Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 817 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 тамызда № 33223 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 817 Бұйрықпен
бекітілген

Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 26-бабының 27-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралымәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;

      3) цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;

      4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ АХҚО аккредиттелген өзге де заңды тұлғалар;

2-тарау. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мәліметтерді ұсыну тәртібі

      3. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ АХҚО өзге де қатысушылары, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өткізілген цифрлық активтер және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтермен байланысты әрекет үшін төленген сыйақылар туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жолдайды.

      4. Осы қағидалардың 3-тармағымен қарастырылған мәліметтер уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта (Microsoft Excel форматында) басшысы немесе оның міндетін атқарушының адамның қолы қойылған ілеспе хатпен ұсынылады. Басшының міндетін атқарушы адаммен қол қойылған құжатпен жолданатын мәліметтерге міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың (өкімнің) көшірмесі қоса беріледі.

      5. Уәкілетті орган алынған мәліметтерді салық әкімшілендіру барысында қолданады.

  Цифрлық активтер биржалары,
сондай-ақ "Астана" халықаралық
қаржы орталығының өзге де
қатысушылары
Қазақстан Республикасының
резиденттері цифрлық активтер
биржаларында жүргізген
операциялар және цифрлық
активтерге байланысты қызметті
жүзеге асырудан резиденттер
мен
бейрезиденттерге төленген
сыйақылар туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

20___ жылдың _____ кезеніне Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар туралы мәліметтер

Клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Өткізілетін цифрлық активтің түрі

1

2

3

4





      Кестенің жалғасы

Цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің құны

Цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің саны

Мәміле түрі (сатып алу/сату)

Мәміле жасалған күн

5

6

7

8





      __________________________________                   ____________

      Басшының немесе оның міндетін                              қолы

      атқаратын адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Нысанға
қосымша

Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме

      1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанада цифрлық активтер биржасының клиентінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанада клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

      4-бағанада өткізілетін цифрлық активтің түрі көрсетіледі;

      5-бағанада цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің құны көрсетіледі;

      6-бағанада цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің саны көрсетіледі;

      7-бағанада мәміле түрі (сату/сатып алу);

      8-бағанада мәміле жасалған күн көрсетіледі.

  Цифрлық активтер биржалары,
сондай-ақ "Астана" халықаралық
қаржы орталығының өзге де
қатысушылары
Қазақстан Республикасының
резиденттері цифрлық активтер
биржаларында жүргізген
операциялар және цифрлық
активтерге байланысты қызметті
жүзеге асырудан резиденттер
мен
бейрезиденттерге төленген
сыйақылар туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

20___ жылдың _____ кезеніне цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер

Клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Резиденттік

1

2

3

4





      Кестенің жалғасы

Алынған сыйақы түрі

Алынған сыйақының құны

Алынған сыйақының саны

Сыйақыны алған күні

7

8

9

10





      __________________________________                   ____________

      Басшының немесе оның міндетін                              қолы

      атқаратын адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Нысанға
қосымша

Цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме

      1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанада цифрлық активтер биржасының клиентінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанада клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

      4-бағанада резиденттік көрсетіледі;

      5-бағанада алынған сыйақы түрі көрсетіледі;

      6-бағанада алынған сыйақының құны көрсетіледі;

      7-бағанада алынған сыйақының саны көрсетіледі;

      8-бағанада сыйақыны алған күні көрсетіледі.

Об утверждении Правил представления сведений биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра "Астана" о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 817. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 августа 2023 года № 33223

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2024 в соответствии с пунктом 3 настоящего приказа.

      В соответствии с пунктом 27 статьи 26 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила представления сведений биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра "Астана" о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие c 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Утверждены
приказом Заместитель
Премьер- Министра -
Министр финансов
Республики Казахстан
от 31 июля 2023 года № 817

Правила представления сведений биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра "Астана" о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила представления сведений биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра "Астана" о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 27 статьи 26 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок представления сведений биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра "Астана" о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет;

      2) цифровой актив – имущество, созданное в электронно-цифровой форме с присвоением цифрового кода, в том числе с применением средств криптографии и компьютерных вычислений, зарегистрированное и обеспеченное неизменностью информации на основе технологии распределенной платформы данных

      3)биржа цифровых активов – цифровая платформа, осуществляющая организационное и техническое обеспечение торгов, выпуска, обращения и хранения цифровых активов;

      4) участники Международного финансового центра "Астана" – юридические лица, зарегистрированные в соответствии с действующим правом Международного финансового центра "Астана" (далее - МФЦА), а также иные юридические лица, аккредитованные МФЦА.

Глава 2. Порядок представления сведений биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра "Астана"

      3. Биржи цифровых активов, а также иные участники МФЦА не позднее 15 числа второго месяца, следующего за отчетным кварталом, представляют в уполномоченный орган сведения о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами, по форме согласно приложениям 1 и 2 к настоящим Правилам.

      4. Сведения, предусмотренные пунктом 3 настоящих Правил, представляются в уполномоченный орган на электронном носителе (в формате Microsoft Excel) с сопроводительным письмом, которое подписывается руководителем либо лицом, его замещающим. При направлении сведений, за подписью лица, замещающего руководителя к письму прилагается копия приказа (распоряжения) о возложении обязанностей.

      5. Уполномоченный орган полученные сведения использует в ходе осуществления налогового администрирования.

  Приложение 1
к Правилам представления сведений
биржами цифровых активов,
а также иными участниками
Международного финансового
центра "Астана"
о проведенных Резидентами
Республики Казахстан
операциях на биржах цифровых
активов и выплаченных
вознаграждениях резидентам и
нерезидентам от осуществления
деятельности, связанной с
цифровыми активами
  Форма

Сведения о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов за период ______ 20___ год

Индивидуальный идентификационный номер/ бизнес идентификационный номер клиента

Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Вид реализуемого цифрового актива

1

2

3

4





      Продолжение таблицы

Стоимость

Количество

Вид сделки (покупка/продажа)

Дата совершения сделки

5

6

7

8





      ____________________________________       ____________
      фамилия, имя, отчество (при его наличии)       подпись
      руководителя или лица его замещающего

  Приложение к форме

Пояснение к заполнению сведении о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов

      В графе 1 указывается порядковый номер строки;

      в графе 2 указывается индивидуальный идентификационный номер/бизнес идентификационный номер клиента биржи цифровых активов;

      в графе 3 указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) клиента биржи цифровых активов;

      в графе 4 указывается вид реализуемого цифрового актива на бирже цифровых активов;

      в графе 5 указывается стоимость реализуемого цифрового актива на бирже цифровых активов;

      в графе 6 указывается количество реализуемого цифрового актива на бирже цифровых активов;

      в графе 7 указывается вид сделки (покупка/продажа);

      в графе 8 указывается дата совершения сделки.

  Приложение 2
к Правилам представления сведений
биржами цифровых активов,
а также иными участниками
Международного финансового
центра "Астана"
о проведенных Резидентами
Республики Казахстан
операциях на биржах цифровых
активов и выплаченных
вознаграждениях резидентам и
нерезидентам от осуществления
деятельности, связанной с
цифровыми активами
  Форма

Сведения о выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами за период ______ 20___ год

Индивидуальный идентификационный номер/ бизнес идентификационный номер клиента

Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Резидентство

1

2

3

4





      Продолжение таблицы

Вид полученного вознаграждение

Стоимость

Количество полученного вознаграждения

Дата получения вознаграждения

5

6

7

8





      ____________________________________       ____________
      фамилия, имя, отчество (при его наличии)       подпись
      руководителя или лица его замещающего

  Приложение к форме

Пояснение к заполнению сведении о выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами

      В графе 1 указывается порядковый номер строки;

      в графе 2 указывается индивидуальный идентификационный номер/бизнес идентификационный номер клиента биржи цифровых активов;

      в графе 3 указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) клиента биржи цифровых активов;

      в графе 4 указывается резидентство;

      в графе 5 указывается вид полученного вознаграждения;

      в графе 6 указывается стоимость полученного вознаграждения;

      в графе 7 указывается количество вознаграждения;

      в графе 8 указывается дата получения вознаграждения.