БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінде:
3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш жасаған адамды сәйкестендіруді халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағытты айқындайтын аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект жүргізеді";
7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтаған (тапқан) жағдайда адамды сәйкестендіруді ішкі істер органдары арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектімен, уәкілетті органмен және коммерциялық емес ұйыммен бірлесіп жүргізеді";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-1 және 6-2 жолдармен толықтырылсын:
"
6-1. | Құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау | 5 балл |
6-2. | Кінәлінің адамға қатысты меншік иесінің кейбір немесе барлық өкілеттіктерін жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер | 5 балл |
";
реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын не қандай да бір жаза қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы | 5 балл |
10. | Кінәлінің басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де сексуалдық сипаттағы қызметтерді пайдалануы деп адамды жезөкшелікпен айналысуға немесе алынған кірістерді немесе олардың бір бөлігін иемдену мақсатында, сол сияқты кінәлінің осы мақсатты көздемей, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге мәжбүрлеу түсініледі | 5 балл |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12. | Кінәлінің құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеуі, яғни адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу | 5 баллов |
".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Е. Оспан |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |