"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – ұлттық оператор) болып;
2) ұлттық оператордың функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларын құруға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған қызметті жүзеге асыру;
денсаулық сақтау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету мақсаттары үшін инвестициялар мен қарыз алуды тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
денсаулық сақтау саласындағы жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету жобалары, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру;
жобаланатын және салынатын денсаулық сақтау объектілері үшін медицина және медициналық емес кадрлармен қамтамасыз етуді жоспарлау және әкімшілендіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
денсаулық сақтау объектілерінің жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып қызметті жүзеге асыру;
денсаулық сақтау объектілері бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру;
денсаулық сақтау объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету жұмысын жүзеге асыру;
денсаулық сақтау саласындағы концессиялық жобаларды консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру;
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру;
денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып;
3) ұлттық оператордың денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі өкілеттіктері айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Султангазиев |