Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 608 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 тамызда № 33218 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штабы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына және Штаб-департаментке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 608 бұйрығымен
бекітілген

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының есебі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органының (бұдан әрі – аумақтық полиция органдарының бастықтары) жұмысы туралы азаматтарды хабардар ету бойынша халық алдында бетпе-бет сөз сөйлеуі болып табылады.

      3. Есептерді өткізу кезінде аумақтық полиция органдарының бастықтары Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Құқық қорғау қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

2-тарау. Есептерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      4. Аумақтық полиция органдары бастықтарының халық алдындағы есептері жылына кемінде бір рет – есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органның өкілдерін шақыра отырып өткізіледі.

      5. Аумақтық полиция органдары бастықтарының есептері:

      1) халық алдындағы ашықтықты, жауапкершілікті және есептілікті одан әрі арттыру;

      2) ашықтық және жариялылық қағидатын қамтамасыз ету;

      3) азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру;

      4) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі туралы хабардар ету;

      5) қоғамдық бақылау жүйесін дамыту;

      6) құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      7) азаматтарды полиция қызметі саласында құқықтық ағарту мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Аумақтық полиция органдары бастықтарының есебінде:

      1) қызмет көрсетілетін аумақтағы криминогендік жағдай;

      2) қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі республикалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері;

      3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу және тергеу жөніндегі полиция қызметінің негізгі қорытындылары;

      4) қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі;

      5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелілігі;

      6) жеке және заңды тұлғалардың, мәслихаттар депутаттарының, мемлекеттік органдардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ аумақтық полиция органдары қызметіндегі кемшіліктер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға ден қою шаралары;

      7) аумақтық полиция органдарының қызметі туралы қоғамдық пікір мониторингінің қорытындылары;

      8) Қазақстан Республикасының полиция қызметі саласындағы заңнамасына өзгерістер;

      9) жергілікті деңгейде шешуді талап ететін аумақтық полиция органдарының қызметін ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер;

      10) қызмет көрсетілетін аумақтағы қалыптасқан жағдайға сәйкес қарауды талап ететін өзге де мәселелер көрсетіледі.

      7. Есеп барысында азаматтардың ұсыныстары мен ескертулері тыңдалады, олар бойынша тиісті түсініктемелер мен жауаптар беріледі.

      8. Аумақтық полиция органдары:

      1) аумақтық полиция органдары бастықтарының халық алдында есеп беру күндерін айқындайды және тиісті кестелерді бекітеді;

      2) есептік кездесулер өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымдары, теле-радиоарналар, ресми интернет-ресурстар) олардың өткізілетін уақыты мен орнын, кестелері мен халықтың алдағы есептерге мәселелерді (ұсыныстарды) жіберу тәсілдері туралы ақпаратты айқындайды және жариялайды.

      9. Өткізу орны санитарлық және гигиеналық талаптарға сай болуы және қатысушылардың болжамды саны сыятындай болуы керек.

      10. Есепті дайындау кезінде:

      1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік;

      2) қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қолданыстағы республикалық және өңірлік бағдарламалар;

      3) жеке және заңды тұлғалардың, өкілетті органдар, қоғамдық кеңестер депутаттарының, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер өкілдерінің өтініштері;

      4) полиция қызметі туралы қоғамдық пікірді зерделеу нәтижелері;

      5) полиция қызметі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар;

      6) аумақтық полиция органдарын ресурстық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі полицияға жүктелген міндеттерді іске асыруға жергілікті атқарушы органдар бөлген қаржылық және өзге де қаражатты пайдалану нәтижелері туралы мәліметтер;

      7) өзге де қажетті ақпарат пайдаланылады.

      11. Есепке тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаттарының депутаттары, жұртшылықтың, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым органдарының, ауыл және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

      12. Есептің жүргізілу барысы хаттамада тіркеледі, оны хатшы – аумақтық полиция органдарының қызметкері жасайды.

      13. Есеп хаттамасында міндетті түрде есепті өткізу уақыты, күні, орны, қатысушылар саны, қабылданған шешімдер, сондай-ақ есеп барысында келіп түскен азаматтардың шағымдары, ұсыныстары мен ескертулері туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

      14. Есеп хаттамасы тікелей өткізілген күні ресімделеді.

      15. Хаттамаға хатшы және аумақтық полиция органының бастығы қол қояды.

      16. Есеп барысында толық көлемде жауаптар мен түсініктемелер берілмеген азаматтардан келіп түскен барлық шағымдар, ұсыныстар мен ескертулер хаттамада тіркеледі және олар бойынша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген тәртіппен тиісті тексеру жүргізіледі.

      17. Полицияның құзыретіне кірмейтін шағымдар, ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жағдайда, олар бастамашыны міндетті түрде хабардар ете отырып, ведомстволық бағыныстылығы немесе аумақтылығы бойынша мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      18. Есептік материалдарды тіркеуді, есепке алуды және сақтауды "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) аумақтық полиция органдарының штаб бөліністері жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 30.01.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Есеп хаттамасының орындалуын бақылау аумақтық полиция органдарының басшылығына жүктеледі.

      20. Есепте азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін марапаттауға рұқсат етіледі.

      21. Есеп беруді өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік тиісті аумақтық полиция органының бастығына жүктеледі.

Об утверждении Правил организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 608. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 августа 2023 года № 33218.

      В соответствии с подпунктом 52-1) пункта 15 Положения о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением.

      2. Штабу Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата и Штаб Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      министр внутренних дел
Республики Казахстан
М. Ахметжанов

  Утвержден приказом
министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 31 июля 2023 года № 608

Правила организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 52-1) пункта 15 Положения о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан".

      2. Отчетом начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции является очное выступление перед населением по информированию граждан о работе департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции (далее – начальники территориальных органов полиции).

      3. При проведении отчетов начальники территориальных органов полиции руководствуются Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан "О правоохранительной службе", "Об органах внутренних дел Республики Казахстан", "О государственных секретах" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок организации и проведения отчетов

      4. Отчеты начальников территориальных органов полиции перед населением проводятся не реже одного раза в год – в первом квартале года, следующего за отчетным периодом с приглашением представителей местного исполнительного органа.

      5. Отчеты начальников территориальных органов полиции осуществляются в целях:

      1) дальнейшего повышения прозрачности, ответственности и подотчетности перед населением;

      2) обеспечения принципа открытости и публичности;

      3) повышения уровня доверия граждан к полиции.

      4) информирования граждан о состоянии профилактики правонарушений, охраны общественного порядка и борьбы с преступностью;

      5) развития системы общественного контроля;

      6) обеспечения взаимодействия с государственными органами, общественными объединениями, организациями и гражданами по предупреждению и раскрытию правонарушений;

      7) правового просвещения граждан в сфере деятельности полиции.

      6. В отчете начальника территориального органа полиции отражаются:

      1) криминогенная ситуация на обслуживаемой территории;

      2) результаты реализации республиканских и региональных программ по борьбе с преступностью и профилактике правонарушений;

      3) основные итоги деятельности полиции по защите прав и свобод граждан, предупреждению, выявлению, раскрытию и расследованию правонарушений;

      4) эффективность принятых мер по обеспечению общественного порядка и дорожной безопасности, профилактике и противодействию преступности;

      5) состояние и результативность работы по противодействию коррупционным проявлениям;

      6) информация о результатах рассмотрения обращений физических и юридических лиц, депутатов маслихатов, государственных органов, а также меры реагирования на публикации в средствах массовой информации о недостатках в деятельности территориального органа полиции;

      7) итоги мониторинга общественного мнения о деятельности территориального органа полиции;

      8) изменения законодательства Республики Казахстан в сфере деятельности полиции;

      9) проблемные вопросы в организации деятельности территориального органа полиции, требующие разрешения на местном уровне;

      10) иные вопросы, требующие рассмотрения в соответствии со складывающейся ситуацией на обслуживаемой территории.

      7. В ходе отчета заслушиваются предложения и замечания граждан, по которым даются соответствующие разъяснения и ответы.

      8. Территориальные органы полиции:

      1) определяют даты проведения отчетов начальников территориальных органов полиции перед населением и утверждают соответствующие графики;

      2) не позднее чем за десять дней до даты проведения отчетных встреч определяют и опубликовывают в региональных средствах массовой информации (периодические печатные издания, теле-радиоканалы, официальные интернет-ресурсы) время и место их проведения, графики и информацию о способах направления вопросов (предложений) населения к предстоящим отчетам.

      9. Место проведения должно соответствовать санитарным и гигиеническим требованиям и вмещать предполагаемое количество участников.

      10. При подготовке отчета используются:

      1) государственная и ведомственная статистическая отчетность;

      2) действующие республиканские и региональные программы по борьбе с преступностью и профилактике правонарушений;

      3) обращения физических и юридических лиц, депутатов представительных органов, общественных советов, представителей общественных организаций, объединений;

      4) результаты изучения общественного мнения о деятельности полиции;

      5) публикации в средствах массовой информации по вопросам деятельности полиции;

      6) сведения о ресурсном обеспечении территориальных органов полиции, в том числе о результатах использования финансовых и иных средств, выделенных местными исполнительными органами на реализацию возложенных на полицию задач по охране общественного порядка и обеспечению общественной безопасности;

      7) иная необходимая информация.

      11. На отчет приглашаются депутаты маслихатов соответствующей административно-территориальной единицы, представители общественности, органов здравоохранения, труда и социальной защиты населения, образования и науки, сельского и жилищно-коммунального хозяйств, организаций и предприятий всех форм собственности, а также средств массовой информации.

      12. Ход проведения отчета фиксируется в протоколе, который составляется секретарем – сотрудником территориального органа полиции.

      13. Протокол отчета в обязательном порядке должен содержать информацию о времени, дате, месте проведения отчета, количестве участников, принятых решениях, а также жалобах, предложениях и замечаниях граждан, поступивших в ходе отчета.

      14. Протокол отчета оформляется непосредственно в день его проведения.

      15. Протокол подписывается секретарем и начальником территориального органа полиции.

      16. Все поступившие жалобы, предложения и замечания граждан, на которые в ходе отчета не даны в полном объеме ответы и разъяснения, фиксируются в протоколе и по ним проводится соответствующая проверка в порядке, установленном Административным процедурно-процессуальным кодексом.

      17. В случае поступления жалоб, предложений и замечаний, не входящих в компетенцию полиции, они направляются по подведомственности или территориальности в государственные органы с обязательным уведомлением инициатора.

      18. Регистрация, учет и хранение отчетных материалов осуществляются штабными подразделениями территориальных органов полиции в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 236 "Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33339).

      Сноска. Пункт 18 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 30.01.2024 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      19. Контроль за исполнением протокола отчета возлагается на руководство территориальных органов полиции.

      20. На отчете допускается проведение награждения граждан, общественных объединений и организаций за их активное участие в обеспечении общественного порядка.

      21. Ответственность за обеспечение общественного порядка и безопасности граждан при проведении отчета возлагается на начальника соответствующего территориального органа полиции.