Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 шiлдеде № 33197 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті :

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 шілдедегі
№ 548 бұйрығымен
бекітілген

Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі

      1. Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі тасымалдау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ұшу немесе мүлік қауіпсіздігіне зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін қауіпті заттар мен нәрселерді, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерін азаматтық әуе кемелерінің бортына алып кіруді болдырмау мақсатында нұсқаулық материал ретінде пайдалануға арналған.

      2. Қол жүгі мен багажында тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер:

      1) кемінде жарылғыш заттың заряды мен жарылыс құралы бар, жарылыс нысанында әрекет жасауға жарамды және арналған, жарылғыш және өзге де өлімге әкелетін құрылғылар, сондай-ақ жарылғыш заттар мен олардың құрамындағы нәрселер, оның ішінде:

      саны мен орамасына қарамастан, оқ-дәрілердің барлық түрлері;

      гранаталар, миналар және снарядтардың барлық түрлері;

      аңшы капсюльдері (пистондары) және детонатор-капсюлдер;

      муляж немесе жарылғыш құрылғыларға имитациялау;

      пиротехникалық құралдар, оның ішінде петардаларды, бенгалдық оттарды, хлопушкаларды және ойыншық тапаншаларға арналған пистондарды, орнатылатын шашкаларды, түтінді оқтарды (шашкаларды) қоса алғанда, жарық бергіш зымырандардың кез келген түрі;

      Doc 9284, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықпен айқындалатын қауіпті жүктердің тізбесінде көрсетілген қауіпті жүктердің 1-сыныбына жататын динамит, тол, аммонал, тротил және басқа да жарылғыш заттар;

      капсюльдер, детонаторлар, электр детонаторлар, электрлік тұтандырғыштар, детонацияланатын және от өткізуші баулар;

      2) радиоактивті заттар;

      3) "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес есірткі заттар;

      4) сығылған және сұйытылған газдар, оның ішінде тұрмыста пайдаланылатын газдар, мыналарды:

      дәрілік препараттар – жолаушының денсаулығын сақтау үшін қажетті көлемдер шегінде медициналық мақсаттарда пайдаланылатын аэрозольдер мен оттегі бар баллондар;

      жасанды аяқ-қолдарды (протездерді) қуаттандыруға арналған көмірқышқыл газы бар баллондар;

      өздігінен үрленетін құтқару кеудешелеріне арналған көмірқышқыл газы бар баллондар;

      тыныс алу жолдарының жіті және созылмалы ауруларын емдеуге арналған және жолаушының қалтасында болатын сымсыз, үнсіз, қайта зарядталатын жеңіл құрылғы болып табылатын портативті ингаляторлар (небулайзерлер);

      жолаушылар үшін қолжетімсіз багажда 100 миллилитрден астам қол жүгімен тасымалдауға жол берілетін көлемі 100 миллилитрге дейінгі жанбайтын және уытты емес аэрозольдерді қоспағанда, аэрозольдердің барлық түрлері;

      5) тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде ацетон, бензин, мұнай өнімдерінің сынамалары, метанол, метил эфирі, тежегіш сұйықтығы, күкірткөміртек, эфирлер және өзге де жеңіл тұтанатын сұйықтықтар, оның ішінде көлемі бойынша құрамында 70 %-дан артық алкоголі (күштілігі 140 %) бар алкогольді ішімдіктер;

      6) тұтанғыш қатты заттар - оларға су тию әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын заттар:

      калий, натрий, металл кальциі және олардың құймасы;

      ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттар санатына жататын өзге де заттар;

      органикалық тотық;

      коллоидті нитроцеллюлоза;

      7) улы және уландырғыш заттар:

      кез келген улы, қатты әсер ететін және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі заттар, кез келген ыдысқа оралған: бруцин, никотин, стрихинин, тетрагидрофурфурилді спирт, антифриз, этиленгликоль, сынап, синильді қышқылдың барлық тұздары және цианды препараттар, циклон, циан құймасы, мышьяк ангидриді және өзге де қатты әсер ететін улы және уландыратын заттар;

      8) жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, олардан тұратын заттар және нәрселер;

      9) күйдіретін және тоттанатын заттар:

      бейорганикалық қышқылдар, оның ішінде тұз, күкірт, азот және басқа қышқылдар;

      Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Doc 9284, Әуе арқылы қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарда айқындалатын қауіпті жүктердің тізбесінде көрсетілген фторлы-сутекті (плазикті) қышқыл және өзге де күшті қышқылдар заттар және тоттанатын қышқылдар;

      10) бос оттықтар, жанармай болған көлік құралының отын жүйесінің бөлшектері, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының іздері немесе ерекше иісі бар жанар-жағармай материалдарын тасымалдау немесе сақтау үшін пайдаланылған сыйымдылықтар.

      3. Қол жүгінде және багаж бөлігінде тасымалдауға тыйым салынған жолаушылар үшін қолжетімді қауіпті заттар мен нәрселер:

      1) атыс (қол жауынгерлік ату, азаматтық және қызметтік) қаруының барлық түрлері, әрекеті электр энергиясы, радиоактивті сәулелену және биологиялық факторларды пайдалануға негізделген қару; лақтыратын, электрлік, механикалық қару, оның ішінде ойық ұңғылы, тегіс ұңғылы, аралас, ұңғысыз, газды оқ дәрімен атылатын қару, пневматикалық сигнал беру және жаттығу қаруы, атыс қаруының бөлшектері (телескоптық көздеу құрылғыларын және көздеуішті қоспағанда); басқа нәрселерді имитациялайтын нысаны бар қару, сондай-ақ бекітуге арналған өнеркәсіптік тапаншалар, садақтар, арбалеттер, гарпундық мылтықтар және су астында аулауға арналған мылтықтар, атыс қаруы түріндегі оттықтар, сигнал беру ракетницалары, старт беру тапаншалары, уақытша жансыздандыру, естен тандыру және электрмен соғу әрекеті бар құрылғылар, керме ағаштар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендерді имитациялайтын барлық көшірмелер мен нәрселер (оның ішінде ойыншық түріндегі);

      2) түйрегіш және кесетін қару, соғу-бытырату әрекеті бар нәрселер және ұшталған нәрселер, сондай-ақ оларды иммитациялайтын нәрселер: қылыштар, үлкен пышақтар, наркескендер, палаштар, семсерлер, мачетелер, сапылар, найзалар, қанжарлар, кездіктер, стилеттер, кастеттер, кистендер, өзге де жүзі бар қарулар және пышақтың кез келген түрлері - оның ішінде техникалық және шаруашылық-тұрмыстық, балталар, жебе және жебе түріндегі зақымдайтын элементтер, оның ішінде лақтыратын жұлдызшалар, темір ілгектер, гарпундар, мұз шапқыштар, үшкір металл ұштары бар таяқтар, конькилер, пышақтар, скальпельдер, қауіпті ұстаралар, ұзындығы 3 сантиметрден асатын жүздері бар қайшылар (ұштары доғал немесе дөңгеленген қайшылар жүздердің ұзындығы 3 сантиметрден аз тасымалдауға рұқсат етіледі), шаңғы таяқтары мен серуендеуге/жаяу туризмге арналған таяқтар, тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы өзге де шаншу және кесу нәрселері, оның ішінде металл ленталары бар рулеткалар мен нәрселер, әлеуетті қару ретінде пайдалану үшін жеткілікті берік кез келген материалдан жасалған, сондай-ақ оларды имитациялайтын көшірмелер мен нәрселер (оның ішінде ойыншықтар түрінде). Жолаушылар мен экипаж мүшелеріне шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселер, оның ішінде: медициналық, слесарлық-токарлық, тігін және жұмыс құралдары, инелер (өмірлік маңызды жағдайды қоспағанда. Мұндай жағдайларда ұшу кезінде шприцті қолдану қажеттілігін растайтын емдеуші дәрігерден анықтама алу қажет) сияқты тесу немесе кесу заты ретінде пайдаланылуы мүмкін бұрғылар мен бұрғылар, аралардың барлық түрлері, бұрағыштар, монтаждар, балғалар, қысқыштар, кілттер/тұтқалар, дәнекерлеу жабдықтары;

      3) атыс және газды қаруларға оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік оқтар, жарық дыбыстық, жарақаттық әрекеті бар, жалған, жарақталған аңшы оқтары;

      4) өтпейтін ұштары бар нәрселер: бейсбол, софтбол, крокет, поло ойындарына арналған соғу таяқтары, бильярд, снукер және пул ойындарына арналған киилер; тоқпақтардың (қатты немесе иілгіш) барлық түрлері және қоян-қолтық ұрыс құралдары; аулар, гольф ойынына және өзге де спорттық ойындарға арналған имек таяқтар; ескектер, оның ішінде байдаркаларға және каноэға, скейтбордтарга арналған;

      1)-3) тармақшаларға ескертпе:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының (жолаушы әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған газды қаруларға оқ-дәрілерден басқа) тасымалдауы "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) жүзеге асырылады;

      5) ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Doc 8973 Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығының "Қауіпті жүктерді әуе арқылы тасымалдау тәртібіне шолу" 12-қосымшасына "А" толықтыруда айқындалатын шектеулерге сәйкес құрғақ мұз; жүрек бұлшық бұлшық еттерін ширататын немесе адам денесінде бар радиоактивті изотоптар және радиоактивті фармацевтикалық препараттар негізіндегі өзге де құрылғылар; ауруларды тасымалдауға арналған итергіш-кресло немесе аккумуляторлы батареялары бар басқа жылжымалы құралдар; газ және оларды толтыруға арналған газды элементтері бар шаш бұйралауға арналған ұстағыштар; сынапты барометрлер немесе термометрлер, медициналық немесе клиникалық термометрлер.

      4. Қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер: сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын ыдыстардағы сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, оның ішінде:

      су және басқа сусындар, сорпалар, сироптар, джемдер, бұқтырылған тағамдар, тұздықтар мен пасталар;

      тұздықтардағы немесе сұйықтықтың көп мөлшері бар тамақ өнімдері;

      кремдер, лосьондар, косметика және майлар;

      әтірлер;

      спрейлер;

      шаш пен душқа арналған гельдерді қоса алғанда, гельдер;

      қырыну көбігін, көбіктің басқа түрлерін, дезодоранттарды қоса алғанда, қысымдағы ыдыстар;

      пасталар, оның ішінде тіс пастасы да;

      қатты заттары бар сұйықтық қоспалары;

      кірпікке арналған тушь ;

      ерін жылтыратқышы.

      Ұшу уақытына қажетті мөлшердегі дәрілік препараттар, балалар тағамы мен арнайы диеталық қажеттіліктер, сондай-ақ әуежайда бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан сатып алынған, ұшу кезінде пакеттің ішіндегіге рұқсатты көзбен шолып сәйкестендіруді қамтамасыз ететін, онда бұл сатып алу сапарға шығатын күні (күндері) әуежайдағы бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан жүргізілгендігін анық растайтын (сатып алған тауардың чегі), берік мөрленген (пломбаланған) пластиктік пакетке оралған сұйықтықтар тасымалдау бойынша ерекшелікке ие болады.

      5. Зауыттық орамасы, тиісті техникалық паспорты және сертификаты жоқ құрамы белгісіз заттар мен сұйықтықтар.

      6. Багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер: батареялармен жұмыс істейтін портативті электронды темекі шегу құрылғылары, оның ішінде:

      электронды темекілер, электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар, электронды никотин беру жүйелері). Батареялар құрмындағы литий 2 грамнан, ал литий-ионды батареялардың үлес қуаты - 100 ватт-сағаттан аспауы тиіс.

      құрамында литий немесе литий-ионды элементтер, сондай-ақ қосалқы батареялар бар портативті электрондық құрылғылар (сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.). Бір адамға екі бөлек қорғалған қосалқы батареядан артық емес.

      Пайдаланушының келісімі бойынша құрамында литий-ионды батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды және меншікті қуаты 100 ватт-сағатта, бірақ 160 ватт-сағаттан аспайтын қосалқы литий-ионды батареяларды тасымалдау үшін.

Об утверждении Перечня опасных веществ и предметов, а также всех видов наркотиков, запрещенных пассажирам к перевозке на гражданских воздушных судах

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 июля 2023 года № 548. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2023 года № 33197

      В соответствии с подпунктом 1-2) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень опасных веществ и предметов, а также всех видов наркотиков, запрещенных пассажирам к перевозке на гражданских воздушных судах.

      2. Комитету гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
А. Бейспеков

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Исполняющий обязанности
министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 27 июля 2023 года № 548

Перечень опасных веществ и предметов, а также всех видов наркотиков, запрещенных пассажирам к перевозке на гражданских воздушных судах

      1. Перечень опасных веществ и предметов, а также всех видов наркотиков, запрещенных пассажирам к перевозке на гражданских воздушных судах предназначен для использования в качестве инструктивного материала с целью исключения проноса на борт гражданских воздушных судов опасных веществ и предметов, которые при перевозке способны причинить вред или создать угрозу для жизни и здоровья людей, безопасности полета или имущества, а также всех видов наркотиков.

      2. Опасные вещества и предметы, запрещенные к перевозке в ручной клади и багаже:

      1) взрывные и иные смертоносные устройства, содержащие как минимум заряд взрывчатого вещества и средство взрывания, пригодные и предназначенные для совершения действия в форме взрыва, а также взрывчатые вещества и предметы, их содержащие, в том числе:

      все виды порохов, независимо от количества и упаковки;

      гранаты, мины и снаряды всех типов;

      капсюли (пистоны) охотничьи и капсюли-детонаторы;

      муляж или имитация взрывных устройств;

      пиротехнические средства, в том числе осветительные ракеты любого вида, включая петарды, бенгальские огни, хлопушки и пистоны для игрушечных пистолетов, посадочные шашки, дымовые патроны (шашки);

      динамит, тол, аммонал, тротил и другие взрывчатые вещества, относящиеся к классу 1 опасных грузов, указанных в перечне опасных грузов, определяемых Техническими инструкциями по безопасной перевозке опасных грузов по воздуху Doc 9284, Международной организации гражданской авиации (ИКАО);

      капсюли, детонаторы, электродетонаторы, электровоспламенители, детонирующие и огнепроводные шнуры;

      2) радиоактивные вещества;

      3) наркотические вещества в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 1998 года "О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими";

      4) сжатые и сжиженные газы, в том числе газы для бытового пользования, все типы аэрозолей за исключением:

      лекарственных препаратов – аэрозолей и баллонов с кислородом, используемых в медицинских целях, в пределах объемов, необходимых для поддержания здоровья пассажира;

      баллонов с двуокисью углерода для приведения в действие искусственных конечностей (протезов);

      баллонов с двуокисью углерода для самонадувающихся спасательных жилетов;

      ингаляторов (небулайзеров) портативных, представляющих собой беспроводные, бесшумные, перезаряжаемые легкие устройства, предназначенные для лечения острых и хронических заболеваний дыхательных путей и находящихся при пассажире в кармане;

      невоспламеняющихся и нетоксических аэрозолей, объемом до 100 миллилитров допускается перевозка в ручной клади, свыше 100 миллилитров в багаже, не доступном для пассажиров;

      5) легковоспламеняющиеся жидкости и вещества, в том числе ацетон, бензин, пробы нефтепродуктов, метанол, метиловый эфир, тормозная жидкость, сероуглерод, эфиры и иные легковоспламеняющиеся жидкости, в том числе алкогольные напитки с содержанием алкоголя более 70 % по объему (крепостью 140 %);

      6) воспламеняющиеся твердые вещества - вещества, которые от действия на них воды, выделяют тепло и горючие газы, что может вызвать самовоспламенение и пожар:

      калий, натрий, кальций металлический и их сплавы;

      фосфор белый, желтый, красный, иные вещества, относящиеся к категории воспламеняющихся твердых веществ;

      перекиси органические;

      нитроцеллюлоза коллоидная;

      7) ядовитые и отравляющие вещества:

      любые ядовитые, сильнодействующие и отравляющие вещества в жидком или твердом состоянии, упакованные в любую тару: бруцин, никотин, стрихнин, тетрагидрофурфуриловый спирт, антифриз, этиленгликоль, ртуть, все соли синильной кислоты и цианистые препараты, циклон, цианплав, мышьяковистый ангидрид и иные сильнодействующие ядовитые и отравляющие вещества;

      8) инфекционно или биологически опасные материалы, вещества и предметы, содержащие их;

      9) едкие и коррозирующие вещества:

      неорганические кислоты, в том числе соляная, серная, азотная и иные кислоты;

      фтористо-водородная (плавиковая) кислота и иные сильные кислоты, указанные в перечне опасных грузов, определяемых Техническими инструкциями по безопасной перевозке опасных грузов по воздуху Doc 9284, Международной организации гражданской авиации (ИКАО) и коррозирующие вещества;

      10) пустые зажигалки, детали топливной системы транспортного средства, в которых находилось топливо, а также емкости, которые использовались для перевозки или хранения горюче-смазочных материалов, имеющие следы или специфический запах горюче-смазочных материалов.

      3. Опасные вещества и предметы, запрещенные к перевозке в ручной клади и в багажном отсеке, доступном для пассажиров:

      1) все виды огнестрельного оружия (боевого ручного стрелкового; гражданского и служебного), оружие, действие которого основано на использовании электрической энергии, радиоактивных излучений и биологических факторов; метательное, электрическое, механическое оружие, в том числе огнестрельное оружие с нарезным стволом, гладкоствольное, комбинированное, бесствольное, газовое, пневматическое сигнальное и учебное оружие, детали огнестрельного оружия (за исключением телескопических прицельных устройств и прицелов); оружие, имеющее форму, имитирующую другие предметы, а также промышленные пистолеты для крепежа, луки, арбалеты, гарпунные ружья и ружья для подводной охоты, зажигалки в виде огнестрельного оружия, сигнальные ракетницы, стартовые пистолеты, устройства временного поражения, шокового и электропоражающего действия, рогатки, а также все копии и предметы, имитирующие вышеуказанные (в том числе в виде игрушек);

      2) колющее и режущее оружие, предметы ударно-дробящего действия и заостренные предметы, а также предметы их имитирующие: шашки, сабли, тесаки, ятаганы, палаши, мечи, мачете, шпаги, штыки, кинжалы, кортики, стилеты, кастеты, кистени, иное клинковое оружие и любые виды ножей – в том числе технические и хозяйственно-бытовые, топоры, стрелы и стреловидные поражающие элементы, в том числе звездочки для метания, кошки, гарпуны, ледорубы, трости с заостренными металлическими концами, коньки, ножи, скальпели, опасные бритвы, ножницы с лезвиями длиной более 3 сантиметров (ножницы с тупыми или закругленными концами с длиной лезвий менее 3 сантиметров к перевозке допускаются), лыжные палки и палки для ходьбы/пешего туризма, иные колющие и режущие предметы бытового и производственного назначения, в том числе рулетки с металлическими лентами и предметы, изготовленные из любого материала, достаточно прочного для использования в качестве потенциального оружия, а также копии и предметы их имитирующие (в том числе в виде игрушек). Предметы, которые могут быть использованы для нападения на пассажиров и членов экипажа, в том числе: медицинские, слесарно-токарные, швейные и рабочие инструменты, которые могут быть использованы в качестве колющего или режущего предмета, такие как, иглы (за исключением ситуации жизненно важной необходимости. В таких случаях требуется иметь при себе справку от лечащего врача, подтверждающую необходимость использования шприца во время полета) дрели и сверла, все виды пил, отвертки, монтировки, молотки, плоскогубцы, гаечные/рычажные ключи, паяльное оборудование;

      3) боеприпасы к огнестрельному и газовому оружию, в том числе патроны боевые, светозвуковые, травматического действия, холостые, снаряженные охотничьи патроны;

      4) предметы с затупленными концами: биты для игры в бейсбол, софтбол, крокет, поло; кии для игры в бильярд, снукер и пул; все виды дубинок (твердые или гибкие) и средств рукопашного боя; удилища; клюшки для игры в гольф и в иные спортивные игры; весла, в том числе для байдарок и каноэ, скейтборды;

      Примечание к подпунктам 1)-3):

      перевозка гражданского и служебного оружия и патронов к нему (кроме боеприпасов к газовому оружию, запрещенных к перевозке на пассажирских воздушных судах), осуществляется в соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 602 "Об утверждении Правил оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18961);

      5) сухой лед; стимуляторы сердечных мышц или другие устройства на радиоактивных изотопах и радиоактивных фармацевтических препаратов, содержащихся в теле человека; кресло – каталки для перевозки больных или другие подвижные средства, содержащие аккумуляторные батареи; щипцы для завивки волос, содержащие газ и газовые дозаправочные элементы к ним; ртутные барометры или термометры, медицинские или клинические термометры в соответствии с ограничениями, определяемыми Дополнением "А" к добавлению 12 "Обзор порядка перевозки опасных грузов по воздуху" Руководства по авиационной безопасности Doc 8973, Международной организации гражданской авиации ИКАО.

      4. Вещества и предметы, запрещенные к перевозке в ручной клади: жидкости, аэрозоли и гели, содержащиеся в емкостях, вместимостью более 100 миллилитров, в том числе:

      вода и другие напитки, супы, сиропы, джемы, тушеное мясо, соусы и пасты;

      пищевые продукты в соусах или с содержанием большого количества жидкости;

      кремы, лосьоны, косметические средства и масла;

      духи;

      спреи;

      гели, включая гели для волос и душа;

      содержимое емкостей, находящихся под давлением, включая пену для бритья, другие виды пен, дезодоранты;

      пасты, в том числе и зубная паста;

      смеси жидкостей с твердыми веществами;

      тушь для ресниц;

      блеск для губ.

      Исключение по перевозке имеют лекарственные препараты, детское питание и специальные диетические потребности в количестве, необходимом на время полета, а также жидкости, приобретенные в магазинах беспошлинной торговли в аэропорту или на борту воздушного судна, упакованные в надежно запечатанный (опломбированный) пластиковый пакет, обеспечивающий визуальную идентификацию доступа к содержимому пакета в течение полета (чек на приобретенный товар), на котором имеется достоверное подтверждение того, что эта покупка произведена в аэропортовых магазинах беспошлинной торговли или на борту воздушного судна в день (дни) поездки.

      5. Вещества и жидкости неизвестного состава, не имеющие заводской упаковки, соответствующего технического паспорта и сертификата.

      6. Опасные вещества и предметы, запрещенные к перевозке в багаже: портативные электронные курительные устройства, приводимые в действие батареями, в том числе:

      электронные сигареты, электронные тонкие сигары, электронные сигары, электронные трубки, персональные испарители, электронные системы подачи никотина). Содержание лития в батареях не должно превышать 2 грамм, а удельная мощность литий-ионных батарей – 100 ватт-часов.

      портативные электронные устройства (часы, калькуляторы, фотоаппараты, сотовые телефоны, портативные компьютеры, видеокамеры и пр.), содержащие литиевые или литий-ионные элементы, а также запасные батареи. Не более двух отдельно защищенных запасных батарей на одно лицо.

      Для перевозки портативных электронных устройств, содержащих литий-ионные батареи, и запасных литий-ионных батарей с удельной мощностью в ватт-часах в 100 ватт-часов, но не превышающей 160 ватт-часов, по согласованию с эксплуатантом.