лица к половому сношению, мужеложству, лесбиянству или совершению иных действий сексуального характера

5 баллов

22.

Принуждение к оголению, ощупывание тела, непристойное или унижающее обращение, a также удары по половым органам и воздействие на них предметами, сексуальное посягательство

5 баллов

  Приложение 2
к Критериям оценки наличия
жестокого обращения,
приведшего к социальной
дезадаптации и социальной
депривации, утвержденным
совместным приказом

Присвоение баллов при оценке наличия жестокого обращения,приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривациипри торговле людьми, в том числе несовершеннолетними,иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

      Сноска. Приложение 2 с изменениями, внесенными совместным приказом Министра внутренних дел РК от 24.09.2024 № 719, Министра здравоохранения РК от 30.09.2024 № 76, Министра труда и социальной защиты населения РК от 25.09.2024 № 385 и и.о. Министра просвещения РК от 25.09.2024 № 273 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Перечень критериев для оценки наличия жестокого обращения при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

Предельные показатели для оценки наличия жестокого обращения при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

1.

Цель торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

2.

Торговля людьми с целью сексуальной эксплуатации/ сексуальная эксплуатация

5 баллов

3.

Торговля людьми с целью принудительного труда/ принудительный труд

5 баллов

4.

Торговля несовершеннолетними детьми с целью незаконного усыновления/удочерения

5 баллов

5.

Торговля людьми с целью принуждения к занятию попрошайничеством/ принуждение к занятию попрошайничеством

5 баллов

6.

Торговля людьми с целью незаконного изъятия органов и тканей человека

5 баллов

6-1.

Торговля людьми с целью принуждения к совершению противоправной деятельности/ вербовка, перевозка, передача, укрывательство, получение, а также совершение иных деяний в целях принуждения к совершению противоправной деятельности

5 баллов

6-2.

Иные действия, связанные с осуществлением виновным некоторых или всех полномочий собственника в отношении лица

5 баллов

7.

Действия, совершенные в отношении лица

8.

Купля-продажа, иные сделки (дарение, мена, обмен, аренда, оставление человека в качестве обеспечения выполнения обязательства по сделке, передача человека в целях получения каких-либо выгод неимущественного характера)

5 баллов

9.

Использование виновным принудительного труда, то есть любой работы или службы, требуемой от лица путем применения насилия или угрозы его применения либо угрозы какого-либо наказания, для выполнения которой это лицо не предложило добровольно своих услуг, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан

5 баллов

10.

Использование виновным занятия проституцией другим лицом или иных оказываемых им услуг сексуального характера понимается принуждение лица к занятию проституцией или оказанию иных услуг сексуального характера в целях присвоения полученных доходов или их части, а равно без преследования виновным этой цели

5 баллов

11.

Принуждение лица к занятию попрошайничеством, то есть к совершению антиобщественного деяния, связанного с выпрашиванием у других лиц денег и (или) иного имущества

5 баллов

12.

Принуждение виновным к совершению противоправной деятельности, то есть принуждение лица к совершению правонарушения с целью извлечения дохода или выгод имущественного характера

5 баллов

13.

Вербовка - достижение согласия пострадавшего на выполнение каких-либо работ или какой-либо деятельности, в том числе противоправной, если это связано с целью его эксплуатации

5 баллов

14.

Перевозка - совершаемые с целью эксплуатации человека умышленные действия по его перемещению из одного места в другое, в том числе в пределах одного и того же населенного пункта

5 баллов

15.

Передача - непосредственная передача пострадавшего лицу для его эксплуатации

5 баллов

16.

Укрывательство - сокрытие пострадавшего от правоохранительных органов, родственников и других лиц

5 баллов

17.

Получение - непосредственное получение лица для его эксплуатации или дальнейшей передачи

5 баллов

18.

Похищение с целью эксплуатации

5 баллов

19.

Незаконное лишение свободы с целью эксплуатации

5 баллов

20.

Средства, использованные в отношении лица

21.

Применение насилия, опасного для жизни и здоровья или угроза его применения

5 баллов

22.

Применение оружия или предметов, используемых в качестве оружия

5 баллов

23.

Обман или злоупотребление доверием

5 баллов

24.

Использование своего служебного положения

5 баллов

25.

Использование материальной или иной зависимости

5 баллов

26.

Использование психического расстройства или беспомощного состояния

5 баллов

27.

Изъятие, сокрытие либо уничтожение документов, удостоверяющих личность

5 баллов

28.

Причиненный вред лицу

29.

Нанесены побои или иные насильственные действия, причинившие физическую боль, но не повлекшие последствий

5 баллов

30.

Причинены физические или психические страдания в результате систематического нанесения побоев или иных насильственных действий

5 баллов

31.

Причинен не опасный для жизни человека вред здоровью, вызвавший длительное расстройство здоровья

5 баллов

32.

Причинен опасный для жизни человека вред здоровью, повлекший за собой потерю зрения, речи, слуха или какого-либо органа, либо утрату органом его функций, или выразившийся в неизгладимом обезображивании лица, а также причинен иной вред здоровью, вызвавший расстройство здоровья, либо повлекшее за собой прерывание беременности, психическое расстройство, заболевание наркоманией или токсикоманией

5 баллов

  Приложение 3
к Критериям оценки наличия
жестокого обращения,
приведшего к социальной
дезадаптации и социальной
депривации, утвержденным
совместным приказом

Отчет об оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

      1. Фамилия __________________________

      2. Имя ______________________________

      3. Отчество (при его наличии)__________________________

      4. Дата и время _______________________

      5. Место проведения (наименование и адрес учреждения) _____________________________

      6. Обстоятельства (имеющиеся на момент идентификации (например, присутствие сотрудников организаций, сопровождающие) и информация, относящаяся к факту

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Информация о том, что произошло c пострадавшим на основе его опроса (включая методы предполагаемого жестокого обращения, время применения предполагаемого жестокого обращения и имеющиеся жалобы на физическое или психологическое состояние)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      8. Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись уполномоченного на идентификацию лица _______________________________________

      9. Персональные данные лица, идентифицированного жертвой торговли людьми, подлежат защите в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".