"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 271-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33016 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрыққа
1-қосымша

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.

      2. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) дарынды жастарды жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен номинациялар бойынша жыл сайын беріледі.

      3. Сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерiн уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражаты шегінде жыл сайын белгілейді.

2-тарау. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібі

      4. Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен жалпы қоғамның дамуына ықпал ететін кандидаттар өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлық алуға үміткер болады.

      Сыйлық бір мезгілде әр номинация бойынша 2 (екіден) артық емес ізденушіге беріледі. Сыйлықты бір мезгілде 2 (екі) ізденушіге берген кезде әр номинация бойынша оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді.

      Сыйлықты қайталап беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.

      Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.

      5. Сыйлық алуға кандидатуралар ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.

      6. Сыйлық уәкілетті органның бұйрығымен уәкілетті органның жанынан құрылған "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде беріледі.

      Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар қатарынан қалыптастырылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және 15 (он бес) адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

      Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер қақтығысы) болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын болса, сыйлық алуға арналған өтінімдерді қарауға қатыспайды.

      Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы Комиссия төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру уәжделеді және отырыс басталғанға дейін де, комиссия отырысы барысында да мәлімделеді.

      Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіру) туралы шешімді комиссия жазбаша нысанда, отырыстарға қатысатын оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылдайды және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.

      7. Сыйлық алуға арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру сыйлық алуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) айдан кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      8. Сыйлық алуға арналған өтінімдерді қабылдау өтінімдерді қабылдау туралы хабарланған кезден басталады және сыйлық салтанатты жағдайда табыс етілгенге дейін 2 (екі) ай бұрын тоқтатылады.

      9. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар (бұдан әрі – ұсынатын ұйымдар) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:

      1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;

      3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;

      4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

      6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

      7) кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).

      Уәкiлеттi орган сыйлық алуға ізденуші бойынша келіп түскен құжаттарды қабылдап, бір күн мерзімде тіркейді.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде, уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға сыйлық алуға арналған өтінімді осы тармақтың бірінші бөлігінде сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысхатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.

      Ұсынушы ұйымдар хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде ұсынады.

      Уәкілетті орган хабарламада көрсетілген ескертулерді ескере отырып пысықталған өтінімдерді Комиссияның қарауына ұсынады.

      Өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген мерзімде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйлық алуға арналған өтінімді арыз иесіне қайтарады.

      10. Комиссияның спектакльдерді, кино және телефильмдерді, көрмелерді қарауын, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдауын, ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледі.

      11. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды.

      Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің арасынан "Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы", "Әдебиет, театр және кино", "Журналистика және креативті бастамалар", "Спорт", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Ғылым" бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.

      Секция жұмысын Комиссия мүшелері қатарынан Комиссия төрағасы тағайындаған басшы басқарады.

      Секция отырыстары хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қояды және Комиссияның қорытынды отырысының қарауына беріледі.

      Екiншi кезеңде – Комиссия сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.

      Комиссияның қорытынды отырысы аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдалана отырып, ашықтық және айқындық қағидаттарында өткізіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.09.2023 № 366-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда, сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, ол құқықтық күші бар деп есептеледі.

      13. Хаттама жобасы мен негіздемесі бар хабарлама хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысхатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.

      Ұсынушы ұйымдар хаттама жобасына қарсылықты хаттама жобасымен хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

      Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      Хаттамада сыйлық беруге кандидатуралар және себептерін көрсете отырып, сыйлық берілмейтін кандидатуралар көрсетіледі.

      14. Уәкілетті орган Комиссия шешімі негізінде сыйлықты беру жылының 10 желтоқсанға дейін сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.09.2023 № 366-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сыйлықты беру туралы бұйрық Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.09.2023 № 366-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Сыйлыққа ие болған адамдарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табыс етіледі.

      17. Сыйлықтар салтанатты түрде беріледі, марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күніне орайластырылады.

      Уәкілетті орган тиісті жылдың 20 (жиырмасыншы) желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.09.2023 № 366-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Лауреаттың төсбелгiсi мен дипломының сипаттамасын Комиссияның төрағасы бекiтедi.

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрыққа
2-қосымша

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.09.2023 № 366-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:

      1. Әдебиет;

      2. Ғылым;

      3. Дизайн және бейнелеу өнері;

      4. Журналистика;

      5. Классикалық музыка;

      6. Креативті бастамалар;

      7. Спорт;

      8. Театр және кино;

      9. Эстрада;

      10. Халық шығармашылығы.

  "Дарын" мемлекеттік
жастар сыйлығын
беру қағидаларына
қосымша
  Нысан

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі

      1. Тегі ___________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған кезде)______________________________________

      2. Туған күні______________________________________________________

      3. Ұсынушы ұйымның толық атауы _______________________________

      _________________________________________________________________

      4. Номинация _____________________________________________________

      5. Білімі __________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)____________________

      7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)______

      _________________________________________________________________

      ___________________________________________________

      8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтар үшін)_________________________

      9. Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________

      10. Байланыс телефоны ______________________________________________

      11. Электрондық пошта ______________________________________________

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.

      2.

      Ұйым басшысы __________________       _________________________________

      (қолы)             тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Мөр қою орны (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___"_________

О некоторых вопросах Государственной молодежной премии "Дарын"

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2023 года № 33016.

      В соответствии с подпунктом 12) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила присуждения Государственной молодежной премии "Дарын" согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Номинации Государственной молодежной премии "Дарын" согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      министр информации и
общественного развития
Республики Казахстан
Д. Қыдырәлі

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
министр информации и
общественного развития
Республики Казахстан
от 1 июля 2023 года № 271-НҚ

Правила
присуждения Государственной молодежной премии "Дарын"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присуждения Государственной молодежной премии "Дарын" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике" и определяют порядок присуждения Государственной молодежной премии "Дарын".

      2. Государственная молодежная премия "Дарын" (далее – премия) присуждается ежегодно по номинациям, утвержденным уполномоченным органом по вопросам государственной молодежной политики (далее – уполномоченный орган), в целях государственной поддержки талантливой молодежи за плодотворную научную, творческую, общественную деятельность, а также за высокие спортивные достижения.

      3. Размер денежного вознаграждения премии устанавливается уполномоченным органом ежегодно в пределах бюджетных средств, предназначенных для реализации мероприятий соответствующих бюджетных программ (подпрограмм) на соответствующий финансовый год.

Глава 2. Порядок присуждения Государственной молодежной премии "Дарын"

      4. На соискание премии претендуют граждане Республики Казахстан в возрасте до 35 (тридцать пять) лет на момент окончания приема заявок на соискание премии, являющиеся лауреатами международных и республиканских конкурсов, фестивалей и выставок, призерами и победителями спортивных соревнований республиканского и международного уровней, а также кандидаты, деятельность которых является инновационной и способствует развитию соответствующей отрасли и общества в целом.

      Премия присуждается одновременно не более чем 2 (двум) соискателям по каждой номинации. При присуждении премии одновременно 2 (двум) соискателям по каждой номинации ее денежная часть делится поровну между ними.

      Повторное присуждение премии не допускается. Одна и та же кандидатура не выдвигается на соискание премии более чем по одной номинации.

      При присуждении премии коллективу авторов ее денежная часть делится поровну между его членами.

      5. Представление кандидатур на соискание премии производится центральными, местными и иными государственными органами, общественными объединениями и иными юридическими лицами, зарегистрированными на территории Республики Казахстан.

      6. Премия присуждается приказом уполномоченного органа на основании решения Комиссии по присуждению Государственной молодежной премии "Дарын" (далее – Комиссия), созданной при уполномоченном органе.

      Комиссия формируется из числа представителей уполномоченного органа, центральных государственных органов, ученых, творческих работников, общественных деятелей, членов Совета по молодежной политике при Президенте Республики Казахстан, лиц, зачисленных в Президентский молодежный кадровый резерв.

      Состав Комиссии утверждается приказом уполномоченного органа.

      Общее количество членов Комиссии составляет нечетное число, но не менее 15 (пятнадцать) человек. Члены Комиссии принимают участие в деятельности Комиссии без права замены.

      Комиссию возглавляет председатель, а при его отсутствии заместитель председателя.

      Член Комиссии не участвует в рассмотрении заявок на соискание премии, если у него имеется прямая или косвенная заинтересованность (конфликт интересов) и подлежит отводу (самоотводу).

      Член Комиссии в письменной форме уведомляет председателя Комиссии о возникшем конфликте интересов или возможности его возникновения.

      Самоотвод и отвод мотивируются и заявляются как до начала заседания, так и в ходе заседания Комиссии.

      Решение о самоотводе (отводе) члена Комиссии принимается Комиссией в письменной форме, большинством голосов ее членов, участвующих в заседаниях, и оглашается в присутствии члена Комиссии.

      7. Объявление о приеме заявок на соискание премии размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа не позднее, чем за 2 (два) месяца до завершения срока приема заявок на соискание премии.

      8. Прием заявок на соискание премии начинается с момента объявления о приеме заявок и заканчивается за 2 (два) месяца до вручения премии в торжественной обстановке.

      9. Центральные, местные и иные государственные органы, общественные объединения и иные юридические лица, зарегистрированные на территории Республики Казахстан (далее – выдвигающие организации), направляют в уполномоченный орган следующие документы в бумажном и электронном виде:

      1) копию документа, удостоверяющего личность кандидата;

      2) регистрационную заявку на соискание Государственной молодежной премии "Дарын" по форме согласно приложению к настоящим Правилам;

      3) ходатайство и справку о достижениях соискателя премии;

      4) копии наградных дипломов, грамот, благодарностей (при наличии);

      5) копии статей, публикаций кандидата или о кандидате (при наличии);

      6) копию справки о наличии банковского счета;

      7) подтверждающие материалы о достижениях кандидата (при наличии).

      Уполномоченный орган принимает, регистрирует в однодневный срок поступившие документы на соискателя премии.

      При представлении неполного пакета документов, в срок не позднее 5 (пять) рабочих дней со дня получения заявки уполномоченный орган направляет уведомление о необходимости приведения заявки на соискание премии в соответствии с частью первой настоящего пункта, заказным письмом с уведомлением о его вручении или на электронные адреса выдвигающих организаций.

      Выдвигающие организации в течение 3 (три) рабочих дней со дня получения уведомления представляют отсутствующие документы в уполномоченный орган в бумажном и электронном виде.

      Уполномоченный орган представляет на рассмотрение Комиссии, доработанные с учетом замечаний, указанных в уведомлении, заявки.

      При неприведении заявки в соответствие с требованиями, указанными в части первой настоящего пункта, в срок, указанный в уведомлении, уполномоченный орган в течение 3 (три) рабочих дней возвращает заявку на соискание премии заявителю.

      10. Организация просмотров Комиссией спектаклей, кино- и телефильмов, выставок, прослушивание концертных программ, а также музыкальных и литературных произведений, ознакомление с деятельностью соискателя возлагаются на выдвигающие организации.

      11. Кандидатуры, выдвинутые на соискание премии, рассматриваются Комиссией в два этапа.

      На первом этапе в целях всестороннего рассмотрения создаются 6 (шесть) секций из числа членов Комиссии по направлениям: "Эстрада, классическая музыка, народное творчество", "Литература, театр и кино", "Журналистика и креативные инициативы", "Спорт", "Дизайн и изобразительное искусство", "Наука".

      Работу секции возглавляет руководитель, назначаемый председателем Комиссии из числа членов Комиссии.

      Заседания секций оформляются протоколом, подписываются присутствующими членами Комиссии и передаются на рассмотрение на итоговое заседание Комиссии.

      На втором этапе – Комиссия принимает решение о присуждении премии.

      Итоговое заседание Комиссии проводится на принципах открытости и прозрачности с использованием аудио- и (или) видео фиксации.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и информации РК от 08.09.2023 № 366-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      12. Решение Комиссии об утверждении кандидатуры на присуждение премии принимается на заседании Комиссии открытым голосованием простым большинством голосов. При равенстве голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель. При отсутствии необходимого количества голосов, премия не присуждается. Заседание считается правомочным, если на нем присутствует более двух третей членов Комиссии.

      13. Уведомление с проектом протокола и обоснованием направляется заказным письмом с уведомлением о его вручении или на электронные адреса выдвигающих организаций в срок не позднее 3 (три) рабочих дней до подписания протокола.

      Выдвигающие организации предоставляют возражения к проекту протокола в срок не позднее 2 (два) рабочих дней со дня получения уведомления с проектом протокола.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

      Решение Комиссии оформляется протоколом и подписывается присутствующими членами Комиссии.

      В протоколе указываются кандидатуры на присуждение премии и кандидатуры, которым премия не присуждается, с указанием причин.

      14. Уполномоченный орган на основании решения Комиссии до 10 декабря года присуждения премии принимает приказ о присуждении премии.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 08.09.2023 № 366-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      15. Приказ о присуждении премии публикуется в средствах массовой информации и на интернет-ресурсе уполномоченного органа ко Дню Независимости.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 08.09.2023 № 366-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      16. Лицам, удостоенным премии, присваивается звание "Лауреат Государственной молодежной премии "Дарын", вручаются диплом, нагрудный знак и денежное вознаграждение.

      17. Премии вручаются в торжественной обстановке, церемония награждения приурочивается ко Дню Независимости.

      Уполномоченный орган в срок не позднее 20 (двадцатого) декабря соответствующего года перечисляет денежное вознаграждение на банковский счет лауреата премии.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 08.09.2023 № 366-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      18. Описание нагрудного знака и диплома лауреата утверждается председателем Комиссии.

  Приложение 2 к приказу
Министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 1 июля 2023 года № 271-НҚ

Номинации Государственной молодежной премии "Дарын"

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 08.09.2023 № 366-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Государственная молодежная премия "Дарын" присуждается по следующим номинациям:

      1. Литература;

      2. Наука;

      3. Дизайн и изобразительное искусство;

      4. Журналистика;

      5. Классическая музыка;

      6. Креативные инициативы;

      7. Спорт;

      8. Театр и кино;

      9. Эстрада;

      10. Народное творчество.

  Приложение
к Правилам присуждения
Государственной молодежной
премии "Дарын"
  Форма

Регистрационная заявка на соискание
Государственной молодежной премии "Дарын"

      1. Фамилия ________________________________________________________

      Имя ______________________________________________________________

      Отчество (при его наличии) __________________________________________

      2. Дата рождения ___________________________________________________

      3. Полное наименование выдвигающей организации _____________________

      __________________________________________________________________

      4. Номинация ______________________________________________________

      5. Образование ____________________________________________________

      6. Ученая степень, ученое звание (при наличии) ___________________________

      7. Текущая деятельность (место работы, должность/место учебы кандидата)

      ____________________________________________________________________

      8. Стаж работы (для работающих граждан) _______________________________

      9. Адрес проживания ________________________________________________

      10. Контактный телефон _____________________________________________

      11. Электронная почта _______________________________________________

      Перечень документов, прилагаемых к заявке, согласно пункту 9 Правил присуждения Государственной молодежной премии "Дарын":

      1.

      2.

      Руководитель организации ______________ ___________________________________
                              (подпись)       фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Место печати (при наличии) "___" _________20__ года.