"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 608 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қаңтарда № 33948 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 608 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33218 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Есептік материалдарды тіркеуді, есепке алуды және сақтауды "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) аумақтық полиция органдарының штаб бөліністері жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады