Төтенше жағдайдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібін, түрлері мен көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 тамызда № 33217 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған төтенше жағдайдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі, түрлері мен көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

      мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 139 бұйрығына
қосымша/

Төтенше жағдайдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі, түрлері мен көлемі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы төтенше жағдайдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі, түрлері мен көлемі (бұдан әрі − Тәртіп) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды.

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) апаттар медицинасы – әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтитын медицина саласы;

      2) апаттар медицинасының құралымдары – төтенше жағдайлар аймақтарында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта жұмыс істеуге арналған жасақтар, топтар, бригадалар және шұғыл медициналық көмек көрсету мен медициналық эвакуациялау үшін құрылатын басқа да бөлімшелер;

      3) зардап шегуші – табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зиян (нұқсан) келтірілген жеке тұлға;

      4) төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек – төтенше жағдайлар кезінде тікелей төтенше жағдай аймағында және (немесе) оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта жүзеге асырылатын, мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып емдеу-профилактикалық іс-шараларының кешенін ұсыну нысаны;

      5) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары – төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде туындаған жағдайды сипаттайтын және халыққа медициналық көмектің мазмұнын, көлемі мен ұйымдастырылуын айқындайтын факторлар мен шарттардың жиынтығы. Оның негізгі элементтері: халықтың санитариялық шығындарының шамасы мен құрылымы, олардың қалыптасу заңдылықтары; зақым алғандардың медициналық көмекке мұқтаждығы, төтенше жағдайлар аймағының (ауданының), төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтың санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиялық жай-күйі, медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдардың қажеттілігі және олардың болуы; медициналық күштер мен құралдардың жай-күйі; төтенше жағдайларды жою кезінде медициналық және авариялық-құтқару құралымдарының жұмыс жағдайы, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жағдайы және басқалар болып табылады;

      6) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек түрі – өткізілетін орнымен, медициналық көмек көрсететін тұлғалардың біліктілігімен және қолда бар медициналық жарақтардың бар-жоғымен айқындалатын емдеу-профилактикалық іс-шараларының тізбесі;

      7) төтенше жағдай – азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара;

      8) шұғыл медициналық көмек көлемі – өмірлік көрсеткіштері бойынша төтенше жағдай аймағындағы, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтағы жағдайдың шарттарына және медициналық эвакуациялау кезеңінің мүмкіндіктеріне байланысты медициналық көмек түрінің шеңберінде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-профилактикалық іс-шараларының жиынтығы.

2-тарау. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну тәртібі

      3. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайдың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады.

      4. Объектілік төтенше жағдайлар кезінде зақым алғандарға медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

      5. Жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай режимі енгізілген кезде азаматтық қорғау медицина қызметінің күштері мен құралдары қолданысқа енгізіледі.

      6. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі медициналық көмек тағайындалуы бойынша медициналық эвакуациялауды үйлестіре отырып, зақым алғандарды зақымдау сипатына, ауырлық дәрежесіне қарай кезеңдік емдеу әдісімен ұсынылады.

      7. Бірінші кезеңде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта шұғыл медициналық көмекті азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметінің, авариялық-құтқару бөлімшелерінің, азаматтық қорғаудың апаттар медицинасы мен медициналық қызметінің құралымдары, сондай-ақ өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған аумақтық медициналық ұйымдардың күштері көрсетеді.

      8. Екінші кезеңде медициналық көмек төтенше жағдай аймағынан тыс жерде, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.

      9. "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген төтенше жағдай кезеңінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-279/2020 бұйрығына сәйкес төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлік ұйымдарының персоналы мен материалдық-техникалық құралдары тартылады және пайдаланылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21817 болып тіркелген).

      10. Денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек іс-шараларын жүргізу үшін алдын-ала азаматтық қорғау медицинасының құралымдары құрылады және қамтылады. Азаматтық қорғау медицинасының құралымдарын құру тәртібі "Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген).

      11. Төтенше жағдай аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтан зақым алғандарды қабылдауды, одан әрі медициналық көмек көрсетуді, емдеу мен медициналық оңалтудыбденсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

3-тарау. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі медициналық көмектің түрлері мен көлемі

      12. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде зардап шеккендерге медициналық көмек оны көрсету орнына, оны көрсететін тұлғалардың біліктілігіне және медициналық жабдықпен қамтамасыз етілуіне байланысты дәрігерге дейінгі, жедел және мамандандырылған медициналық көмек және медициналық оңалту түрінде ұсынылады.

      13. Тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта мынадай медициналық көмек көрсетіледі:

      1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек;

      2) жедел медициналық жәрдем – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;

      3) мамандандырылған медициналық көмек – бейінді мамандар диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін қажет ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету құралдарын пайдалана отырып көрсетілетін медициналық көмек;

      4) медициналық оңалту – пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені.

      14. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізілген кезде медициналық көмектің көлемі, төтенше жағдай аймағында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта қалыптасқан медициналық-санитариялық және дағдарысты жағдайға байланысты белгіленген медициналық көмек түрлері шеңберінде тиімділігі басылымдық мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық көрсетілімдер бойынша айқындалады.

Об утверждении порядка, видов и объема медицинской помощи населению при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 139. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 августа 2023 года № 33217.

      В соответствии с подпунктом 7-1) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок, виды и объем медицинской помощи населению при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 31 июля 2023 года № 139

Порядок, виды и объем медицинской помощи населению при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок, виды и объем медицинской помощи населению при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения (далее – Порядок) разработаны в соответствии с подпунктом 7-1) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяет порядок предоставления, виды и объем медицинской помощи населению при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения.

      2. В настоящем Порядке используются следующие основные понятия:

      1) медицина катастроф – область медицины, направленная на предупреждение и ликвидацию медико-санитарных последствий чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, включающая предупреждение и лечение заболеваний населения, санитарно-противоэпидемические и санитарно-профилактические мероприятия, сохранение и восстановление здоровья участников ликвидации чрезвычайных ситуаций, а также медицинскую помощь сотрудникам аварийно-спасательных служб;

      2) формирования медицины катастроф – предназначенные для работы в зонах чрезвычайных ситуаций, на территории, где введен режим чрезвычайного положения, отряды, группы, бригады и другие подразделения, создаваемые для оказания экстренной медицинской помощи и медицинской эвакуации;

      3) пострадавший – физическое лицо, которому причинен вред (ущерб) вследствие чрезвычайной ситуации природного или техногенного характера;

      4) экстренная медицинская помощь населению при чрезвычайных ситуациях – форма предоставления комплекса лечебно-профилактических мероприятий в сочетании с эвакуацией по назначению, осуществляемых при чрезвычайных ситуациях непосредственно в зоне чрезвычайной ситуации и (или) на ее границах, на территории, где введен режим чрезвычайного положения;

      5) медико-санитарные последствия чрезвычайных ситуаций – совокупность факторов и условий, характеризующих обстановку, сложившуюся при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения, и определяющих содержание, объем и организацию медицинской помощи населению. Основными ее элементами являются: величина и структура санитарных потерь населения, закономерности их формирования; нуждаемость пострадавших в медицинской помощи, санитарно-гигиеническое и санитарно-эпидемическое состояние зоны (района) чрезвычайной ситуации, территории, где введен режим чрезвычайного положения, потребность в силах и средствах для медико-санитарного обеспечения и их наличие; состояние медицинских сил и средств; условия работы медицинских и аварийно-спасательных формирований при ликвидации чрезвычайной ситуации, условия жизнеобеспечения населения и другие;

      6) вид медицинской помощи при чрезвычайных ситуациях – перечень лечебно-профилактических мероприятий, определяемый местом их проведения, квалификацией лиц, оказывающих медицинскую помощь, и наличием медицинского оснащения;

      7) чрезвычайное положение – временная мера, применяемая исключительно в интересах обеспечения безопасности граждан и защиты конституционного строя Республики Казахстан и представляющая собой особый правовой режим деятельности государственных органов, организаций, допускающий установление отдельных ограничений прав и свобод граждан, иностранцев и лиц без гражданства, а также прав юридических лиц и возлагающий на них дополнительные обязанности;

      8) объем экстренной медицинской помощи – полная или сокращенная по жизненным показаниям совокупность лечебно-профилактических мероприятий, выполняемых в рамках вида медицинской помощи в зависимости от условий обстановки в зоне чрезвычайной ситуации, на территории, где введен режим чрезвычайного положения, и возможностей этапа медицинской эвакуации.

Глава 2. Порядок предоставления медицинской помощи при чрезвычайных ситуациях, введении чрезвычайного положения

      3. Медицинская помощь населению при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения предоставляется в зависимости от классификации чрезвычайной ситуации, а также характера и масштабов их медико-санитарных последствий.

      4. При объектовых чрезвычайных ситуациях оказание медицинской помощи пострадавшим осуществляется организациями здравоохранения.

      5. При возникновении местных, региональных и глобальных чрезвычайных ситуаций, а также введении режима чрезвычайного положения вводятся в действие силы и средства медицинской службы гражданской защиты.

      6. Медицинская помощь при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения предоставляется методом этапного лечения пораженных в соответствии с характером поражения, степенью тяжести в сочетании с медицинской эвакуацией по назначению.

      7. На первом этапе непосредственно в зоне чрезвычайной ситуации и (или) на ее границах, на территории, где введен режим чрезвычайного положения, экстренная медицинская помощь оказывается силами службы экстренной медицинской и психологической помощи уполномоченного органа в сфере гражданской защиты и медицинской службы гражданской защиты, а также территориальных медицинских организаций, сохранивших свою работоспособность.

      8. На втором этапе медицинская помощь оказывается в организациях здравоохранения, находящихся за пределами зоны чрезвычайной ситуации, территории, где введен режим чрезвычайного положения.

      9. Для оказания медицинской помощи при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения привлекается и используется персонал и материально-технические средства организаций здравоохранения, юридических и физических лиц, занимающихся медицинской и фармацевтической деятельностью, а также транспортных организаций в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-279/2020 "Об утверждении правил организации оказания медицинской помощи на период введенного чрезвычайного положения в соответствии с Законом Республики Казахстан "О чрезвычайном положении" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21817) и настоящим Порядком.

      10. Для проведения мероприятий экстренной медицинской помощи в организациях здравоохранения заблаговременно создаются и содержатся медицинские формирования гражданской защиты. Создания медицинских формирований осуществляется в соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 387 "Об утверждении правил создания, содержания, материально-технического обеспечения, подготовки и привлечения формирований гражданской защиты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11243).

      11. Прием пораженных из зоны чрезвычайной ситуации, территории, где введен режим чрезвычайного положения, дальнейшее оказание медицинской помощи, лечение и медицинская реабилитация осуществляются организациями здравоохранения.

Глава 3. Виды и объем медицинской помощи при чрезвычайных ситуациях, введении чрезвычайного положения

      12. Медицинская помощь пострадавшим при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения в зависимости от места ее оказания, квалификации лиц, ее оказывающих, и оснащенности медицинским оборудованием предоставляется в виде доврачебной, скорой, специализированной медицинской помощи и медицинской реабилитации.

      13. Непосредственно в зоне чрезвычайной ситуации и (или) на ее границах, на территории, где введен режим чрезвычайного положения, оказываются следующие виды медицинской помощи:

      1) доврачебная медицинская помощь – медицинская помощь, оказываемая средними медицинскими работниками самостоятельно или в составе мультидисциплинарной команды, включающая в себя пропаганду здоровья, оценку состояния пациента, постановку доврачебного диагноза, назначение плана доврачебных вмешательств, исполнение доврачебных манипуляций и процедур и уход за больными, лицами с инвалидностью и умирающими людьми;

      2) скорая медицинская помощь – система организации медицинской помощи в экстренной и неотложной форме при острых заболеваниях и состояниях, угрожающих жизни, а также для предотвращения существенного вреда здоровью на месте происшествия и (или) в пути следования в медицинскую организацию;

      3) специализированная медицинская помощь – медицинская помощь, оказываемаяя профильными специалистами при заболеваниях, требующих специальных методов диагностики, лечения, медицинской реабилитации, в том числе с использованием средств дистанционных медицинских услуг;

      4) медицинская реабилитация – комплекс медицинских услуг, направленных на сохранение, частичное или полное восстановление нарушенных и (или) утраченных функций организма пациента.

      14. Объем медицинской помощи при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения в зависимости от складывающейся медико-санитарной и кризисной обстановки в зоне чрезвычайной ситуации, на территории, где введен режим чрезвычайного положения, в рамках установленных видов медицинской помощи определяется по медицинским показаниям на основе профилактических, диагностических и лечебных мероприятий, обладающих наибольшей доказанной эффективностью.