БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің "Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 19 қырқүйектегі бұйрығына 2018 жылғы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтерді тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
К. Тулеушин |
"КЕЛЕСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛЕСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұсынылады: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 14-СПИ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен | Туған күні | Азаматтығы (тұрақты тұратын елі) | Паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы | Қазақстан Республикасының аумағында болжамды болу мерзімі (ай, жыл) | Біліктілігі туралы мәліметтер | Визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса) | Қазақстан Республикасының аумағына келу мақсаты | Қазақстан Республикасында тұратын жерінің мекен-жайы |
Басшы: _________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Күні 20___ жылғы "___"_____________
Мөр орны
Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.
Ұсынылады: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 15-СПИ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен | Туған күні | Азаматтығы (тұрақты тұратын елі) | Олар отбасы мүшелері болып табылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен | Туыстық дәрежесі | Туыстығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер (неке қию туралы, туу туралы куәлік немесе туыстығы туралы мәліметтерді растайтын өзге де құжаттар) | Паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы | Визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса) | Қазақстан Республикасында тұратын жерінің мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Басшы: _______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Күні 20___ жылғы "_____"_____________
Мөр орны
Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.