"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – ұлттық оператор) болып;
2) ұлттық оператордың функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша;
денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша;
медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру.
медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік
амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу;
денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша;
денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша;
3) ұлттық оператордың денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі өкілеттіктері айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.11.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Султангазиев |