"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтын қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығына қосымша |
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды (бұдан әрі – бірыңғай оператор) айқындау тәртібін белгілейді.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) жанынан бірыңғай операторды айқындау үшін дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады, ол оның қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
4. Комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ), мемлекеттік және мемлекеттік емес дене шынықтыру және спорт ұйымдарының өкілдерінен тұрады. Комиссия құрамындағы мемлекеттік органдардың өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен бірін құрайды. Әрбір ҮЕҰ-дан, мемлекеттік және мемлекеттік емес дене шынықтыру мен спорт ұйымдарынан Комиссияның құрамына тек бір ғана өкіл кіреді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия төрағасы отырыстарда төрағалық етеді, оның қызметін жоспарлайды және оны басқарады, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда төрағаның функциялары Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі.
5. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және 15 (он бес) адамнан аспайды. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары, мүшелері, хатшы кіреді.
6. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, ол заңды деп есептеледі.
7. Хатшы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, Комиссияның отырысын ұйымдастырады.
Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылданған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
2-тарау. Бірыңғай операторды айқындау тәртібі
8. Уәкілетті орган бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру өзінің интернет-ресурсында және мерзімді басылымдарында жариялайды.
Конкурстық өтінімдерді қабылдауды Комитет хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдер қарауға жатпайды.
9. Конкурсқа қатысу үшін, корпоративтік қор нысанында коммерциялық емес ұйым ұсынатын конкурстық өтінім Комитетке жіберіледі және мыналарды қамтиды:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш берушінің бірінші басшысының қолы қойылған өтініші;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі немесе анықтамасы;
3) заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі (болған жағдайда);
4) "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
5) өтініш берушіге қызмет көрсететін банктің, өтініш берушінің банк алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша, анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы (егер өтініш беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөр басылған (болған жағдайда), конверттер ашылған күннің алдында берілгеніне бір ай болмаған анықтамасының түпнұсқасы;
6) демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты бөлуді қоса алғанда, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған кемінде сегіз жыл қаражатты бөлу тәжірибесінің болуын растайтын шарттардың көшірмелері немесе екінші деңгейдегі банктердің шотынан (шоттарынан) үзінді-көшірмелер немесе өзге де құжаттар.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде мөрленген жабық конвертте ұсынылады. Уәкілетті тұлғамен ұсынылған құжаттардың барлық парақтары өзара бір-бірімен тігіліп нөмірленеді және оған қол қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда конкурстық өтінім қарауға жатпайды.
10. Бірыңғай операторды айқындау өлшемшарттары:
1) өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу;
2) міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салықтық берешегінің, берешегінің болмауы;
3) демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты бөлуді қоса алғанда, кемінде сегіз жыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған қаражатты бөлу тәжірибесінің болуы;
4) заңды тұлға банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс, бірыңғай оператор айқындалған сәтте қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылмауға тиіс;
5) Қазақстан Республикасының резиденттігі.
11. Комиссия өтінімдер аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөнінде отырыс өткізеді.
12. Конверттерді ашқаннан кейін Комиссия төрағасы конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушыларды және осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес келмегендіктен конкурстық сайыстары қабылданбаған қатысушыларды жария етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды, комиссияның хатшысы әр параққа бұрыштама қояды және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) Комиссия отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды;
2) Комиссияның сандық құрамы, кворумның болуын;
3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауын, мекенжайларын;
4) ұсынылған құжаттар, оның ішінде олардың осы Қағидаларға 9-тармақта көзделген талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмеуі) туралы ақпаратты.
13. Комиссия мүшелері өтініш берушілердің құжаттарының қарау кезінде олардың Комиссия хатшысына қайтарғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
14. Комиссия конверттерді ашқаннан кейін дауыс беру рәсімін және отырысқа қатысушы мүшелерінің көпшілік даусымен қатысушылардың санының үштен екісі мөлшерінде жүргізеді, конкурс жеңімпазын айқындайды. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдірген жағдайда оны жазбаша түрде баяндайды және Комиссия хаттамасына қоса береді.
Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат қамтылады:
1) қорытынды шығару орны, күні мен уақыты туралы;
2) Комиссияның сандық құрамы, кворумның болуын;
3) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;
4) конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы;
5) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер туралы.
15. Егер өтінімдерді ұсыну мерзімі ішінде осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін бір ғана конкурстық өтінім ұсынылса, Комиссия осы коммерциялық емес ұйымды бірыңғай оператор ретінде айқындау туралы шешім қабылдайды.
16. Конверттерді ашу және конкурсқа қатысуға рұқсат беру, соңдай-ақ Комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға Комиссия отырысы өткен күні төрағамен, отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелерімен, сондай-ақ Комиссия хатшысымен қол қойылады және конкурстық өтінімдер қаралған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылады, соңдай-ақ ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберіледі.
17. Комиссия конкурсты өткізілмеді деп таниды, егер:
1) бірде-бір конкурстық өтінім берілмесе;
2) өтініш берушілердің барлығы осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе.
18. Конкурс өткізілмеді деп танылған болса, уәкілетті орган конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
19. Отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия бірыңғай оператордың конкурс жеңімпазын айқындауы туралы шешім қабылдайды, ол уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
20. Уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасауға болады.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурсына қатысуға өтініш
Осы өтінішпен
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
бағыты бойынша дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен
тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша
конкурсына қатысуға ниет білдіреді.
Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
________________________________________________________________
Лауазымы (қолы)
Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)